Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық соттың нормативтік қаулылары / Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы.

       Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру және тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы мәселелер бойынша Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстері нормаларының дұрыс әрі біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру және жаза мерзімін қысқарту кешенді құқықтық институт болып табылады. Оларды қолдану мәселелері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі — ҚК) 72, 73, 86 және 87-баптарымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі — ҚПК) 476, 477, 478 және 480-баптарымен және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі — ҚАК) 161, 162 және 169-баптарымен белгіленген тәртіппен шешіледі.

ҚК-нің 72-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацы сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзімінің заңмен көзделген бөлігін өтеген және оны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамға соттың шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мүмкіндігін бекітетініне соттардың назары аударылсын.

       ҚК-нің 72-бабы бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолданудың арнайы шарттарын көздейді.

       Егер сот сотталған адамның жазаның заңмен көзделген мерзімін нақтылы өтеумен қатар жазаны өтеу режимін қаскөйлікпен бұзбағанын және қылмыспен келтірілген залалды толық көлемде өтегенін анықтаса, онда ол ҚК-нің 72-бабы бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес қандай да бір қосымша шарттарсыз шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға жатады.

       Сотталған адамды осы екі шарттың ең болмағанда біреуі болмаған кезде шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені ҚК-нің 72-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацында бекітілген қағидаларға сәйкес сот шешеді.

       ҚК-нің 72 және 73-баптарына қатысты қылмыспен келтірілген және өтелуге жататын залалға қылмыспен тікелей келтірілген залал да, сот үкімімен немесе сот шешімімен сотталған адамнан өндіріп алынған өзге де сомалар, жатады.

      Сотталған адамның өтеуіне жататын қылмыспен келтірілген залалдың мөлшері сот үкімімен, сонымен қатар қылмыстық істен туындайтын азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қабылданған заңды күшіне енген шешіммен белгіленеді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      2-1. Сотталған адам ҚПК-нің 621-бабының екінші бөлігінде көрсетілген процестік келісімнің барлық шартын орындаған және нәтижелер басталған жағдайда ғана ҚК-нің 72-бабы үшінші бөлігінің 5) тармағының негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Сотталған адамның шартты түрде мерзімінен бұрын босату не жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы өтінішхатын өзінің өндірісіне қабылдау туралы мәселені шешу кезінде сот оның оған заңмен қойылатын талаптарға (ҚАК-тің 162-бабының бірінші, үшінші, тоғызыншы бөліктеріне және ҚПК-нің 480-бабының екінші бөлігіне) сай келетін-келмейтінін және ұсынылған материалдарда сотталған адамның тәртібін, оның жазаны өтеудің бүкіл уақыты ішінде еңбекке және оқуға көзқарасын, сотталған адамның жазасын өтеуге негіз болып табылатын құжаттар көшірмелерінің бар-жоғын, сондай-ақ жаза мерзімінің заңмен белгіленген бөлігін өтеу туралы мәліметтердің болуын тексеруі керек.

      Егер ұсынылған материалдардың ішінде өтінішхатты қарау үшін жеткілікті деректер жоқ болса және оларды сот отырысы барысында толықтыру мүмкін болмаса, судья материалдарды қарауға дайындау барысында осы материалдарды тиісінше ресімдеу үшін өзінің қаулысымен кері қайтарады.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату не жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы мәселені қарау кезінде сотталған адамның, қорғаушының, жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, прокурордың сот отырысына қатысуы міндетті, сондай-ақ жәбірленуші не оның өкілі қатысуға құқылы. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және олардың өкілдерінің келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі болмайды.

      Сот оларға өтінішхаттың қаралатын күні, уақыты мен орны туралы тиісінше хабарлауға міндетті.

      Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның лауазымды адамы жазаны орындайтын осы мекеме немесе орган бастығының сенімхаты болған кезде сотта өкіл бола алады. Осы лауазымды адамның сот қаулысына шағым беруге құқығы жоқ. Қаулыға шағым беру құқығы сотталған адамға, жәбірленушіге және олардың заңды өкіліне, қорғаушыға тиесілі, ал прокурор наразылық келтіруге құқылы.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру сотталған адамға тиісінше ҚК-нің 72-бабының үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде, 73-бабының екінші бөлігінде, ал кәмелетке толмаған сотталған адамдарға 86-бабының бірінші бөлігінде, 87-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерді өтегеннен кейін ғана қолданылады.

Сотталған адамның нақтылы өтеген мерзімін есептеу кезінде адамның үкім шығарылғанға және ол заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұсталған уақыты қосылады. Егер көрсетілген мерзімдерді жазаның жалпы мерзіміне есепке алу туралы шешім сот үкімінде немесе үкімді орындау тәртібімен шығарылған сот қаулысында көрсетілмесе, онда сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде ҚК-нің 62-бабы үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің талаптарына сәйкес өз қаулысында осындай есепке алу туралы қаулы шығарады.

       Шартты түрде мерзімінен бұрын босату ҚК-нің 72-бабының сегізінші бөлігінде көрсетілген сотталған адамдарға қолданылмайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Сотталған адамның жазасы рақымшылық немесе кешірім жасау актісімен не жоғары тұрған соттың қаулысымен жеңілдетілген жағдайларда, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолданған немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырған кезде сот жазаның нақты өтелген бөлігін рақымшылық актісімен немесе кешірім жасау актісімен не жоғары тұрған соттың қаулысымен белгіленген жазаны негізге ала отырып есептеуге тиіс.

Егер адам ауырлығы әр түрлі санаттағы құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін үкімдер жиынтығы не қылмыстар жиынтығы бойынша сотталса, онда жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде сот ҚК-нің 72-бабының үшінші бөлігінде, 73-бабының екінші бөлігінде, 86-бабының бірінші бөлігінде көзделген қағидалар бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруды қолдану мүмкін болатын жазаны нақтылы өтелгеннен кейін жиынтыққа кіретін неғұрлым ауыр қылмысқа қатысты есептегені жөн. Бұл ретте сотталған адам өтеген жаза мерзімін және сотталған адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған мерзімді не жазаны неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру мерзімін арифметикалық есептеуді қылмыстардың жиынтығы не үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалған түпкілікті жазаны негізге ала отырып жүргізу қажет.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

Сотталған адамның ҚК-нің 72-бабының үшінші, төртінші және алтыншы бөліктеріне, 73-бабының екінші бөлігіне, 86-бабының бірінші бөлігіне және 87-бабының бірінші бөлігіне сәйкес заңмен көзделген жаза мерзімінің бір бөлігін нақтылы өтеуі шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру үшін сөзсіз негіз бола алмайды.

      Шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде соттар жеке көзқараспен қарауды қамтамасыз етіп, өтінішхатта және өзге де материалдарда келтірілген мәліметтердің жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру үшін жеткіліктілігін әрбір талқылау кезінде анықтауға, яғни сотталған адамның тәртібіндегі оң өзгерістерді бағалауға тиіс.

      Соттар сотталған адамның тәртібіне баға беру кезінде олардың ішкі тәртіп қағидасын сақтауын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің (бұдан әрі – мекеме) талаптарын орындауын, тәрбиелік сипаттағы іс-шараларға және мекеменің қоғамдық өміріне қатысуын, көтермелеулерді, жазаларды, туған-туыстарымен және сотталған адамдармен қарым-қатынасты сақтауын, оқуға көзқарасының оң немесе теріс бағытын, залалды өтеуін, жеңіл тұрмыстық жағдайға ауыстыруды және сотталған адамның түзелгенін айғақтайтын басқа да мән-жайларды ескеруге тиіс.

      Соттың сотталған адамның түзелгені туралы тұжырымы өтінішхатты дәл қарау алдындағы уақыт ішіндегі ғана емес, сонымен бірге үкім шығарылғанға дейін қамауда ұсталған уақытын қоса есептегенде оның мекемеде болған бүкіл кезең ішіндегі тәртібі туралы деректерді жан-жақты ескеруге негізделуге тиіс.

       ҚАК-тің 130-бабында белгіленген талаптардың дұрыстығы соттардың жеке іс материалдарын мұқият зерттеуінің негізінде анықталады.

      Сотталған адамға жазаны бүкіл өтеу кезеңі ішінде қолданылған жазалар, алынып тасталған немесе жойылған жазадан басқа, оны сипаттайтын басқа да деректермен бірге соттың бағалауына жатады.

      Сотталған адамның түзелу дәрежесін зерттеу кезінде оған қолданылған тәртіптік жазаның әрбір фактісін осы бұзушылықтардың қаскөйлікпен жасалуы тұрғысынан зерделеу қажет.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Қылмыспен келтірілген зиян (материалдық залал және моральдық зиян) сотталған адамның мүгедектігі немесе оның ауырғаны жұмысқа орналасуға кедергі болуы және т.б. сияқты объективті себептерге байланысты азаматтық талап бойынша өтелмеген жағдайларда, соттың тек осы негіздер бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудан бас тартуына негіз болмайды.

      Сонымен қатар сотталған адамның қылмыспен келтірілген зиянды өтеуден жалтаруының (мүлікті, кірістерді жасырып қалу, жұмыстан жалтару жолымен және т.б.) анықталған фактілері басқа да мән-жайлармен қатар шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруға кедергі болуы мүмкін.

ҚПК-нің 480-бабы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес, сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені сотталған адамның міндетті түрде қатысуымен қарайды және сот ҚПК-нің 480-бабы жетінші бөлігінің 3) тармағына сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту кезінде жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы шешімді сотталған адамның тиісті өтінішхаты болған кезде кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін соттың сол отырысында қабылдауға құқылы.

      Сотталған адамның қарсылығы болған кезде сот жазаның өтелмеген бөлігін жазаның басқа неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыруға құқылы емес.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруды дұрыс қолданбау жағдайлары да, сотталған адамды жазаны одан әрі өтеуден босатудан негізсіз бас тарту және тағайындалған жаза мерзімін толық өтеуді қажет етпейтін сотталғандарға қатысты жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру да орын алмауға тиіс.

      Соттар тағайындалған жазаның жеңілдігі, сотталған адамның сол мекемеде аз ғана уақыт болуы, бұрын сотталуы, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазаны өтеуі және т.б. сияқты заңда көрсетілмеген себептер бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартуға құқылы емес.

Сотталған адам сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату не жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда қаулы заңды күшіне енгеннен кейін қамаудан босатылуға жатады. Жазаның өтелмеген бөлігі сотталған адам қамаудан нақтылы босатылған сәттен бастап есептеледі. Сот қаулысының көшірмесі жазаны орындайтын мекемеге немесе органға, сондай-ақ үкім шығарған сотқа дереу жіберілуі керек.

Егер сот үкімімен негізгі жазамен қатар қосымша жаза тағайындалса, негізгі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату не жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы мәселені қарау кезінде, соттар сотталған адамды қосымша жазадан да толық немесе ішінара босату мүмкіндігі туралы мәселені талқылауға тиіс.

      Егер қосымша жаза орындалса (айыппұл өндірілсе, адам арнайы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, мемлекеттік наградалардан айырылса), сотталған адамды осы қосымша жазадан босату туралы мәселе шешілуге тиіс емес. Қосымша жаза ішінара орындалған кезде (айыппұлдың бір бөлігі өндірілсе) сот адамды қосымша жазаның қалған бөлігінен ішінара немесе толық босату туралы мәселені шешуге құқылы. Қосымша жаза (мысалы, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру) орындалмаған жағдайларда, сот сотталған адамды одан толық немесе ішінара босатуға құқылы. Соттың осы мәселе бойынша шешімін қаулының қарар бөлігінде көрсету қажет.

       ҚК-нің 72 және 73-баптарының ережелерін қолданған кезде адамдар белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жазадан босатылмайды.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылданған жағдайда сот сотталған адамға ҚК-нің 72-бабының жетінші бөлігінің ережелерін түсіндіруге тиіс.

      Сот шешімі қаулы түрінде шығарылады, ол уәжді болуға және сот өтінішхатты қараудың нәтижесінде келген тұжырымдар жан-жақты негізделуге тиіс.

Сот уәкілетті мемлекеттік органның ұсынымымен ғана ҚК-нің 72-бабы жетінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген негіздер бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоя алады.

       ҚК-нің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес, қылмысты абайсызда жасаған, сол сияқты жүктi әйел, жас балалары бар әйел, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркек, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйел, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркек, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар абайсызда қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес қасақана қылмыс жасаған жағдайларда, жаңа қылмыс үшін жаза тағайындау кезiнде шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою не оны күшінде қалдыру туралы мәселенi сот шешедi.

      Осы норма сотқа көрсетілген мән-жайлар болған күннің өзінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою құқығын береді, бірақ міндеттемейді.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Сот сотталған адамға жүктеген, ҚК-нің 44-бабының екінші бөлігінде және ҚАК-тің 169-бабының сегізінші бөлігінде көзделген, міндеттерден қаскөйлікпен жалтару деп сотталған адамның тәртібін бақылайтын орган шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюдың мүмкін екендігі туралы жазбаша ескерту шығарғаннан кейін міндеттердің қайталап орындалмауын түсіну қажет. Сонымен қатар, сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарудың қаскөйлікпен жалтару болып табылатын-табылмайтыны туралы мәселе әрбір нақтылы жағдайда оның ұзақтығы мен жалтару себептері, сондай-ақ басқа да мән-жайлар ескеріле отырып шешілуге тиіс.

      Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның сот жүктеген міндеттерді оларды орындауға кедергі болатын объективті себептер бойынша, мысалы, ауыруы салдарынан орындамауы шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға негіз болмайды.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою кезінде, егер адам қосымша жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған болса, онда тек негізгі жазаның ғана емес, сонымен бірге қосымша жазаның өтелмеген бөлігі орындалуға жатады.

      ҚК-нің 72-бабы жетінші бөлігі 1) тармағының негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған жағдайда, сотталған адамға бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігін өтеуге ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі белгіленеді.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Сот Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері жоқ шетел азаматына қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату не жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтінішхатты қараған кезде, сотталған адамды сипаттайтын басқа да мәліметтермен қатар шетел мемлекетінің аумағында шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезеңінде орындауға жататын, сотталған адамның тәртібін бақылауды жүзеге асыру және оларға пробациялық бақылау жасау үшін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда үкімді сотталған адамды беру туралы қол жеткізілген келісімнің үкімнің азаматтық талап бөлігін орындау кепілдіктерінің сотталған адам немесе шетел мемлекеті тарапынан болғанын не болмағанын айғақтайтын деректер де бағалауға жатады.

      Сот Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді тағайындаған шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезінде ҚК-нің 72-бабының екінші бөлігіне сәйкес пробациялық бақылау қосымша жаза ретінде белгіленбейді.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасы жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылған адам одан кейін ҚК-нің 72-бабының негізінде жаңа жазаның неғұрлым жеңіл түрін өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

      ҚК-нің 72-бабы екінші бөлігінің мағынасы бойынша адамды бас бостандығын шектеу түріндегі жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезінде пробациялық бақылау белгіленбейді.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

ҚК-нің 73-бабына сәйкес, онша ауыр емес, ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар үшін тағайындалған бас бостандығынан айыру мерзімінің өтелмеген бөлігі сотталған адамның тәртібі ескеріле отырып оған ҚК-нің 40-бабында көрсетілген жазаның неғұрлым жеңіл түрі: айыппұлмен, бас бостандығын шектеумен ауыстырылуы мүмкін.

       Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған сотталған адамның жазасының өтелмеген бөлігін сот, ҚК-нің 87-бабына сәйкес, тек бас бостандығынан шектеумен ауыстырады.

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жазаның өтелмеген бөлігі Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберумен немесе онсыз, айыппұлға ғана ауыстырылуы мүмкін.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Сот өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан не жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырудан сот бас тартқан адамның ҚАК-тің 162-бабының оныншы бөлігінде белгіленген мерзімнен бұрын қайтадан өтінішхатпен жүгінгенін анықтап, өтінішхатты қабылдаудан бас тарту туралы қаулы шығарады және оны сотталған адамға кері қайтарады. Осы ретте, заңда көрсетілген алты айлық мерзім жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы қаулы шығарылған күннен бастап есептелуге тиіс.

ҚК-нің 72-бабының жетінші бөлігіне сәйкес, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою сотталған адамға жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қайтадан қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды. Мұндай жағдайларда сот сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою фактісін ғана негізге алып қоймай, сонымен бірге оның жеке басы туралы барлық деректерді, түзеу мекемесіне қайта оралғаннан кейін онда болу уақыты, оның тәртібі, еңбекке көзқарасы және т.б. жинақтап ескеруге тиіс.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту туралы ҚПК-нің 621-бабының үшінші бөлігіне сәйкес енгізген өтінішхатты қарау кезінде соттар сотталған адаммен процестік келісім жасау кезінде ҚПК-нің 618-бабының екінші бөлігінің сақталғанын, сотталған адамның ынтымақтастық туралы процестік келісім нысанасына жататын қылмыстарды ашуға, қылмыстық топтың құрамында аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды жасаған адамдарды әшкерлеуге көмектескен-көмектеспегенін және кінәлі адамдарға қатысты заңды күшіне енген айыптау үкімінің бар-жоғын анықтауға тиіс. Осы ретте сот жазаның өтелмеген бөлігін тек қана жартысынан аспайтын мерзімге қысқартуы мүмкін.

"Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулысының күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының Төрағасы                                    Қ.Мәми

      Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының судьясы,

жалпы отырыс хатшысы                                          Қ.Шаухаров

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

Жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру

Жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыруҚІЖК-нің 480-бабының 2-бөлігіне сәйкес жазаны орындайтын мекеме не...

Толық оқу »

72-бап. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

72-бап. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Егер сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеу...

Толық оқу »

86-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

86-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған...

Толық оқу »

70-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату

70-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату 1. Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу...

Толық оқу »

84-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату

84-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату Жазасын өтеуден шартты тү...

Толық оқу »

63-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

63-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы 1. Бас бостандығынан айыру түріндегі ж...

Толық оқу »

173-бап. Жазасын өтеуден босатылған, туберкулезбен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп ем қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

173-бап. Жазасын өтеуден босатылған, туберкулезбен ауыратын адамдарға мәжбүрлеп ем қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      Ескерту. 173-баптың...

Толық оқу »

Бас прокуратураға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жазасын өтеуді жалғастыру туралы Адвокаттық сұрау салу

Бас прокуратураға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жазасын өтеуді жалғастыру туралы Адвокаттық сұрау салуҚазақстан Республикасының Бас прокуратурасынаадвокат Саржанов Ға...

Толық оқу »

162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару ко...

Толық оқу »

83-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу орындары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

83-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу орындары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 1. Сотталғандар қамаққа алу түріндегі жазасын сотталған жеріндегі арнаулы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы ҚК 74-бабын қолдану және жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы өтінішхат

Қазақстан Республикасы ҚК 74-бабын қолдану және жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы өтінішхатТүрксіб аудандық сотынаАлматы қаласысотталған адамнанЛ К ,08.09.1986 ж. т.ЕҰУ-да...

Толық оқу »

Жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы шартты бекіту туралы

Жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы шартты бекіту туралыҚаза...

Толық оқу »

74-бап. Жүктi әйелдердiң және жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

74-бап. Жүктi әйелдердiң және жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру ҚР ҚК,...

Толық оқу »

165-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

165-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен...

Толық оқу »

103-бап. Жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Бір орташа қауіпсіз немесе қауіпсіздігі барынша жоғары мекеменің шегінде, сондай-ақ...

Толық оқу »

Жазаны өтеуден УДО туралы өтініштерді қарау кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын сақтау мәселелері

Жазаны өтеуден УДО туралы өтініштерді қарау кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын сақтау мәселелеріҮкімнің орындалуына байланысты мәселелерді шешу тәртібін регламент...

Толық оқу »

Жазадан босату және жазаны өтеуді ауыр мән-жайлардың туындауына байланысты кейінге қалдыру

Жазадан босату және жазаны өтеуді ауыр мән-жайлардың туындауына байланысты кейінге қалдыру🔷 1. 76-баптың жалпы сипаттамасыАталған норма жазаны орындаудың жалпы тәртібінен ере...

Толық оқу »

Жаза өтеу мекемесін тағайындау Бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінің режимін тағайындау

Жаза өтеу мекемесін тағайындау Бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінің режимін тағайындауШымкент қаласы Абай аудандық сотының 2...

Толық оқу »

145-бап. Толық қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

145-бап. Толық қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар толық қауіпсіз мек...

Толық оқу »

Бас еркінен айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін беру туралы конвенцияны бекіту туралы

Бас еркінен айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін беру туралы конвенцияны бекіту туралыҚазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 432-I Заңы      Мәс...

Толық оқу »

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық теріс қылық немесе...

Толық оқу »

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілді

Қылмыстардың қайталануын тану Сотталғанның әрекетінде қылмыстардың қайталануын танымағандықтан, сонымен қатар жаза өтеу мекемесін дұрыс анықтамағандықтан сот үкімі өзгертілдіА...

Толық оқу »

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оны...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазаcын одан әрі өтеу үшін беру туралы шартқа қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазаcын одан әрі өтеу үшін беру туралы шартқа қол қою туралыҚазақста...

Толық оқу »

427-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

427-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Бас бостандығынан айыру орнынан тысқары жерге қысқа мерз...

Толық оқу »

97-бап. Жазаны өтеу режимінiң негiзгi талаптары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

97-бап. Жазаны өтеу режимінiң негiзгi талаптары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі1. Сотталғандарды күзету мен оқшаулауды, оларды үнемі қадағалауды; оларға жүк...

Толық оқу »

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуір N 7 нормативтік қаулысы.

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 ж...

Толық оқу »

607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы өтiнiшхатты қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орында...

Толық оқу »

Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге және жас балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдарға жаза өтеуді кейінге қалдыру

Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге және жас балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдарға жаза өтеуді кейінге қалдыру🔹 1. Мақаланың құқықтық табиғаты мен мақсатыҚР...

Толық оқу »

130-бап. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

130-бап. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі1. Осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген...

Толық оқу »

54-бап. Сотталған адамның түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

54-бап. Сотталған адамның түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Сотта...

Толық оқу »

72-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге жазасын өтеуді кейінге қалдыру

72-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге жазасын өтеуді кейінге қалдыру 1. Сотталған жүкті әйелдер...

Толық оқу »

602-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды –жазасын өтеу үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін өздері азаматы болып табылатын мемлекетке беру негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

602-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды –жазасын өтеу үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін өздері азаматы болып табы...

Толық оқу »

56-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

56-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу орнындағы ұйым әкімшілігінің міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Түзеу жұмыстары түріндегі жаза...

Толық оқу »

25-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

25-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      Жазаны орындайтын мекеменiң немесе органның әкiмшiлiгi сотталған адамның жаза...

Толық оқу »

Жазаны өтеу тәртібін сақтау және мәжбүрлі еңбек бөлігінде сот үкімін орындау сотталған адамның міндеті болып табылады

Жазаны өтеу тәртібін сақтау және мәжбүрлі еңбек бөлігінде сот үкімін орындау сотталған адамның міндеті болып табыладыҚК 72-бабының ережелері бас бостандығын шектеуге сотталған...

Толық оқу »

86-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

86-бап. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Сотталғандардың осы Кодекстің 10-бабында көрсетілген құқықтары...

Толық оқу »

68-бап. Сотталған адамның бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

68-бап. Сотталған адамның бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1...

Толық оқу »

64-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу мерзiмiн есептеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

64-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу мерзiмiн есептеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу мерз...

Толық оқу »

170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару коде...

Толық оқу »

66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

66-бап. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазасын өтеп жүрген с...

Толық оқу »

53-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

53-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Түзеу жұмыстарына сотталған адам:      1) осы Кодексте белгіл...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы жазасын одан әрі өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды беру туралы шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы жазасын одан әрі өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды беру туралы шартты бекіту туралыҚазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

150-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

150-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Кәмелетке толмаған...

Толық оқу »

136-бап. Орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

136-бап. Орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақхана...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы шартқа өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы...

Толық оқу »

138-1-бап. Әйелдерді ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

138-1-бап.Әйелдерді ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 1.Жазасын дағдылы жағдай...

Толық оқу »

65-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамды жазаны өтеу орнына жiберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

65-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамды жазаны өтеу орнына жiберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөл...

Толық оқу »

74-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

74-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны өтеу шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі    ...

Толық оқу »

75-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату

75-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату 1. Қылмыс жасағаны үшін сот...

Толық оқу »

77-бап. Айыптау үкiмiнің ескіру мерзімінің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

77-бап. Айыптау үкiмiнің ескіру мерзімінің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Қылмыстық құқық бұзушылық үшiн сотталға...

Толық оқу »

Жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, сондай-ақ жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот практикасы

Жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, сондай-ақ жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот практикасыҚазақстан Республикасы Жо...

Толық оқу »