169-бап. Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын пробациялық бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамның мінез-құлқын бақылауды оның тұрғылықты жерiндегі iшкi iстер органдарының полиция қызметкерлері қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамды тиiсiнше бақылауды қамтамасыз ету және оның тұрған жерi туралы ақпарат алу үшiн iшкi iстер органдарының полиция қызметкерлері тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекітетін электрондық бақылау құралдарын қолдануға құқылы.
Электрондық бақылау құралдарын қолдану өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға міндетті болып табылады.
Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Ішкі істер органдары шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдарды жазасының қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде дербес есепке алуды жүзеге асырады, оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуын бақылайды.
3. Егер шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылған адам жазасының қалған өтелмеген бөлігі ішінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, сол үшін оған әкімшілік жаза қолданылған болса немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан қаскөйлікпен жалтарған болса, қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде қайталап қылмыс жасаса, сотқа дейінгі іс жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 65-бабы бірінші бөлігінің, 68-бабы бірінші және үшінші бөліктерінің, 78-бабы екінші және төртінші бөліктерінің негізінде тоқтатылған жағдайда, ішкі істер органы сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазасының қалған өтелмеген бөлігін орындау туралы ұсыну жібереді.
4. Ішкі істер органдары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды есепке қойғаннан кейін:
1) оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның жергілікті атқарушы органдарға келуін қамтамасыз етеді;
2) сот қаулысының көшірмесін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
5. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 6. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам өзіне әлеуметтік-құқықтық көмек ұсынылуы үшін жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарға жүгінуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
8. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам:
1) мекемеден босатылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркеуден өтуге;
2) өзі есебінде тұрған ішкі істер органына айына кемінде бір рет өзінің мінез-құлқы туралы есеп беру үшін келіп тұруға;
3) ішкі істер органдары айқындаған уақытта тұрғылықты жерін тастап кетпеуге;
4) ішкі істер органдарын жазбаша хабардар етпестен тұрақты тұрғылықты жерін, жұмыс пен оқу орнын ауыстырмауға;
5) ішкі істер органдары айқындаған орындарға жұмыс пен оқудан бос уақытта бармауға;
6) ішкі істер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпауға;
6-1) негізгі жазаны толық өтегенге және пробациялық бақылау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге;
6-2) алкогольдік ішімдіктерді, сондай-ақ медициналық емес мақсаттарда есірткі мен психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынбауға;
7) жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірілген залалдың немесе мемлекетке келтірілген материалдық залалдың орнын толтыру жөнінде шаралар қолдануға;
8) ішкі істер органдарының талап етуі бойынша түсініктеме және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның мінез-құлқына бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.
9) алып тасталды - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
9. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда, ішкі істер органдары оның тұрған жерін және жалтару себептерін анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргізеді.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұратын жері анықталмаған жағдайда, ішкі істер органдары сотқа оған іздестіру жариялау туралы не бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыну енгізеді.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы