29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталар Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы
1. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi - жануарлар дүниесi объектілерін олардың табиғи өсiмi мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берiлетiн шектi көлемi.
Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi жануарлар дүниесі объектілерінің санын есепке алу, оларды және олар мекендейтін ортаны мониторингтеу, ғылыми зерттеулер материалдарының негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалады және оны уәкілетті орган немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган құзыреті шегінде бекiтедi.
Бiрнеше мемлекеттердiң аумақтары бойымен өрiс аударатын немесе мемлекетаралық маңызы бар су айдындарын мекендейтiн жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi халықаралық шарттардың негiзiнде, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиті ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап келесі жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезеңге белгіленеді.
Аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленеді.
2. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін, балық аулау объектілерін қоспағанда, аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитiнің бір бөлігі аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квотасы болып табылады.
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері белгілейтін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимитінің бөлігі балық аулау объектілерін алып қою квотасы болып табылады.
Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде немесе көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығында ихтиофаунаны алмастыру үшін жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы.
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы