28-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы
1. Қоғамдық инспекторлардың:
1) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы бұзушылықтарды аудио, фото және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге және тиісті материалдарды мемлекеттік органдарға жіберуге;
2) Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың алдын алуда және оларды анықтауда мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге;
3) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту жөніндегі жұмысқа қатысуға құқығы бар.
2. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың:
1) мемлекеттік органдардан өздерінің жарғылық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға қажетті ақпарат алуға;
2) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге;
3) жануарлардың қажеттеріне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторларға және коммерциялық емес ұйымдарға Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жануарларды уақытша ұстау пункттерінің, жануарларға арналған панажайлардың және жануарларға қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың аумағы мен үй-жайларына қолжетімділік қамтамасыз етілуге тиіс.
Осы Заң жануарларды қорғау, оларға қарау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарларға қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 мамырдағы № 292-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы