Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы 

  1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:

      1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;

      2) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;

      3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде аң аулау және балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;

      4) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) жануарлар дүниесін пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;

      6) белгіленген сервитутқа сәйкес аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждарына арналған уақытша құрылыстар салуға;

      6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қарумен қамтамасыз етуге;

      7) аң-құс өсіруді жүзеге асыруға және аң-құс (еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда) өсіру үшін бөлінген аумақта әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізуге, сондай-ақ аң-құс өсіру нәтижесінде өсімі молайған жануарларды өз бетінше пайдалануға;

      8) балық аулауды жүргізу үшін өздеріне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) олардың учаскелеріне ауыстыруға;

      9) биологиялық негіздеме болған кезде балық аулауды жүргізу үшін өзіне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыруға құқығы бар.       ЗҚАИ-ның ескертпесі!      9) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:

      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;

      2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға;

      3) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;      4) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) дүлей зілзалалардың еңсерілмейтін салдарынан ластану жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген экологиялық талаптарды сақтау арқылы жануарлар мекендейтін ортаның нашарлауына жол бермеуге;

      6) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездiкке жол берiлмейтiн тәсiлдермен пайдалануға;

      7) аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін жануарлар дүниесiнің пайдаланылған объектiлерiнiң санын жыл сайын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге;

      7-1) уәкілетті органға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсынуға;

      7-2) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсынуға;

      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауіпі төнгендерiн қорғау мен олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының табиғи ауытқудан тыс азаюына жол бермеуге;

      9) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;

      10) осы Заңның 49-бабына сәйкес жүргiзiлетiн, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылау және қадағалау мақсатында тексерудi жүзеге асыруға кедергi жасамауға;

      11) мыналарды жүзеге асыру үшін:

      бақылау үшін аулауды – балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне;

      ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;

      әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке адамдарға;

      әуесқойлық (спорттық) аң аулауды – жеке адамдарға сервитут беруге;

      12) ғылыми ұсынымдар негізінде бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізуге;

      13) аншлагтар орнатуға;

      14) әрбір балық қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға;

      15) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ведомствоның аумақтық бөлімшесіне жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған шарттар туралы, оның ішінде оларды бұзу туралы ақпарат жіберуге;

      16) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге;

      17) қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;

      18) қорықшыларды көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төс белгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;

      19) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

      20) жеке тұлғаларға олардың ауызша, жазбаша немесе электрондық өтініштері бойынша қағаз немесе электрондық түрде әуесқойлық (спорттық) аң аулауға және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;

      21) аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін бекітуге;

      22) зоологиялық коллекцияны жасау туралы уәкілетті органның ведомствосына хабарлауға;

      23) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін сақтауға;

      24) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес балық жіберуді жүргізуге міндетті.

      25) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Өтініш берушілер уәкілетті органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына хабарламалар беруді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен қызметтің немесе әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.

      3. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн өздерiнiң мәдени және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн пайдалануға құқығы бар.

      4. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде:

      1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын сақтауға;

      2) дүлей зілзалалардың еңсерілмейтін салдарынан ластану жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген экологиялық талаптарды сақтау арқылы жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;

      2-1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнiндегі өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.

      5. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiне мемлекеттiк органдар, лауазымды адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз араласуға тыйым салынады.

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы. 

Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы