632-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Төлеушілер төлемақы сомасын белгіленген мөлшерлемелерді және жануарлардың санын немесе салмағын (су жануарларының жекелеген түрлері үшін) негізге ала отырып есептейді.
Қазақстан Республикасында аң аулауды жүргізу кезінде шетел азаматтары үшін төлемақы сомасын есептеу кезінде белгіленген мөлшерлемелерге 10-ға тең коэффициент қолданылады.
2. Төлемақы сомасы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді. Төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақыны қоспағанда, рұқсат алынғанға дейін банк ұйымдары арқылы аудару жолымен жүргізіледі.
Кәсіпшілік балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу бюджетке төленуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылғы кәсіпшілік балық аулау объектілерін алып қою квоталары бойынша айлық есептік көрсеткіштің 350 еселенген мөлшерінен астам сомада асып кеткен кезде мынадай мерзімдерде үлестермен жүргізіледі:
ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 20 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы;
квота берілген жылдан кейінгі жылдың 25 маусымына дейін – ағымдағы жылы берілген жалпы квотаның 40 пайызы.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
632-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация декларацияны тапсыру бойынша міндеттеме туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінің ережелері:
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымдарға, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар мен олардың жұбайлары;
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болуға ниет білдірген тұлғалар ретінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын тұлғаларға қолданылмайды.
Ескерту. 632-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы