30-бап. Өтпелі ережелер Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы
1. Осы Заңның 7-бабы 2) тармақшасының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"2) жануарларды жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде, контактілі зоопарктерде, жылжымалы хайуанаттар бақтарында ұстау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".
2. Осы Заңның 18-бабы 3-тармағының қолданысы 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"3. Егер жануарларды ұстау, тасымалдау олардың тіршілігі мен саулығына зиян келтірмей, биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермесе, жануарларды жылжымалы хайуанаттар бақтарында, ауыл шаруашылығы жануарларының және үй жануарларының көрмелерін қоспағанда, жылжымалы жануарлар көрмелерінде, сондай-ақ дельфинарийлерде, жылжымалы және стационарлық океанариумдарда және контактілі зоопарктерде пайдалануға жол берілмейді.";
2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"3. Егер жануарларды ұстау, тасымалдау олардың тіршілігі мен саулығына зиян келтірмей, биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермесе, жануарларды дельфинарийлерде, стационарлық океанариумдарда пайдалануға жол берілмейді.".
3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған жылжымалы хайуанаттар бақтары, контактілі зоопарктер, жылжымалы океанариумдар, ауыл шаруашылығы жануарларының және үй жануарларының көрмелерін қоспағанда, жылжымалы жануарлар көрмелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін таратылуға немесе қайта ұйымдастырылуға жатады.
4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған дельфинарийлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін таратылуға немесе қайта ұйымдастырылуға жатады.
5. Көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін осы баптың 3 және 4-тармақтарында аталған, өз қызметін тоқтатпаған және (немесе) өздерінің құрылтай құжаттарын осы Заңның талаптарына сәйкес келтірмеген тұлғалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жүгінуі бойынша сот тәртібімен таратылады.
Осы Заң жануарларды қорғау, оларға қарау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарларға қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. -Исключен Законом Республики Казахстан от 19 мая 2026 года № 292-VIII ЗРК.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы