23-бап. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөніндегі қызмет Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы
1. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөніндегі қызмет:
1) жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларының, оның ішінде жануарлар қоздырғыштарын тасымалдаушы болуы мүмкін, адамға және жануарларға ортақ аурулардың таралуына байланысты жағдайлардың туындауының алдын алу;
2) жеке тұлғалардың денсаулығына және (немесе) мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруді болғызбау;
3) жануарлар дүниесі объектілеріне және олар мекендейтін ортаға залал келтіруді болғызбау;
4) тіршілігі үшін қауіпті жағдайдағы жануарларға көмек көрсету;
5) адасып қалған жануарларды иелеріне немесе жауапты адамдарға қайтару;
6) иесіз жануарлардың санын бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен осы Заңда белгіленген тәртіппен реттеу;
7) иесіз жануарларды Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздер есебінен вакциналау мақсаттарында жүзеге асырылады.
2. Қараусыз қалған және иесіз жануарларға қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі іс-шаралар:
1) аулау қызметтерінің қараусыз қалған және иесіз жануарларды аулауын, сондай-ақ оларды есепке алуды;
2) қараусыз қалған және иесіз жануарларды осы Заңда көзделген, жануарларды ұстауға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес жануарларды уақытша ұстау пункттерінде не жануарларға арналған панажайларда ұстауды;
2-1) осы Заңның 15-бабында көзделген жағдайларда эвтаназиялауды;
3) қараусыз қалған жануарлардың иелерін іздестіруді, сондай-ақ иесіз жануарларға иелерді іріктеп таңдауды қамтиды.
Осы Заң жануарларды қорғау, оларға қарау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарларға қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 мамырдағы № 292-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы