26-бап. Жануарларға арналған панажайлар Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы
1. Жануарларға арналған панажайлар өз қызметін осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
2. Жануарларға арналған панажайлар мемлекеттік және жекеше болуы мүмкін.
3. Жануарларға арналған панажайлар жануар иесімен немесе жауапты адаммен келісу бойынша үй жануарларын уақытша ұстау (орналастыру), сондай-ақ ветеринариялық және өзге де қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыра алады.
4. Жануарларға арналған панажайлардың жануар иесінен немесе жауапты адамнан жануарды ұстауға байланысты шығыстардың өтемін, сондай-ақ егер жануарға олар қажет болса, ветеринариялық көрсетілетін қызметтердің құнын алуға құқығы бар.
5. Жануарларға арналған панажайлардың лауазымды адамдары:
1) жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның талап етуі бойынша жануарды қайтаруға;
2) жеке тұлғалардың жануарларға арналған панажайға санитариялық өңдеу күндерін қоспағанда, жұмыс уақытында жануарларға арналған панажай белгілеген тәртіппен бару мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
3) жануарларға арналған панажайдағы жануарлардың көбеюіне жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдауға;
4) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен иттерді қоспағанда, иесіз жануарларға стерилизациялау жүргізуге;
5) ауырған немесе жарақаттанған жануарды емдеуді, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етуге;
6) қараусыз қалған жануарлардың иелерін іздестіруді және иесіз жануарларға иелерді іріктеп таңдауды жүргізуге;
7) жануарларды сәйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін олардың жеке сипаттамаларын тіркей отырып, жануарлардың жануарларға арналған панажайға келіп түсуін және одан шығуын құжаттамалық есепке алуды жүргізуге міндетті.
Осы Заң жануарларды қорғау, оларға қарау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарларға қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 19 мамырдағы № 292-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы