10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) келiсiм-шарт негізiнде epікті түрде әскери қызметке баруға;
2) қорғанысты нығайтуға жәрдемдесетін ұйымдардың қызметіне қатысуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) әскери мiндеттілiкті орындауға;
2) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі iс-шараларға қатысуға;
3) жұмылдыру кезеңінде және соғыс жағдайында өздерінiң меншігіндегі мүлікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оның құнын кейiннен мемлекеттің тең бағада өтеуімен беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы