⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлау Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлау Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлау Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы 

      1. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету мемлекеттің əскери ұйымының проблемаларын жан-жақты зерттеуге, елдің қорғаныс қабілеттілігін арттыру міндеттерін ғылыми əдістермен шешуге, тəжірибелік-конструкторлық, оның ішінде қосарланған мақсаттағы жұмыстарды орындауға, сондай-ақ ұлттық əскери-ғылыми əлеуетті дамытуға бағытталған. 

      2. Қазақстан Республикасының ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныстық зерттеулерді жүзеге асырады. 

      3. Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тəртібін Қорғаныс министрлігі айқындайды. 

      4. Əскери, əскери-ғылыми кадрларды даярлау жəне қайта даярлау Қазақстан Республикасының əскери оқу орындарында, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде шетелдік білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы