⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі  2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ, ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі  2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ, ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі   2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ, ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы 

      1. Қазақстан Pecпубликасының Президентi Қазақстан Республикасы Күштерiнің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. 

      2. Қазақстан Республикасының Президентi: 

      1) Қазақстан Республикасы әскери саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды; 

      2) Қазақстан Республикасының Əскери доктринасын, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды бекiтеді; 

      2-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын бекітеді; 

      3) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын бекітеді; 

      3-1) әскери жоспарлау жүйесін бекітеді; 

      4) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жалпы басшылықты жүзеге асырады; 

      5) Қарулы Күштердің құрылымын, штат санының лимитін бекітеді; 

      6) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындау үшін бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар ете отырып, Қарулы Күштердi қолдану туралы шешімдер қабылдайды; 

      7) жоғары әскери атақтар береді; 

      8) Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 

      9) әскери ант мәтінін, жалпы әскери жарғыларды, әскери қызметті өткеру ережесiн, әскери нышандарды, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери киім нысаны мен айырым белгілерiн бекітедi; 

      10) Қазақстан Республикасының қорғаныс және әскери ынтымақтастық саласында келiссөздер жүргізедi және халықаралық шарттарға қол қояды; 

      11) Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлердi запасқа шығару, жұмылдыру бойынша, соғыс уақытында әскери қызметке шақыру, сондай-ақ әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға, оның ішінде төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында шақыру туралы шешiм қабылдайды; 

      12) Парламент палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Қарулы Күштерді бейбiтшіліктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізедi; 

      13) Қазақстан Pecпубликасының Конституциясында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайын енгізедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика Парламентін дереу хабардар етеді; 

      14) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады. 

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы