16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды, объектiлердi және басқа да мүлікті қорғаныс мұқтажы үшiн беру Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы
1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн берiлген жер учаскелерi олардың иелiгiнде және пайдалануында болады.
2. Жер учаскесін қорғаныс мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару және меншік иелері мен жер пайдаланушыларға олардың құнын өтеу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қорғаныс мұқтажы үшiн ғимараттар, құрылыстар, объектiлер мен басқа да мүлiк берiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен оларды керi қайтарып алу жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Қорғаныс мұқтажы үшін мүлікті реквизициялау соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайда және тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Мүлiктi иеленуге және пайдалануға беру тәртiбi, сондай-ақ басқа мемлекеттер әскери құралымдарының жердi уақытша өтеулі пайдалану (жалға алу) тәртiбi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы