⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді қолдану, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарды тарту Соғыс жағдайы туралы Заңы

7-бап. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді қолдану, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарды тарту Соғыс жағдайы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді қолдану, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарды тарту Соғыс жағдайы туралы Заңы 

       Ескерту. 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2015 № 275-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

      1. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша мынадай негізгі міндеттерді орындау үшін: 

       1) соғыс жағдайы енгiзiлген аумаққа кiрудiң және ол аумақтан шығудың ерекше режимiн сақтау, сондай-ақ ондағы жүрiп-тұру еркiндiгiн шектеу;  

       2) халықты құтқару мен эвакуациялауға, авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға, санитариялық-эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және басқа да шараларды өткiзуге қатысу;  

      3) күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік және әскери объектілерді, халықтың  тыныс-тіршілігін, көлік пен коммуникациялардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін объектілерді күзету; 

       4) қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi сақтау, соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды өткiзуге қатысу;  

      5) заңсыз қарулы құралымдардың, террористердiң, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарында, әскери басқару органдарында қызметi Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталғандығы туралы анық мәлiметтер бар қоғамдық және дiни бiрлестiктер, шетелдiк және халықаралық ұйымдар әрекеттерiнiң жолын кесу үшiн Қарулы Күштер қолданылады, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар тартылады. 

      1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңдерінде Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілердің күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ету мүдделерінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қажетті күштері мен құралдарын пайдалануға құқылы. 

      Күзету іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам күзет іс-шаралары өткізіле басталғаннан бастап және олар аяқталғанға дейін оларды өткізуге тартылған барлық әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен мамандарына басшылықты жүзеге асырады. 

      2. Соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекеттік органдардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Pecпубликасының аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрi - азаматтар және басқа да адамдар), сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, әскери басқару органдарының және  

       меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңiндегi құқықтық қатынастарын реттейдi.  

       Осы Заңның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңiмен шектеледi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы