15-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын іске асыру мақсатында мүлікті пайдалану және иеліктен шығару Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы
1. Қару-жарақты, әскери техниканы және арнайы құралдарды қоспағанда, әскери мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін уақытша иеленуге және пайдалануға берілуі мүмкін.
2. Қорғаныс объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша шығындарды өтеу мақсатында жекеше әріптеске немесе концессионерге иеліктен шығарылуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің инвестициялық шығындары мен құны өтемақысының жиынтық көлемі жекеше әріптестің немесе концессионердің инвестициялық шығындарының көлемінен аспауға тиіс.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілері Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен бағалауға жатады.
Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы