9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы
Жергілiкті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге, аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтау іс-шараларын орындауға қатысады және коммуникацияларды қорғаныс мақсатында дайындауды қамтамасыз етеді;
2) қорғаныс мақсатында көлiк және басқа да техникалық құралдардың есебiн жүргізудi және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз етедi;
3) халықты және аумақты қорғанысқа даярлауға қатысады, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, энергетикалық және өзге де ресурстарға және олардың тапсырысы бойынша қызмет көрсетулерге қажеттіліктерiн Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді;
4) әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылуын және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді;
5) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
6) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегі іс-шараларды жоспарлауға қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
6-1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан əрі – Қорғаныс министрлігі) бекіткен саны мен құрылымы шегінде аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын оларды ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде әскери уақыттың штаттық қажеттілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық құралдар запастарын жасауды, аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен бірге жиындар өткізуді қоса алғанда, қызметтік үй-жайлармен, көлік құралдарымен, техникалық ақпарат, телекоммуникация және байланыс құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүкәммалмен қамтамасыз етеді;
6-2) аумақтық әскерлердің аумақтық органдарына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді;
6-3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша бекітеді;
7) өзiнiң қорғаныс саласындағы қызметін әскери басқару органдарымен үйлестіреді және келiседi;
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестерін құрады;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 367-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы