⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функциялары  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функциялары  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функциялары  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы 

       Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:  

       1) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды орындауға қатысады;  

      2) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       3) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

       4) жұмылдыру кезеңiнде және соғыс жағдайында өздерінің меншігіндегі мүлiкті қорғаныс мұқтажы үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілеген тәртiппен оның құнын кейiннен мемлекеттің өтеуiмен бередi;  

      5) өз қызметкерлерінің әскери мiндетін орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды; 

      6) өз құзыреті шегінде жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында күзетілуге және қорғалуға жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ құрылатын арнаулы құралымдарды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді. 

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы