21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы
1. Қарулы Күштерге әскери-саяси басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы соғыс уақытында жəне соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының əскери-саяси басшылығының жоғары органы болып табылады, мемлекеттің əскери ұйымын басқаруды, қорғаныс жөніндегі міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының орталық жəне жергілікті атқарушы органдарының қызметін бақылауды жəне үйлестіруді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы Қарулы Күштердi басқаруды өзінің жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бейбіт кезде Қорғаныс министрлігінің ведомствосы болып табылады.
4. Қарулы Күштердi бейбiт уақытта басқаруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi жүзеге асырады.
Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы