19-бап. Қарулы Күштердiң жалпы құрамы Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы
Қарулы Күштер əскери басқару органдарын, Қарулы Күштер түрлерiн, Арнаулы операциялар күштерін, əскерлер түрін, арнаулы əскерлердi, материалдық-техникалық қамтамасыз ету əскерлерін, аумақтық əскерлерді, əскери оқу орындарын, əскери-ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдарды қамтиды.
Қарулы Күштердің арнаулы əскерлерінің құрамына Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік, геоақпараттық жəне гидрометеорологиялық қамтамасыз ету, барлау, радиациялық, химиялық жəне биологиялық қорғау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық тайталас əскери бөлімдері мен бөлімшелері, әскери полиция органдары кіреді.
Жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштердің құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі, Авиация қызметі, Шекара академиясы және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де бөлімшелері, Ұлттық ұлан жəне азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары, сондай-ақ арнаулы құралымдар кiредi. Басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды, арнаулы құралымдарды Қарулы Күштердің құрамына беру мүдделі мемлекеттік органмен немесе ұйыммен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы