⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Еңбек міндеттемелерін орындау кезінде азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру дауларын шешу кезінде алдын ала сотқа дейінгі тәртіпті шешуді сақтау талап етілмейді.

Еңбек міндеттемелерін орындау кезінде азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру дауларын шешу кезінде алдын ала сотқа дейінгі тәртіпті шешуді сақтау талап етілмейді.

Еңбек міндеттемелерін орындау кезінде азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру дауларын шешу кезінде алдын ала сотқа дейінгі тәртіпті шешуді сақтау талап етілмейді.

Еңбек міндеттемелерін орындау кезінде азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру дауларын шешу кезінде алдын ала сотқа дейінгі тәртіпті шешуді сақтау талап етілмейді.

АІЖК-нің 154-бабының 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес талапкер істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешудің шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса судья талап арызды қайтарып жібереді.

Мысалыға: Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотының 15 мамыр 2015 жылғы ұйғарымымен В.В.Бобровтың жауапкер «Жезқазғангеология» АҚ-ға қарсы берген зардапты өндіру, санитардың жылдық мөлшерінің 60% көлемінде жәрдемақы есептеу, бухгалтерлік есептердің толық ведомосін ұсыну, алиментті есептеу, арнайы көлікті қолданғаны үшін өтемақы төлеу, материалдық шығындардың 40% ұстау, моральдық және физикалық зардаптың 40% ұстау туралы талап арызы кері қайтарылған.

Талап арыздың қайтарылу келесідей негізделді, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 09 шілде 1999 жылғы №9 Нормативтік қаулысына сәйкес, жұмыскерге келтірілген зардапты өндіру туралы талап арыз, өзінің талабы немесе қайтыс болған жұмыскердің отбасы мүшелерінің талабы бойынша әкімшілік ұйымның шешімі шығарылып, ол шешіммен жәбірленуші, қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшелері келіспеген жағдайда немесе бұл талаптар әкімшілікпен белгіленген он күн ішінде қаралмағанда сот өндірісіне қабылданады.

Іс материалдарында талапкердің әртүрлі инстанцияларға зардапты өндіру сұрағы бойынша жүгінулері жұмыс берушіге тиісті түрде жүгінудің орнын баса алмайды. Сол себепті, сот талапкерге дауды шешу үшін алдын ала жауапкерге жүгінуі керек, кейін басқа жақтан бас тарту туралы жауапты алғанда не заңмен белгіленген уақытта жауап алмағанда сотқа жүгінуі қажет деп санады.

Сотпен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 09 шілде 1999 жылғы №9 Нормативтік қаулысында сотқа дейінгі дауды қараудың алдын ала тәртібі көзделген деп, алайда қай тармақпен көрсетілгені нақтыланбаған. Бірақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 09 шілде 1999 жылғы №9 «Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысының әрекет етуші редакциясында еңбек қызметін атқару кезінде азаматтың өміріне не денсаулығына келтірілген зардапты өндіру туралы даулардың алдын ала шешу тәртібі қарастырылмаған, басқа да нормативтік актілермен де қарастырылмаған.

Келесы мысал: Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сотының 10 сәуір 2015 жылғы ұйғарымымен М.К.Шакубаеваның «Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік қорғау және бақылау Департаменті» ММ-не, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-не, «Қазақмыс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ-на қарсы берген мүгедектік себебін, «еңбектік зақымдану» деп көрсету бөлігінде, кәсіби еңбекқабылеттілігін жоғалту дәрежесі 59 % деп анықтап мүгедектік туралы анықтамаға өзгерістер енгізу және жоғалтылған еңбекақы түрінде 4 386 272 теңге зардапты өндіру туралы талап арызы кері қайтарылған.

Сот ұйғарымында талапкерге дауды шешу үшін алдын ала жауапкерлерге жүгіну керек, кейін басқа жақтан заңмен белгіленген уақытта жауап алмағанда сотқа жүгіну керек деп көрсетілген. Бірақ сотпен дауды шешудің алдын ала тәртібін қарастыратын заңның нормасына сілтеме жасалмаған

Сондықтан, еңбек қызметін атқару кезінде азаматтың өміріне не денсаулығына келтірілген зардапты өндіру туралы дауларды шешудің алдын ала тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен қажет етпейді екендігін білу керек.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.