16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Банктің жарғылық капиталы, осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды орналастыру есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
2. Банктің акциялары орналастырылған кезде ақы тек қана ақшамен төленуге тиіс. Осы талап мынадай:
1) банктің акцияларын банк кредиторлары арасында орналастырған және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргізген кезде банктің тиісті кредитор алдындағы ақшалай міндеттемесі жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу арқылы оларды төлеген;
1-1) осы Заңның 61-10-бабында көзделген негізде және тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолданылған жағдайда, банктің бағалы қағаздары мен өзге де ақшалай міндеттемелерін банктің жай акцияларына айырбастаған;
2) банктің акцияларына айырбасталатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған;
2-1) банктің жарғысы және оның акциялар шығарылымының проспектісі негізінде банктің орналастырылған акцияларының бір түрін осы банк акцияларының басқа түріне айырбастаған;
3) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде банктің акцияларын төлеген;
4) осы Заңның 17-2-бабында көзделген жағдайда банктің акцияларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен төлеген жағдайларда, банктерге қолданылмайды.
Осы тармақта көзделген жағдайларда банк акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді.
3. Банкті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде және (немесе) осы Заңның 61-10-бабында көзделген тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолдану шеңберінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлеріне бағалы қағаздарды және (немесе) банктің ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы өзінің акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.
3-1. Банк, егер акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келген жағдайда, шығару проспектісімен банктің атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.
3-2. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банк мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын беру туралы шешім қабылданған кезден бастап және алынған қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді банк толық орындағанға дейінгі кезеңде пайданы бөледі, қарапайым және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе мерзімсіз) қаржы құралдары бойынша дивидендтерді есепке жазады, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген шарттар сақталған кезде өз акцияларын кері сатып алуды жүргізеді.
4. Жаңадан құрылған банктiң жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оның құрылтайшылары банк мемлекеттік тiркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде толық төлеуге тиiс.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия алуға өтініш берілгенге дейін осы Заңның 42-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын сақтау ескеріле отырып, микроқаржы ұйымының жарғылық капиталы есебінен қалыптастырылады.
5. Банктің меншік капиталын және инвестицияларын есептеу әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.
Банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан артық болған жағдайда, банктің меншік капиталы теріс болып табылады.
6. Банктің меншік капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына және инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған бағасымен дереу сатуға құқылы.
Уәкілетті органның банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы, ол банк акцияларын (акционерлердiң үлестерiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында оларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің сомасы шегеріле отырып, банк активтерінің құнын негiзге ала отырып айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады. Уәкілетті орган банктiң сатып алынған акцияларын олардың сатып алынған бағасымен дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.- Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 24 маусымдағы № 196-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы