30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беру Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы
1. Банктер тізбесі осы баптың 3-тармағында белгіленген банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпаратты мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің беруіне борышкер тұлғаның келісімі болған кезде ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де кредиттік бюроларға береді.
2. Борышкер тұлғаның өзі туралы және борышкер тұлғаның өтініші бойынша банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы мәліметтерді банктің кредиттік бюроға беруіне келісім нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Банк шығарған кепілдіктер мен кепілгерліктер жөнінде кредиттік бюроға берілетін ақпаратта:
1) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4-1) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
4-2) оның тапсырмасы бойынша банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сәйкестендіру нөмірі;
4-3) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған борышкер кредитор заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу күні туралы ақпарат, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (немесе оны заңды тұлға ретінде сәйкестендіретін, бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ақпарат);
4-4) оның пайдасына банк кепілдік немесе кепілгерлік шығарған кредитор жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері туралы ақпарат (немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де дербес деректер);
5) кепілдік немесе кепілгерлік берген банктің атауы;
6) банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартының нөмірі мен күні, айы, жылы;
7) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шарты бойынша төлеуге жататын ең көп ақша сомасы;
8) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шығарылған мерзім немесе осы жағдай басталған кезінде банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген банктің міндеттемесі (банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің қолдану мерзімі) тоқтатылатын жағдай (оқиға);
9) банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің шығарылым нөмірі және күні, айы, жылы, қамтылуға тиіс.
Егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, осы тармақта көзделген ақпарат тізбесі кредиттік бюро мен банк жасасқан ақпарат беру туралы шарт негізінде олардың арасындағы келісім бойынша толықтырылуы мүмкін.
4. Банктердің шығарылған банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде кредиттік бюроға ақпарат беру талаптары осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шартта айқындалады.
5. Банктер кредиттiк бюроларға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөніндегі ақпаратты электрондық нысанда бередi. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттiк бюролардың iшкi құжаттарында және олардың ақпарат берушiлермен жасалатын шарттарында айқындалады.
6. Банктер борышкер тұлғалардың өздері туралы және шығарылған банк кепілдігі немесе шығарылған кепілгерлік туралы мәлiметтердi банктің кредиттiк бюроға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруіне өздері алған келiсiмдерді есепке алуды жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы