Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 100-бап. Кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдану Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

100-бап. Кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдану Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

100-бап. Кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдану Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Кеден органы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдайды. 

      Кепілгерлік шартын қабылдау үшін төлеуші немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлға кеден органына осындай кепілгерлік шартын, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын осы баптың 2-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен қамтамасыз етуді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш ұсынады. 

      Кеден органы көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай қамтамасыз етуді тіркеу арқылы кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдайды немесе оны қабылдаудан бас тартады. 

      2. Кепілгер ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дара кәсіпкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар әрекет ете алады. 

      Кепілгер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын мынадай: 

      1) қамтамасыз ету сомасын ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу және (немесе) аванстық төлемдерді кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалану; 

      2) банк кепілдігі; 

      3) мүлік кепілі;  

      4) сақтандыру шарты тәсілдерінің бірімен қамтамасыз етуге тиіс. 

      Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету сомасында төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда қосымша есепке жазылуы мүмкін, кемінде он жұмыс күні үшін өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздар сомасы қамтылуға тиіс. 

      3. Кепілгер кеден органының алдында өсімпұлдарды, кедендік әкелу баждарының төленуін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздарды төлеуді қоса алғанда, төлеушімен бірдей көлемде жауапты болады. 

      4. Кеден органы мынадай жағдайлардың бірінде:  

      1) ұсынылған кепілгерлік шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келмесе; 

      2) кепілгерлік шартына ұсынылған банк кепілдігін қабылдаудан бас тарту үшін осы Кодекстің 99-бабының 2-тармағында айқындалған негіздер болған кезде; 

      3) кепілгерлік шартына ұсынылған мүлік кепілі шарты осы Кодекстің 101-бабының 3-тармағында белгіленген мүлік кепілі шартын жасасу талаптарына сәйкес келмесе; 

      4) кепілгерлік шартына ұсынылған сақтандыру шартын қабылдаудан бас тарту үшін осы Кодекстің 102-бабының 2-тармағында айқындалған негіздер болған кезде; 

      5) кепілгер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етпесе; 

      6) төленуі кепілгерлік шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігі ескеріле отырып, осы Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, кепілгерлік шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе; 

      7) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса, кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартады.  

      Кеден органы кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеген немесе осындай қамтамасыз етуді тіркеуден бас тартқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіні немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында көрсетілген тұлғаны бұл туралы жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.  

      5. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, кеден органы кепілгерлік шартымен қамтамасыз етілген міндеттің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кепілгерге кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талап жібереді. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалу мерзімдері аяқталған күннен кейінгі күннен бастап өсімпұлдар есепке жазылады. 

      6. Кеден органының кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу жөніндегі талабы осындай талап алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кепілгердің бұлжытпай және міндетті орындауына жатады. 

      7. Кепілгер кеден органының талабын орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

662-бапқа түсініктеме. Айыпталушының (күдіктінің) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің келуі туралы Жеке кепілгерлікті бұзу

662-бапқа түсініктеме. Айыпталушының (күдіктінің) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің келуі туралы Жеке кепілгерлікті бұзу Айыпталушының (к...

Толық оқу »

336-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

336-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Кепiлдiк және кепiлгерлік өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменiң тоқтатыл...

Толық оқу »

30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беру Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беруҚазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы З...

Толық оқу »

69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сот қылмыстық теріс қылықты не қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаул...

Толық оқу »

336-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кепілдігі мен кепілгерлігін тоқтату

336-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кепілдігі мен кепілгерлігін тоқтату Кепілдік пен кепілдік негізгі міндеттемеге қосымша (акцессорлық) міндетт...

Толық оқу »

331-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың негiзi мен нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

331-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың негiзi мен нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Кепiл болушылық немесе кепiлдiк шарттарының негiзiнде кепiлдiк жә...

Толық оқу »

662-бап. Айыпталушының (күдіктінің) келетiндiгi туралы жеке кепiлгерлiктi бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

662-бап. Айыпталушының (күдіктінің) келетiндiгi туралы жеке кепiлгерлiктi бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі       Айыпталушының (күдікті...

Толық оқу »

74-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК төтенше жағдайлары салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру

74-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК төтенше жағдайлары салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру 1. Ауырлығы аз және ор...

Толық оқу »

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оны...

Толық оқу »

73-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ауруына байланысты жазадан босату

73-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ауруына байланысты жазадан босату 1. Қылмыс жасалғаннан кейін өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің)...

Толық оқу »

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық теріс қылық немесе...

Толық оқу »