Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабына түсіндірме. Кепілгерлік белгілеу арқылы жазадан босату

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабына түсіндірме. Кепілгерлік белгілеу арқылы жазадан босату

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабына түсіндірме. Кепілгерлік белгілеу арқылы жазадан босату

1. Осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында немесе бап бөлігінде негізгі жазалардың өзге түрлерімен қатар айыппұл көзделген, адам өліміне немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес қылмыстық теріс қылықты не онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адам соттың шешімімен кепілгерлік белгілене отырып, жазадан босатылуы мүмкін.

2. Кепілгерлік белгілеу жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген айыппұлдың ең жоғары мөлшеріне тең мөлшерде кепіл енгізуден тұрады.

3. Кепілгерлік мерзімі:

1) қылмыстық теріс қылық жасаған кезде — алты айдан бір жылға дейін;

2) онша ауыр емес қылмыс жасаған кезде — бір жылдан екі жылға дейін;

3) ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде — екі жылдан бес жылға дейін белгіленеді.

4. Егер жазадан босатылған адам кепілгерлік кезеңінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаса, кепілгерлік мерзімі өткеннен кейін кепіл кепілгерге қайтарылады.

5. Егер адам кепілгерлік кезеңінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот жазадан босату туралы шешімнің күшін жояды және оған үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидаларына сәйкес жаза тағайындайды. Бұл ретте кепіл мемлекет кірісіне айналдырылады.

6. Осы баптың ережелері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын, террористік қылмыстарды, экстремистік қылмыстарды, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстарды, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды жасаған адамдарға қолданылмайды.

Түсіндіріліп отырған баптың 1-бөлігіне сәйкес, адам өліміне немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес, осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында немесе бап бөлігінде негізгі жазалардың өзге түрлерімен қатар айыппұл көзделген қылмыстық теріс қылықты не онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адам соттың шешімімен кепілгерлік белгілене отырып, жазадан босатылуы мүмкін.

ҚПК-нің 142-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жеке кепілгерлік сенімге лайық адамдардың күдіктінің, айыпталушының тиісті мінез-құлқына және олардың қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуіне кепілдік беретіндігі туралы жазбаша міндеттеме қабылдауынан тұрады. Кепілгерлердің саны екіден кем болмауға тиіс. Жеке кепілгерлікті бұлтартпау шарасы ретінде таңдауға тек кепілгердің жазбаша өтінішхаты және өзіне қатысты кепілгерлік берілетін адамның келісімі болған кезде ғана жол беріледі (ҚПК-нің 142-бабының 2-бөлігі). Кепілгер жеке кепілгерлік туралы қолхат береді, онда ол өзіне кепілдік беріп отырған адамға қатысты күдіктің мәні, кепілгердің жауаптылығы, яғни күдікті, айыпталушы осы бұлтартпау шарасы арқылы алдын алу көзделген әрекеттерді жасаған жағдайда кепілгерге ақшалай өндіріп алу қолданылатыны түсіндірілгенін растайды (ҚПК-нің 142-бабының 3-бөлігі).

Кепілгер қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде кепілгерліктен бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда бас тартқан кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде күдіктіге, айыпталушыға қатысты ҚПК-нің 136-бабының 1-бөлігінің талаптары ескеріле отырып, өзге бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс (ҚПК-нің 142-бабының 4-бөлігі).

Күдіктінің, айыпталушының қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуы не істі объективті тергеп-тексеруге немесе оны сотта қарауға кедергі келтіруі, не қылмыстық әрекетін жалғастыруы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық процесті жүргізетін орган өз өкілеттіктері шегінде осы адамдарға ҚПК-нің 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолдануға құқылы (ҚПК-нің 136-бабының 1-бөлігі).

Күдікті, айыпталушы жеке кепілгерлік арқылы алдын алу көзделген әрекеттерді жасаған жағдайда, әрбір кепілгерге ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен сот ақшалай өндіріп алу қолдануы мүмкін (ҚПК-нің 142-бабының 5-бөлігі).

Кепілгерлік белгілеу арқылы жазадан босатудың негіздері:

қылмыстық теріс қылықты алғаш рет жасау;

адам өліміне немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасау;

оны жасағаны үшін ҚР ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабында немесе бап бөлігінде негізгі жазалардың өзге түрлерімен қатар айыппұл көзделуі.

Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, жеке адамға, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке болмашы зиян келтірген не зиян келтіру қатерін туғызған, кінәлі түрде жасалған іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) танылады, оны жасағаны үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түріндегі жаза көзделген (ҚК-нің 10-бабының 3-бөлігі).

ҚК-нің 11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, онша ауыр емес қылмыс деп жасалғаны үшін ҚК-нің Ерекше бөлігінің бабының немесе бап бөлігінің санкциясында көзделген ең жоғары жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана іс-әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін ең жоғары жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған іс-әрекеттер танылады.

ҚК-нің 11-бабының 3-бөлігіне сәйкес, ауырлығы орташа қылмыстар деп жасалғаны үшін ҚК-нің Ерекше бөлігінің бабының немесе бап бөлігінің санкциясында көзделген ең жоғары жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана іс-әрекеттер, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған іс-әрекеттер танылады.

ҚР Жоғарғы Сотының «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 4-тармағына сәйкес, алғаш рет жасалған қылмыс деп адамның іс жүзінде бірінші рет жасаған әрекетін не бұрын жасаған қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен жазадан босатылған немесе соттылығы жойылған не алып тасталған әрекетті түсіну қажет (ҚК-нің 79-бабы).

Екі немесе одан да көп қылмыс жасаған (қылмыстардың бірнеше рет жасалуы немесе нақты жиынтығы жағдайларында), олардың ешқайсысы бойынша жауаптылық мәселесі шешілмеген адамды қылмысты алғаш рет жасаған адам деп тануға болмайды.

ҚК-нің 69-бабының 2-бөлігіне сәйкес, кепілгерлік белгілеу қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін көзделген айыппұлдың ең жоғары мөлшерінің жеке тұлға үшін екі еселенген, ал заңды тұлға үшін он еселенген мөлшеріне тең кепілді кепілгер болып табылатын жеке тұлғаның енгізуінен тұрады.

ҚПК-нің 145-бабының 1-бөлігіне сәйкес, кепіл күдіктінің, айыпталушының немесе басқа адамның сот депозитіне күдіктінің, айыпталушының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың жаңа қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу мақсатында ақша енгізуінен тұрады. Кепіл ретінде басқа да құндылықтар, жылжымалы және жылжымайтын мүлік қабылдануы мүмкін, оларға тыйым салынады. Кепілдің құндылығын және оған ауыртпалықтардың жоқ екенін дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. ҚПК-нің 148-бабының 9-бөлігінде көзделген жағдайларда кепіл қолданылмайды.

ҚПК-нің 145-бабының 7-бөлігіне сәйкес, кепілдің қабылданғаны туралы хаттама жасалады, онда күдіктіге, айыпталушыға шақыру бойынша келу және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамау міндеттері түсіндірілгені, ал кепіл берушіге күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтарған және қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда кепілдің мемлекет кірісіне айналдырылатыны туралы ескертілгені көрсетіледі.

Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам, күдікті, айыпталушы, сондай-ақ кепіл беруші басқа адам болған жағдайда, ол да қол қояды. Хаттама мен кепілді сот депозитіне енгізу туралы құжат іс материалдарына қоса тіркеледі, ал кепіл берушіге хаттаманың көшірмесі беріледі.

ҚПК-нің 148-бабының 9-бөлігінде тергеу судьясы, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулы шығарған кезде мынадай жағдайларда кепіл белгіленбейтіні көрсетілген:

жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана құқық бұзушылықтар жасады деген күдік, айыптау болғанда;

адам қылмыстық топ құрамында қылмыс жасады, террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деген күдік, айыптау болғанда;

ҚР Қылмыстық кодексінің 1, 4, 5, 11 және 17-тарауларында көзделген аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ төтенше жағдай режимі кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған аса ауыр қылмыстар; соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған аса ауыр әскери қылмыстар болғанда;

күдіктінің, айыпталушының сот ісін жүргізуге кедергі келтіретініне немесе тергеу мен соттан жасырынатынына жеткілікті негіздер болғанда;

күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекетін жалғастыратыны туралы деректер болғанда;

күдіктінің, айыпталушының тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша бұрын таңдалған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын бұзуы.

Кепілгерлік мерзімі:

қылмыстық теріс қылық жасаған кезде — алты айдан бір жылға дейін;

онша ауыр емес қылмыс жасаған кезде — бір жылдан екі жылға дейін;

ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде — екі жылдан бес жылға дейін белгіленеді (ҚК-нің 69-бабының 3-бөлігі).

Кепілгерлік мерзімінің ұзақтығын шешу кезінде сот кінәлі адамның жасаған қылмыстық құқық бұзушылығының мән-жайларын, кінәлінің жеке басын, сондай-ақ жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескереді.

ҚПК-нің 36-бабының 6-бөлігіне сәйкес, егер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін сот депозитіне ҚР ҚК-нің 69-бабында көзделген кепіл енгізілсе, сот адамды жазаны өтеуден кепілгерлік белгілеу арқылы босата отырып, айыптау үкімін шығаруға құқылы.

Сот іс бойынша басқа түпкілікті шешім қабылдаған жағдайда, кепіл нысанасы кепілді енгізген адамға дереу қайтарылады. Кепіл нысанасын қайтару кезінде оны сақтауды қамтамасыз етуге жұмсалған сома кепіл берушіден өндіріп алынбайды. Кепілді қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу және мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Егер айыпталушы немесе жәбірленуші қарсы болса, адамды кепілгерлік белгілеу арқылы жазаны өтеуден босатуға жол берілмейді.

Егер қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам кепілгерлік кезеңінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаса, кепілгерлік мерзімі өткеннен кейін кепіл кепілгерге қайтарылады (ҚК-нің 69-бабының 4-бөлігі). Егер адам кепілгерлік кезеңінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімнің күшін жояды және оған ҚК-нің 60-бабына сәйкес үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидаларына сәйкес жаза тағайындайды. Бұл ретте кепіл мемлекет кірісіне айналдырылады.

Кепілгерлік белгілеу арқылы қылмыстық жауаптылықтан босату сыбайлас жемқорлық қылмыстарын, террористік қылмыстарды, экстремистік қылмыстарды, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстарды, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды жасаған адамдарға қолданылмайды (ҚПК-нің 3-бабының 29), 30), 39), 24), 42) тармақшаларына түсіндірмені қараңыз).

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне Исидор Шамилович Борчашвилидің 2021 жылғы түсіндірмесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.*

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

336-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

336-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Кепiлдiк және кепiлгерлік өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменiң тоқтатыл...

Толық оқу »

142-бап. Жеке кепiлгерлік ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

142-бап. Жеке кепiлгерлік ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жеке кепiлгерлік күдіктінің, айыпталушының тиісті мінез-құлқын және олардың қылмыстық...

Толық оқу »

662-бапқа түсініктеме. Айыпталушының (күдіктінің) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің келуі туралы Жеке кепілгерлікті бұзу

662-бапқа түсініктеме. Айыпталушының (күдіктінің) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің келуі туралы Жеке кепілгерлікті бұзу Айыпталушының (к...

Толық оқу »

662-бап. Айыпталушының (күдіктінің) келетiндiгi туралы жеке кепiлгерлiктi бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

662-бап. Айыпталушының (күдіктінің) келетiндiгi туралы жеке кепiлгерлiктi бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Айыпталушының (күдіктіні...

Толық оқу »

69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сот қылмыстық теріс қылықты не қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаул...

Толық оқу »

30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібіҚазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы    ...

Толық оқу »

Түсініктеме  331-бапқа Кепілдік пен кепіл болушылықтың негіздері және нысаны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің

Түсініктеме 331-бапқа Кепілдік пен кепіл болушылықтың негіздері және нысаны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1. Кепіл болушылық пен кепілдіктің туындау негізі екіжа...

Толық оқу »

100-бап. Кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдану Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

100-бап. Кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдану Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу турал...

Толық оқу »

31-бап. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсыну Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

31-бап. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсынуӨнеркәсіптік саясат туралы Заңы      1. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді...

Толық оқу »

30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыру Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыруҚазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы    ...

Толық оқу »

331-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың негiзi мен нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

331-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың негiзi мен нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Кепiл болушылық немесе кепiлдiк шарттарының негiзiнде кепiлдiк жә...

Толық оқу »

30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беру Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

30-1-бап. Кредиттік бюроға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде ақпарат беруҚазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы З...

Толық оқу »

336-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кепілдігі мен кепілгерлігін тоқтату

336-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің кепілдігі мен кепілгерлігін тоқтату Кепілдік пен кепілдік негізгі міндеттемеге қосымша (акцессорлық) міндетт...

Толық оқу »

236-бап. Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерін беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

236-бап. Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерін беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

236-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерін бұзу

236-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру...

Толық оқу »

73-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ауруына байланысты жазадан босату

73-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ауруына байланысты жазадан босату 1. Қылмыс жасалғаннан кейін өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің)...

Толық оқу »

Жазадан босату және жазаны өтеуді ауыр мән-жайлардың туындауына байланысты кейінге қалдыру

Жазадан босату және жазаны өтеуді ауыр мән-жайлардың туындауына байланысты кейінге қалдыру🔷 1. 76-баптың жалпы сипаттамасыАталған норма жазаны орындаудың жалпы тәртібінен ере...

Толық оқу »

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оны...

Толық оқу »

69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сот қылмыстық теріс қылықты не қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаул...

Толық оқу »

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық теріс қылық немесе...

Толық оқу »

74-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК төтенше жағдайлары салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру

74-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК төтенше жағдайлары салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру 1. Ауырлығы аз және ор...

Толық оқу »

115-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жыныстық жолмен берілетін ауруын жұқтыру

115-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жыныстық жолмен берілетін ауруын жұқтыру Ауыр зардаптарға әкеп соққан басқа адамның жыныстық жолмен б...

Толық оқу »

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуір N 7 нормативтік қаулысы.

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 ж...

Толық оқу »

170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару коде...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабына түсініктеме. Ауруға байланысты жазадан босату

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабына түсініктеме. Ауруға байланысты жазадан босату1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін психикасының бұзылуы салдарына...

Толық оқу »

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оны...

Толық оқу »

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

76-бап. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеудi кейiнге қалдыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық теріс қылық немесе...

Толық оқу »

170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

170-бап. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамның денсаулық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару коде...

Толық оқу »

Жазадан босату және жазаны өтеуді ауыр мән-жайлардың туындауына байланысты кейінге қалдыру

Жазадан босату және жазаны өтеуді ауыр мән-жайлардың туындауына байланысты кейінге қалдыру🔷 1. 76-баптың жалпы сипаттамасыАталған норма жазаны орындаудың жалпы тәртібінен ере...

Толық оқу »

69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Сот қылмыстық теріс қылықты не қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаул...

Толық оқу »

73-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ауруына байланысты жазадан босату

73-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК ауруына байланысты жазадан босату 1. Қылмыс жасалғаннан кейін өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің)...

Толық оқу »

74-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК төтенше жағдайлары салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру

74-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК төтенше жағдайлары салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру 1. Ауырлығы аз және ор...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабына түсініктеме. Ауруға байланысты жазадан босату

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабына түсініктеме. Ауруға байланысты жазадан босату1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін психикасының бұзылуы салдарына...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 76-бабына түсініктеме. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 76-бабына түсініктеме. Ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан жазадан босату және жазаны өтеуді кейінге қалдыру1. Қылмыстық теріс қы...

Толық оқу »