Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодексі / 50-бап. Заңды тұлғаны тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

50-бап. Заңды тұлғаны тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

50-бап. Заңды тұлғаны тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 

      1. Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, тіркелген жеріндегі мемлекеттік кіріс органына дереу жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, интернет-ресурс арқылы хабарлауға мiндеттi.

      2. Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган тарату комиссиясын құрады және осы Кодекске сәйкес тарату тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi.

      Тарату комиссиясы құрылған кезден бастап заңды тұлғаның мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк соған ауысады. Тарату комиссиясы сотта таратылатын заңды тұлға атынан әрекет етедi.

      3. Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату, сондай-ақ оның кредиторларының талаптарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, талаптарды мәлiмдеу мерзiмi тарату туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмауы тиіс. Банкроттық кезінде кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей мәлімделуге тиіс.

      Тарату комиссиясы несие берушiлердi анықтау және қарыздарын алу үшiн шаралар қолданады, сондай-ақ несие берушiлерге заңды тұлғаның таратылғандығы туралы жазбаша хабарлайды.

      4. Несие берушiлер талаптарын қоюға арналған мерзiм аяқталғаннан кейiн тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды, онда таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, несие берушiлер қойған талаптар тiзбесi, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi туралы мәлiметтер болады.

      Аралық тарату балансын заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату жөнiнде шешiм қабылдаған орган бекiтедi.

      Аралық тарату балансын жасаған кезде таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамына арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезiндегi міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған арнайы қаржы компаниясының секьюритилендiру кезiндегi облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.

      Аралық тарату балансын жасау кезінде таратылатын мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы мүлкінің құрамына мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде сатқан мүлік кірмейді. Көрсетілген мүлікті тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындалған тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының меншігіне береді.

      5. Егер таратылатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекемелерден басқа) ақшасы несие берушiлердiң талабын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкiн сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген тәртiп бойынша жария сатуды жүзеге асырады.

      Таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамына енгізілген кепілге салынған мүлікті жария сауда-саттықта сату кезінде кепілді кредиторлардың талаптары кепілге салынған мүлікті өткізуден алынған сома шегінде басқа кредиторлардың алдында артықшылықпен қанағаттандырылады.

      Кепіл нысанасын өткізуден түскен сома жеткіліксіз болған жағдайда, кепілді кредитор талаптарының қалған сомасы осы Кодекстің 51-бабында белгіленген кезектілік тәртібімен қанағаттандырылады.

      6. Тарату комиссиясы таратылатын заңды тұлғаның кредиторларына ақша төлеудi аралық тарату балансы бекiтiлген күннен бастап, соған сәйкес, осы Кодекстiң 51-бабында белгiленген кезектілік тәртiбiмен жүргiзедi. Акционерлiк қоғамдардың мүлкiн бөлу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңнамасында белгiленедi.

      Таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамында кепілге салынған мүлік болған кезде кепілді кредитор өз талаптарын кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау арқылы қанағаттандыруға құқылы.

      Тарату комиссиясы кепілді кредитордан кепілге салынған мүлікті заттай қабылдайтыны туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мүлікке бағалау жүргізеді.

      Кепілге салынған мүлікті кепілді кредиторға беру осы тармақтың бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген талаптар ескеріле отырып, бағалау жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.

      Егер кепілге салынған мүліктің кепіл нысанасын бағалауға жұмсалған шығыстар шегерілгендегі бағалау құны кепілді кредитордың талаптарынан көп болған жағдайда, онда кепілді кредитор осы айырманы таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамына қайтарады.

      Егер кепілге салынған мүліктің кепіл нысанасын бағалауға жұмсалған шығыстар шегерілгендегі бағалау құны кепілді кредитордың талаптарынан аз болған жағдайда, кепілді кредитордың айырма мөлшеріндегі талаптары осы Кодекстің 51-бабында белгіленген кезектілік тәртібімен қанағаттандырылуға жатады.

      7. Несие берушiлермен есеп айырысу бiткеннен кейiн тарату комиссиясы тарату балансын жасайды, оны заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.

      8. Несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiк құрылтай құжаттарында көрсетiлген мақсаттарға жұмсалады.

      9. Несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн таратылатын қазыналық кәсiпорынның - мүлкi, ал таратылатын мекеменiң ақшасы жеткiлiксiз болған жағдайда, несие берушiлер талаптарының қалған бөлiгiн осы кәсiпорынның немесе мекеменiң мүлкiн меншiктенушi есебiнен қанағаттандыру туралы талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы.

      9-1. Алып тасталды - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10. Заңды тұлғаның таратылуы аяқталды, ал заңды тұлға өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілгеннен кейiн есептеледі.

      Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1996.07.15 № 30-I, 1997.07.11. № 154, 1998.03.02. № 211, 1998.07.10. № 282, 1998.12.16. № 320, 2003.06.03. № 426, 2006.01.10. № 115(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.02.20. № 127(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. № 225, 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

50-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату тәртібі

50-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату тәртібі Түсініктеме берілген мақалада заңды тұлғаны тарату рәсімі егжей-тегжейлі реттел...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге Түзетуді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға жә...

Толық оқу »

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді ұзарту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жа...

Толық оқу »

116-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау Оңалту және банкроттық туралы Заңы

116-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғауОңалту және банкроттық туралы Заңы      Сот осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарысты жағдай туындағанда және оны реттеу (жою) кезінде көмек көрсетуде өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарысты жағдай туындағанда және оны реттеу (жою) кезінд...

Толық оқу »

Салық органдарының заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мәжбүрлеп тарату мен қызметін тоқтату туралы

Салық органдарының заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мәжбүрлеп тарату мен қызметін тоқтату туралы Сотқа бағыныстылық және соттылық бойынша. Сот ісін жүргізу тілі. Істі сот...

Толық оқу »

Банкроттық салдарынан заңды тұлға таратылған кезде мемлекет оның құқықтық мирасқоры болып табылмайды.

Банкроттық салдарынан заңды тұлға таратылған кезде мемлекет оның құқықтық мирасқоры болып табылмайды.Д.сотқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Ми...

Толық оқу »

49-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату негіздері

49-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату негіздері Тарату ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін.Республикалық мемл...

Толық оқу »

Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы N 4 Нормативтік қаулысы.

Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралыҚазақстан Республикасы Жоғар...

Толық оқу »

Заңды тұлғаны тарату тәртібі

Заңды тұлғаны тарату тәртібі📘 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 50-бабы: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ ТАРАТУ ТӘРТІБІ🔹 1. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАҚР Азаматтық кодексінің 50-бабы заңды т...

Толық оқу »