Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодексі / Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге Түзетуді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге Түзетуді ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге Түзетуді ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 2 маусымдағы N 161-IV Заңы 

        1. Вашингтонда 2007 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге Түзету ратификациялансын.         2. Осы Заңның 1993 жылғы 13 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға кері күші бар.  

      Қазақстан Республикасының        Президенті                                     Н. Назарбаев  

   Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты  Келісімге түзету 

(2009 жылғы 16 маусымда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2014 ж., № 6, 55-құжат) 

        Төменде Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары төмендегілер жайында келісті:        1993 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылып, іс-әрекеті 2000 жылғы 5 желтоқсанда жалғастырылған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты Келісімнің (бұдан әрі - Келісім) XIV бабына сәйкес Тараптар Келісімнің қолданыс мерзімін ұзартуға және оған төмендегідей өзгерістер енгізуге келіседі:         1. Келісімнің тақырыбындағы "ядролық қарудың" деген сөздер "жаппай қырып жоятын қарудың" деген сөздермен ауыстырылсын;        2. Кіріспенің үшінші абзацындағы және І-баптың ә. тармағындағы "Қазақстан Республикасынан ядролық қарудың" деген сөздер "Ядролық, биологиялық, химиялық және радиологиялық қаруды қоса алғанда, жаппай қырып жоятын қарудың" деген сөздермен ауыстырылсын;        3. І-баптың бірінші абзацындағы "ядролық қаруды жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге байланысты әр түрлі мақсаттарға жәрдемдеседі, сонымен бірге:" деген сөздер "жаппай қырып жоятын қарудың және оған байланысты материалдардың, технологиялар мен білімдерді қоса алғанда, бірақ шектеусіз жоюына және таралуына жол бермеуге байланысты әр түрлі мақсаттарға жәрдемдеседі:" деген сөздермен ауыстырылсын;        4. І-баптың в. тармағындағы "Қазақстан Республикасында тұрған стратегиялық шабуыл қаруларын жоюға" деген сөздер "Жаппай қырып жоятын қарудың және оған байланысты материалдардың, технологиялар мен білімдердің таралуына жол бермеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;        5. XII баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Мұндай босатулардың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды."; және        6. XIV бап мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Келісім оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және жеті жыл бойы күшінде болады. Егер Тараптардың бір де біреуі екінші Тарапты тиісті жеті жылдық кезең аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей оның қолданысын ұзартпау туралы өзінің тілегін жазбаша нысанда хабардар етпесе ол кейінгі жеті жылдық кезеңге өзінен-өзі ұзартылады. Осы Келісім өзінің қолданысын осындай хабарды алғаннан кейін үш айдан соң тоқтатады. Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша түзетулер енгізілуі мүмкін. Егер Тараптар өзгеше келіспесе ғана осы Келісімнің немесе атқарушы келісімдердің қолданысын тоқтатуына байланыссыз, осы Келісімнің VI және VII баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының міндеттемесі уақытша шеңберлерге қарамастан күшінде болуын жалғастырады.".  

        Осы Түзету қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады, Америка Құрама Штаттарының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметінен оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енеді және Келісім күшіне енген сәттен бастап қолданылады.  

      Қойылған қолды куәландырып, төменде қол қойғандар, оған тиісті түрде өздерінің тиісті Үкіметтерінен уәкілеттік алғандар осы Түзетуге қол қойды.  

      Вашингтон қаласында 2007 жылғы 13 желтоқсанда әрқайсысы қазақ және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды. Осы Түзетудің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.  

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ             АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ               ҮШІН                                 ҮШІН  

        2007 жылғы 13 желтоқсанда Вашингтонда жасалған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты Келісімге түзетулердің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.  

      Қазақстан Республикасы        Сыртқы істер министрлігі        Халықаралық-құқық департаментінің        Басқарма бастығы                                 Б. Пискорский  

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

50-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату тәртібі

50-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату тәртібі Түсініктеме берілген мақалада заңды тұлғаны тарату рәсімі егжей-тегжейлі реттел...

Толық оқу »

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді ұзарту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жа...

Толық оқу »

116-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау Оңалту және банкроттық туралы Заңы

116-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғауОңалту және банкроттық туралы Заңы      Сот осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарысты жағдай туындағанда және оны реттеу (жою) кезінде көмек көрсетуде өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарысты жағдай туындағанда және оны реттеу (жою) кезінд...

Толық оқу »

Салық органдарының заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мәжбүрлеп тарату мен қызметін тоқтату туралы

Салық органдарының заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мәжбүрлеп тарату мен қызметін тоқтату туралы Сотқа бағыныстылық және соттылық бойынша. Сот ісін жүргізу тілі. Істі сот...

Толық оқу »

Банкроттық салдарынан заңды тұлға таратылған кезде мемлекет оның құқықтық мирасқоры болып табылмайды.

Банкроттық салдарынан заңды тұлға таратылған кезде мемлекет оның құқықтық мирасқоры болып табылмайды.Д.сотқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Ми...

Толық оқу »

49-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату негіздері

49-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату негіздері Тарату ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін.Республикалық мемл...

Толық оқу »

Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы N 4 Нормативтік қаулысы.

Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралыҚазақстан Республикасы Жоғар...

Толық оқу »

Заңды тұлғаны тарату тәртібі

Заңды тұлғаны тарату тәртібі📘 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 50-бабы: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ ТАРАТУ ТӘРТІБІ🔹 1. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАҚР Азаматтық кодексінің 50-бабы заңды т...

Толық оқу »