Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодексі / 49-бап. Заңды тұлғаны тарату негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

49-бап. Заңды тұлғаны тарату негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

49-бап. Заңды тұлғаны тарату негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 

      1. Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттарында осыған уәкiлеттiк берiлген органының шешiмi бойынша заңды тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы мүмкiн.

      Заңды тұлға – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын, арнайы қаржы компаниясын тарату Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау, сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.

      2. Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға:

      1) банкрот болған;

      2) заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған;

      3) орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;

      4) қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырған:

      заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырған;

      қызметін тиісті лицензиясыз не заңнамалық актілерде тыйым салынған қызметті жүзеге асырған;

      5) басқа да заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда таратылуы мүмкін.

      3. Осы баптың екiншi тармағындағы аталған негiздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талапты заң актiлерiнде осындай талап қоюға құқық берiлген мемлекеттiк орган, ал банкрот болған жағдайда - несие берушiлер де сотқа беруi мүмкiн.

      Заңды тұлғаны тарату туралы сот шешiмiмен заңды тұлғаны таратуды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер оның мүлкiнің меншiк иесіне, меншік иесі уәкілеттік берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органға, заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату рәсіміне бастамашылық жасаған органға (тұлғаға) не өзге органға (тұлғаға), егер осы органның (тұлғаның) заңды тұлғаны тарату жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, жүктелуi мүмкiн.

      4. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiппен оны тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгiленген тәртiппен таратылуға тиіс.

      5. Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi мемлекет уәкiлдiк берген тиiстi органның шешiмiмен заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша таратылуы мүмкiн.

      Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.01.21 № 68-I, 1997.06.19 № 134-I, 1998.03.02 № 211, 2000.12.18 № 128, 2001.12.24 № 276 (2002.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.02.20 № 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 № 225, 2007.07.21 № 299, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

50-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату тәртібі

50-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату тәртібі Түсініктеме берілген мақалада заңды тұлғаны тарату рәсімі егжей-тегжейлі реттел...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге Түзетуді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға жә...

Толық оқу »

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді ұзарту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жа...

Толық оқу »

116-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау Оңалту және банкроттық туралы Заңы

116-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғауОңалту және банкроттық туралы Заңы      Сот осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарысты жағдай туындағанда және оны реттеу (жою) кезінде көмек көрсетуде өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарысты жағдай туындағанда және оны реттеу (жою) кезінд...

Толық оқу »

Салық органдарының заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мәжбүрлеп тарату мен қызметін тоқтату туралы

Салық органдарының заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мәжбүрлеп тарату мен қызметін тоқтату туралы Сотқа бағыныстылық және соттылық бойынша. Сот ісін жүргізу тілі. Істі сот...

Толық оқу »

Банкроттық салдарынан заңды тұлға таратылған кезде мемлекет оның құқықтық мирасқоры болып табылмайды.

Банкроттық салдарынан заңды тұлға таратылған кезде мемлекет оның құқықтық мирасқоры болып табылмайды.Д.сотқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Ми...

Толық оқу »

49-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату негіздері

49-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату негіздері Тарату ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін.Республикалық мемл...

Толық оқу »

Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы N 4 Нормативтік қаулысы.

Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралыҚазақстан Республикасы Жоғар...

Толық оқу »

Заңды тұлғаны тарату тәртібі

Заңды тұлғаны тарату тәртібі📘 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 50-бабы: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ ТАРАТУ ТӘРТІБІ🔹 1. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАҚР Азаматтық кодексінің 50-бабы заңды т...

Толық оқу »