Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы N 4 Нормативтік қаулысы.

Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы N 4 Нормативтік қаулысы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді
  • Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы N 4 Нормативтік қаулысы.

  •       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "конкурстық басқарушы", "конкурстық іс жүргізуді", "Конкурстық басқарушының", "конкурстық басқарушының", "конкурстық іс жүргізу", "Конкурстық іс жүргізу" деген сөздер тиісінше "банкроттық басқарушы", "банкроттық рәсімдерді", "Банкроттық басқарушының", "банкроттық басқарушының", "банкроттық рәсімдер", "Банкроттық рәсімдер" деген сөздермен; "77" деген цифрлар "102" деген цифрлармен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезiнде азаматтардың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңдарды соттардың бiркелкi қолдануы мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

  •        қаулы етеді:

  •       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        1-1. Төлемдерді капиталға айналдыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ай сайынғы төлемдерді төлеу жүзеге асырылады (АК-нің 945-бабының 4-тармағы).

  •        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Ережелерге сәйкес, көрсетілген тәртіппен ай сайынғы төлемдерді алуға құқығы бар адамдар кәсіпорынды банкрот деп тану туралы, зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған соманы төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы сот шешімдерінің көшірмелерін, сот бекіткен бірінші кезектегі кредиторлардың талаптарының тізілімін ұсынуы қажет. Жоғарыда көрсетілген адамдардың талап етуі бойынша құжаттардың куәландырылған көшірмелерін кәсіпорынды банкрот деп тану туралы істі қараған сот ұсынады.

  •       Капиталдандырылған соманы төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы соттың жаңа шешімін шығару олар 70 жасқа толғаннан кейін талап етілмейді.

  •       Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5 Нормативтік қаулысымен.

  •        Осы орайда, келтiрген зиян үшiн жауапты заңды тұлғаның АК-нiң  937-ден бастап 944-ті қоса алғанда баптарымен белгiленген негіздер мен тәртіп бойынша ай сайынғы және басқа да қосымша төлемдер жасау мiндеттемесi жаңаша - жәбiрленушi тұлғаға капиталға айналдырылған соманы бiр уақытта төлеу мiндеттемесiмен ауыстырылады. Мұндай төлемдi жәбiрленушiнің талабы бойынша келтiрiлген зиянның орнын толтыру үшiн төленген өтемақы ретiнде түсiну керек.

  •       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Жәбiрленушінің денсаулығына нұқсан келгенше оның алып жүрген жалақысынан (кiрiсiнен) немесе оның бөлiгінен айырылуына байланысты зиян үшiн жауапты тұлға олардың орнын толтыру үшiн төлейтiн ай сайынғы өтемдерiн - мерзiмдiк төлемдер деп түсiнген жөн.

  •        Зиянды өтеу бойынша заңдармен белгіленген өзге төлемдер (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрi-дәрмек сатып алуға, протез салуға, басқаның күтім жасауына, санаторлық-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға және басқаларға арналған шығыстар) капиталға айналдыру кезiнде есептелмейді.

  •        Заңның  102-бабына сай көзделген тәртіппен айқындалған капиталға айналдырылған төлем (өтемақы) сомасы индексациялауға, сондай-ақ азаматқа белгіленген мүгедектік тобының өзгеруiне байланысты көбейту немесе азайту нысанында қайта қаралуға жатпайды.

  •       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулысымен.

  •        Осыған байланысты кредиторлардың талаптарының тiзiлiмiн қалыптастырған кезде банкроттық басқарушы келтiрiлген зиян үшiн белгiленген тәртiпте жауапты деп танылған және оны банкрот деп таныған сәтте тиiстi төлемдер жүргiзген таратылатын заңды тұлғаның зиян шеккен тұлғаларға төлейтiн ай сайынғы төлемдерiн капиталға айналдыруға мiндеттi.

  •        Егер тарату рәсiмдерiн өткiзу кезiнде таратылатын заңды тұлға сот шешiмiмен өзiнің қызметкерiне келтiрiлген зиян (атап айтқанда, пайда болған кәсіби ауруы) үшін жауапты деп танылса, онда тарату рәсiмдерi аяқталғанға дейiн азаматтың өтінiшi бойынша жоғалған табысты (кiрiстi) өтеу үшiн ай сайынғы төлемдер сомасы анықталады және ол Заңның 102-бабымен белгіленген тәртіпте капиталға айналдыруға жатады.

  •        Өткен кезеңдер үшін жоғалған табыстың (кірістің) ай сайынғы төлемдері бойынша қарызы, егер мұндай қарыз бар болса немесе сот шешiмiмен заңды тұлғаны банкрот деп танылған сәтте анықталса, кредиторлардың талаптарының тiзiлімiне бiрiншi кезекте енгізiледi.

  •        Жоғарыда баяндалған тәртiпте капиталға айналдырылған төлемдердi азаматтың өтiнiшi бойынша бiр уақытта төлеу өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн заңды тұлғаның мiндеттемелерінің толық көлемде тоқтауына әкеп соғады.

  •        Егер бiрiншi кезектегi кредиторлардың аты-жөндері жазылған тiзiм көлемдi болса, онда сот ұйғарымында есептелген және бiрiншi кезек бойынша капиталға айналдыру кезiнде төленбеген жалпы сома және кредиторлардың талаптарының тiзiмiне сiлтеме жасауына болады. Банкроттық басқарушының қолы қойылып кредиторлардың заңды тұлғаны тарату аяқталған күнге дейiнгi талаптары көрсетiлген тiзiлiмдердiң көшiрмелерi немесе тiзілімнiң тиiсiнше куәландырылған көшірмесi және соттың банкроттық рәсімдерді аяқтау туралы ұйғарымы азаматтың капиталға айналдырылған төлемдердi төлеу туралы талаптарымен мемлекетке жүгіну құқығын дәлелдейтiн құжаттар болып табылады.

  •        Алайда, егер мерзiмдiк төлемдердi капиталға айналдыру банкроттық басқарушының кiнәсiнен жүргiзiлмесе және бұл қатенi сот банкроттық рәсімдерді аяқтау туралы ұйғарым шығарған кезде түземесе немесе кәсiби ауруға шалдығуы салдарынан азамат еңбек қабiлеттілiгiн жоғалтқандығы заңды тұлға банкроттық негiз бойынша таратылғаннан кейiн анықталса, азамат заңмен белгiленген тәртiпте мемлекетке зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгiнуге құқылы.

  •        Капиталға айналдырылған төлемдерді өндiру туралы iстер бойынша мемлекеттiк баж алынбайды.

  •        Осыған байланысты жәбiрленушi азаматқа аударылған және бiріншi кезектегi кредиторлардың талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлген, бiрақ олар тарату барысында толық немесе iшiнара алынбаса немесе өтемақы сомасы сот шешiмi бойынша мемлекеттен өндiрiлмесе, онда олар мұра құрамына енгізiледi. Оны төлеу туралы талапты мұрагерлер мұрагерлiк туралы заңнамамен белгiленген тәртіпте және мерзiмде қоя алады.

  •  Қазақстан Республикасы  
     Жоғарғы Сотының Төрағасы  
     Қазақстан Республикасы  
     Жоғарғы Сотының судьясы,  
     жалпы отырыс хатшысы  
  • © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

  • Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

50-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату тәртібі

50-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату тәртібі Түсініктеме берілген мақалада заңды тұлғаны тарату рәсімі егжей-тегжейлі реттел...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге Түзетуді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға жә...

Толық оқу »

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді ұзарту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы

1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жа...

Толық оқу »

116-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау Оңалту және банкроттық туралы Заңы

116-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғауОңалту және банкроттық туралы Заңы      Сот осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарысты жағдай туындағанда және оны реттеу (жою) кезінде көмек көрсетуде өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекаралық және өзге де ведомстволарының сыртқы шекараларда дағдарысты жағдай туындағанда және оны реттеу (жою) кезінд...

Толық оқу »

Салық органдарының заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мәжбүрлеп тарату мен қызметін тоқтату туралы

Салық органдарының заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мәжбүрлеп тарату мен қызметін тоқтату туралы Сотқа бағыныстылық және соттылық бойынша. Сот ісін жүргізу тілі. Істі сот...

Толық оқу »

Банкроттық салдарынан заңды тұлға таратылған кезде мемлекет оның құқықтық мирасқоры болып табылмайды.

Банкроттық салдарынан заңды тұлға таратылған кезде мемлекет оның құқықтық мирасқоры болып табылмайды.Д.сотқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Ми...

Толық оқу »

49-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату негіздері

49-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату негіздері Тарату ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін.Республикалық мемл...

Толық оқу »

Заңды тұлғаны тарату тәртібі

Заңды тұлғаны тарату тәртібі📘 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 50-бабы: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ ТАРАТУ ТӘРТІБІ🔹 1. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАҚР Азаматтық кодексінің 50-бабы заңды т...

Толық оқу »