526-бап. Төлеушiнiң тұрақты рентаны сатып алу құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Тұрақты рента төлеушi рентаны сатып алу жолымен оны одан әрi төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Бұлайша бас тарту рента төлеушi рента төлеу тоқтатылғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей немесе шартта көзделген неғұрлым ұзақ мерзiмде жазбаша түрде мәлiмдеген жағдайда жарамды болады. Бұл орайда рента төлеу жөнiндегi мiндеттеме, егер шартта сатып-алудың өзгеше тәртiбi көзделмесе, рента алушы барлық сатып алу сомасын алғанға дейiн тоқтатылмайды.
3. Тұрақты рента төлеушiнiң оны сатып алу құқығынан бас тарту туралы шарт талабы маңызсыз болады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы