Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 66-бап. Мердiгер таңдау  Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

66-бап. Мердiгер таңдау  Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

    66-бап. Мердiгер таңдау  Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы 

      1. Тапсырысшының (инвестордың не оның уәкiлдiк берген адамының) мемлекеттiк сатып алуға жатпайтын мердiгерлiк жұмыстарды орындау үшiн мердiгер таңдауы:  

      1) егер бұл жоба (бағдарлама) үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, конкурс өткiзiлмей;  

      2) жабық немесе ашық конкурстың (тендердiң) нәтижелерi бойынша;  

      3) конкурсқа (тендерге) қатысуға үмiткерлердiң алдын ала бiлiктiлiгi арқылы немесе онсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.  

      2. Мердiгерлiк жұмыстарға конкурстардың (тендерлердiң) негiзгi қатысушылары:  

      1) тапсырысшы не оның тапсырысшы өкiлеттiктерi негiзiнде жұмыс iстейтiн уәкiлдiк берген адамы арқылы конкурстарды (тендерлердi) ұйымдастырушы (өткiзушi);  

      2) конкурстың қазылар алқасы (тендер комиссиясы) - конкурсты (тендердi) ұйымдастырушының (өткiзушiнiң) тұрақты немесе уақытша алқалық жұмыс органы;  

      3) үмiткерлер - ұйымдастырушыға (өткiзушiге) ашық конкурсқа қатысу ниетi туралы өтiнiм берiп, ресми түрде өтiнiш жасаған, конкурсқа (тендерге) қатысуға жiберiлген тұлғалар, сондай-ақ жабық конкурсқа (тендерге) қатысуға шақыру алған тұлғалар.  

      3. Мердiгер таңдау жөнінде конкурс (тендер) өткiзу туралы шешiм қабылдаған кезде, сондай-ақ жобаны (бағдарламаны) iске асырудың басында тапсырысшының:  

      1) құрылыс үшiн қажеттi қаржыландыру көздерi немесе жобаны (бағдарламаны) iске асыру үшiн керек етiлетiн уақыт кезеңiнде қажеттi сомаға билiк ету құқығы болуға тиiс. Бұл ереже құрылысты мердiгердiң қаржыландыруы жөнiндегi талап конкурс (тендер) ережелерiне енгiзiлген жағдайда қолданылмайды;  

      2) жер учаскесiне (құрылысқа арналған алаңға немесе трассаға) тиiстi құқықтары немесе атқарушы органның оны беру туралы шешiмi болуға тиiс.  

      4. Егер мердiгерді таңдау жөніндегi конкурс (тендер) шарттарында инвестицияларға негіздемелер жасау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеу тапсырыс берушінің мiндетiне кiретіні айқындалса, онда мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) өткiзу кезiнде тапсырыс берушіде қажеттi мiндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен, белгiленген тәртiппен бекiтiлген инвестициялар негіздемесі мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы болуы мiндеттi. 

      5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағы мердiгер таңдау жөніндегi ашық конкурс (тендер) ұйымдастырылатын және өткiзiлетiн жер болып табылады.  

      6. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, конкурстың (тендердiң) тәртiбi мен талаптарын тапсырысшы немесе оның тапсыруымен конкурсты ұйымдастырушы (өткiзушi) белгiлейдi.  

      7. Конкурстарға (тендерлерге) қатысуға:  

      1) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметтi жүргiзуге заңдарда белгiленген тәртiппен рұқсат етiлмеген жеке және заңды тұлғалар;  

      2) банкрот деп жарияланған заңды тұлғалар;  

      3) конкурсты (тендердi) ұйымдастырушылар (өткiзушiлер) не оның қазылар алқасының (тендер комиссиясының) мүшелерi болып табылатын тұлғалар;  

      4) заңдарда белгiленген тәртiппен тiркелмеген ұйымдар жiберiлмейдi.  

      8. Тапсырысшының не конкурсты (тендердi) ұйымдастырушының (өткiзушiнiң) және қазылар алқасының (тендер комиссиясының) үмiткерден оның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпаратты мiндеттi түрде берудi талап етуге құқығы жоқ.  

      9. Мердiгерлiк жұмыстарға өткiзiлген конкурсты (тендердi) өттi деп хабарлау және тапсырысшының қатысушылардың бiрiн жеңiмпаз (жеңiмпаздар) деп бекiтуi (тануы) олардың арасында конкурс талаптарында көзделген мердiгерлiк жұмыстарды орындауға шарт жасасуға негiз болып табылады.  

      10. Тапсырысшы, мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) ұйымдастырушы (өткiзушi) және конкурстың қазылар алқасы (тендер комиссиясы) өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасы заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.  

      11. Мемлекеттiк сатып алуға жатпайтын мердiгерлiк жұмыстар тапсырысшы (жобаның немесе бағдарламаның инвесторы) мен ол таңдаған мердiгер (бас мердiгер) арасында жасалатын шарт негiзiнде орындалады.  

      Мердiгерлiк шартта мердiгер (бас мердiгер) iшкi мердiгерлердiң орындауына бермекшi болып отырған жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) түрлерi мен көлемi мiндеттi түрде көрсетiледi. Бұл орайда бүкiл мердiгерлiк жұмыстардың шартта көзделген құнының (мердiгерлiк бағаның) жинақтап алғанда үштен екi бөлiгiнен астамын iшкi мердiгерлiкке беруге рұқсат етiлмейдi.  

      Мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалатын (көрсетілетін), жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) шекті көлемдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалады. 

      12. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тапсырысшының мердiгер алдындағы және мердiгердiң тапсырысшы алдындағы мiндеттерi мен жауапкершiлiгi мердiгерлiк шартпен белгiленедi.  

      13. Мердiгерлiк шартта мердiгердiң қаржылық жауаптылығын анықтайтын, құрылыс объектiсiнiң пайдалануға берiлгеннен кейiнгi тұрақты жұмыс iстеуiнiң кепiлдi мерзiмдерi белгiленедi.  

      Мердiгерлiк шартта кепiлдi мерзiмдер белгiленбеген жағдайда осы Заңның 69-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген норма қолданылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.   

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

34-3-бап. Мердігердің (бас мердігердің) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

    34-3-бап. Мердігердің (бас мердігердің) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Мердігер (бас м...

Толық оқу »

Тұрақсыздық айыбы мен залал берешегінің сомасын өндіріп алу туралы құрылыс мердігерлік шарты бойынша азаматтық іс.

Тұрақсыздық айыбы мен залал берешегінің сомасын өндіріп алу туралы құрылыс мердігерлік шарты бойынша азаматтық іс.2025 жылғы 12 маусымда № 6309-24-00-2/3702 Шығыс Қазақстан об...

Толық оқу »

665-бап. Құрылыс мердігерлігі шартындағы сапа кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

665-бап. Құрылыс мердігерлігі шартындағы сапа кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер құрылыс мердігерлігі шартында өзгеше көзделмесе, мердігер құры...

Толық оқу »

Құрылыс мердігерлік шарты бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот талап қоюы

Құрылыс мердігерлік шарты бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот талап қоюыАлматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экон...

Толық оқу »

635-бап. Мердiгердiң жұмыс сапасының тиiстi дәрежеде болмауы үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

635-бап. Мердiгердiң жұмыс сапасының тиiстi дәрежеде болмауы үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер жұмысты мердiгер шарттан жұмысты нашарлата...

Толық оқу »

664-бап. Мердiгердiң жұмыстардың сапасы үшiн жауаптылығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

664-бап. Мердiгердiң жұмыстардың сапасы үшiн жауаптылығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Мердiгер шартта, жобада және тараптар үшiн мiндеттi құрылыс нормалары мен...

Толық оқу »

Құрылыс мердігерлік шарттары бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы талапқа қарсы пікір

Құрылыс мердігерлік шарттары бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы талапқа қарсы пікірМамандандырылған ауданаралықШҚО бойынша Экономикалық сотШҚО. Өскемен қ., ат. Шәкәрім...

Толық оқу »

637-бап. Мердiгердiң тапсырысшыға ақпарат беру мiндетi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

637-бап. Мердiгердiң тапсырысшыға ақпарат беру мiндетi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiмен бiрге, егер бұл шартта көзделсе н...

Толық оқу »

Құрылыс мердігерлік шарты бойынша келтірілген материалдық залалды өтеу туралы талапқа нақтылау туралы өтініш

Құрылыс мердігерлік шарты бойынша келтірілген материалдық залалды өтеу туралы талапқа нақтылау туралы өтінішМамандандырылған ауданаралықШҚО бойынша Экономикалық сотШҚО. Өскеме...

Толық оқу »

617-бап. Жұмысты мердiгердiң қарамағында орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

617-бап. Жұмысты мердiгердiң қарамағында орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң қарамағында: соның материалд...

Толық оқу »

Құрылыс мердігерлік шарты бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін жарамды деп тану

Құрылыс мердігерлік шарты бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін жарамды деп тануМердігердің жұмыс нәтижелерін тапсыруы және оларды тапсырыс берушінің қабылдауы екі...

Толық оқу »

Мердігерлік шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу / сотта мүдделерді білдіру / бизнесті құқықтық қорғау

Мердігерлік шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу / сотта мүдделерді білдіру / бизнесті құқықтық қорғау"..."ЖШС (бұдан әрі Талапкер/бас мердігер) мен "....."(Бұдан әрі-жауапк...

Толық оқу »

626-бап. Тапсырысшы берген мүлiктiң сақталмағаны үшiн мердiгердiң жауаптылығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

626-бап. Тапсырысшы берген мүлiктiң сақталмағаны үшiн мердiгердiң жауаптылығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Мердiгерлiк шартты орындауға байланысты мердiгердiң и...

Толық оқу »

Қаржыландыруды ұлғайту жөніндегі мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа жобалау-сметалық құжаттаманы қайта қарау міндетін жүктеу

Қаржыландыруды ұлғайту жөніндегі мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа жобалау-сметалық құжаттаманы қайта қарау міндетін жүктеуСот ЖШС-нің талабын қанағат...

Толық оқу »

Құрылыс-мердігерлік жұмыстарды орындау жөніндегі шарттар бойынша келтірілген материалдық залалды өтеу туралы талап қою

Құрылыс-мердігерлік жұмыстарды орындау жөніндегі шарттар бойынша келтірілген материалдық залалды өтеу туралы талап қоюМамандандырылған ауданаралықШҚО бойынша Экономикалық сотШ...

Толық оқу »

631-бап. Мердiгерлiк нысанасы жойылған немесе жұмысты аяқтау мүмкiн болмаған жағдайдағы тараптар арасындағы есеп айырысу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

631-бап. Мердiгерлiк нысанасы жойылған немесе жұмысты аяқтау мүмкiн болмаған жағдайдағы тараптар арасындағы есеп айырысу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Егер мердi...

Толық оқу »

628-бап. Мердiгер тапсырысшыға Ескертуге мiндеттi мән-жайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

628-бап. Мердiгер тапсырысшыға Ескертуге мiндеттi мән-жайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мердiгер: 1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техник...

Толық оқу »

682-бап. Мердiгердiң (атқарушының) шартты бұзғаны үшін жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

682-бап. Мердiгердiң (атқарушының) шартты бұзғаны үшін жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Мердігер (атқарушы) тапсырыс берушінің алдында ғылыми-зерт...

Толық оқу »

679-бап. Мердiгердiң (атқарушының) мiндеттерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

679-бап. Мердiгердiң (атқарушының) мiндеттерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына не тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарғ...

Толық оқу »

661-бап. Мердiгердiң қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi мiндеттерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

661-бап. Мердiгердiң қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi мiндеттерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Егер қоршаған ортаны қорғ...

Толық оқу »

67-бап. Мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) нәтижелерiн жарамсыз деп тану Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы

  67-бап. Мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) нәтижелерiн жарамсыз деп тану Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы      1. Мерд...

Толық оқу »

Шарттық қатынастар, "кілтпен" құрылыс туралы шарт кезінде мердігер Құрылыс және оны қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттерді өзіне алады және шарт талаптарына сәйкес пайдалануға дайын объектіні Тапсырыс берушіге тапсыруға тиіс

Шарттық қатынастар, "кілтпен" құрылыс туралы шарт кезінде мердігер Құрылыс және оны қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттерді өзіне алады және шарт талаптарына сәйкес пайдалан...

Толық оқу »

645-бап. Жұмысты мердiгердiң материалынан орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

645-бап. Жұмысты мердiгердiң материалынан орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс мердiгердiң материалынан орында...

Толық оқу »

652-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлісу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

652-бап. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлісу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Құрылыс объектiсi жұмысты өткiзудiң шартта белгiленген мерзiмi аяқт...

Толық оқу »