Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 651-бап. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

651-бап. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

651-бап. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 

     1. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты бойынша мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға және ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттенедi.

      2. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты кәсiпорынды, үйдi (оның iшiнде тұрғын үйдi), ғимаратты немесе өзге де объектiнi салуға немесе қайта жаңартуға, сондай-ақ монтаждау, iске қосу-жөнге келтiру және салынып жатқан объектiмен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды орындауға жасалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы параграфтың ережелерi үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу кезiнде де қолданылады.

      Егер мұның өзi шартта көзделген болса, мердiгер объектiнi пайдалануға берудi тапсырысшы объектiнi қабылдағаннан кейiн шартта көрсетiлген мерзiм iшiнде қамтамасыз етуге мiндеттеме алады.

      3. Құрылысты толық аяқтау туралы шарт жасасу кезiнде мердiгер өзiне құрылыс және оны қамтамасыз ету жөнiндегi барлық мiндеттеменi алады және шарт ережелерiне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объектiнi тапсыруға тиiс.

      4. Аяқталмаған құрылысты тапсырыс берушіге тапсырғанға дейiн және жұмыстарға төлем жасалғанға дейiн мердігер (үлестік тұрғын үй құрылысының объектілерін қоспағанда) оның меншік иесi болып табылады.

      5. Құрылыс, мердiгерлiгi шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттерiн қанағаттандыру үшiн орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиiсiнше тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшының құқықтары туралы ережелер қолданылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      6-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Жеке, заңды тұлғаның және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғаның (жай серіктестік, консорциум) салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі пәтерге және (немесе) тұрғын емес үй-жайға немесе жеке тұрғын үйге, немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы олардың үлесіне меншік құқығын немесе өзге де заттай құқықтарын иемденуді көздейтін мәміле "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құрылыс мердігерлігі шартына жатпайды.

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы