665-бап. Құрылыс мердігерлігі шартындағы сапа кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Егер құрылыс мердігерлігі шартында өзгеше көзделмесе, мердігер құрылыс объектiсiнiң жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген көрсеткiштерге жеткiзiлуiне және шартқа сәйкес кепiлдi мерзiм iшiнде объектiнi пайдалану мүмкiндiгiне кепiлдiк бередi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгедей кепiлдiк мерзiмі көзделмесе, кепілдiк мерзiмi тапсырысшы объектiнi қабылдаған күннен бастап он жыл болады.
2. Кепілдiк мерзiмi шегiнде анықталған кемшiлiктер үшiн егер, объектiнiң немесе оның бөлiктерiнiң қалыпты тозуының, оны дұрыс пайдаланбаудың немесе тапсырысшы өзi немесе ол тартқан үшiншi тұлғалар жасаған пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың дұрыс болмауының, объектіні тапсырысшының өзі немесе ол тартқан үшінші тұлғалар жөндеуді тиісті дәрежеде жүргізбеуі салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мердігер жауапты болады.
3. Мердiгер жауап беретiн кемшіліктердің (ақаулардың немесе шала істелген жұмыстың) салдарынан объект пайдаланыла алмаған барлық уақытқа кепiлдiк мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады.
4. Кепілдік мерзімнің ішінде осы Кодекстің 630-бабының 4-тармағында көрсетiлген кемшiлiктер анықталған кезде тапсырысшы олар анықталғаннан кейін қисынды мерзімде олар туралы мердігерге мәлімдеуге тиіс.
5. Құрылыс мердігерлігі шартында кепілдік мерзім анықталғанға дейiн сметада көрсетiлiп, шартта көзделген жұмыс бағасының бiр бөлiгiн тапсырысшының ұстап қалу құқығы көзделуі мүмкін.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы