763-бап. Iс бойынша іс жүргiзуге қатысуына жол берiлмейтiн тұлғаларға қарсылық білдіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Қорғаушының, өкiлдiң, прокурордың, сарапшының және аудармашының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысу мүмкiндiгiн болғызбайтын, осы Кодекстiң 762-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде аталған тұлғалар қарсылық білдіруге жатады.
2. Өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру туралы арыз жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) берiледi.
3. Өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру туралы арыз берiлген күнiнен бастап үш тәулік ішінде қаралады.
4. Судья, орган (лауазымды адам) өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру туралы арызды қарап, арызды қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы