67-бап. Лауазымды адамға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
1. Егер лауазымды адам:
1) әкімшілік рәсімге қатысушы немесе оның өкілі ретінде осы әкімшілік рәсімге қатысқан болса;
2) әкімшілік рәсімге қатысушының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылса;
3) әкімшілік рәсімге қатысушыға қызметтік немесе өзге де тәуелді болса;
4) әкiмшiлiк iстің нәтижесiне жеке-дара, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса не оның объективтiлiгi мен әділдігі туралы күмән туғызатын өзге де мән-жайлар бар болса, ол әкімшілік рәсімді жүзеге асыра алмайды.
2. Тұлғаның лауазымды адам ретiнде әкiмшiлiк рәсімді бұрын жүзеге асыруы оның әкiмшiлiк рәсімге тиiстi дәрежеде одан әрi қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
3. Лауазымды адамға мәлімделген қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) ол мәлімделген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде рұқсат беріледі.
4. Әкімшілік рәсімді жүзеге асыратын лауазымды адамға мәлімделген қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) жоғары тұрған лауазымды адам рұқсат береді.
5. Әкімшілік органның алқалы құрамы әкімшілік істі қарау кезінде лауазымды адамдардың біріне мәлімделген қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) әкімшілік органның алқалы құрамының басқа лауазымды адамдары рұқсат береді.
6. Әкімшілік органның басшысына мәлімделген қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) жоғары тұрған әкімшілік орган рұқсат береді.
7. Жоғары тұрған әкімшілік органы жоқ әкімшілік органның басшысына мәлімделген қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) Қазақстан Республикасының заңында аталған тұлға рұқсат береді.
Егер заңда тиісті тұлға көзделмесе, қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) әкімшілік орган басшысының орынбасары, ал ол болмаған кезде басқа лауазымды адам рұқсат береді.
8. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қанағаттандырылса, әкімшілік рәсімді Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа лауазымды адам жүзеге асырады.
9. Бұрын мәлімделген мән-жайларға байланысты қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы қайта арыз беруге жол берілмейді.
10. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау нәтижелері бойынша шешім шағым жасауға жатпайды.
11. Әкімшілік орган, лауазымды адам қабылданған шешім туралы әкімшілік рәсімге қатысушыны ол қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы