Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабына түсініктеме. Судьяға қарсылық білдіру

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабына түсініктеме. Судьяға қарсылық білдіру

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабына түсініктеме. Судьяға қарсылық білдіру

1. Судья, егер ол:

1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық істің соттылығы жатқызылған судья болып табылмаса;

2) осы қылмыстық іс бойынша тергеу судьясы ретінде қатысса, тергеу судьясының қаулыларына қатысты шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараса;

3) осы іс бойынша жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретінде шақырылса немесе шақырылуы мүмкін болса;

4) осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеуші, прокурор, қорғаушы, күдіктінің, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің өкілі ретінде қатысса;

5) жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің, күдіктінің, айыпталушының немесе оның заңды өкілінің, прокурордың, қорғаушының, тергеушінің немесе анықтаушының туысы не процестік қатысушылардың біреуімен жекжат болса;

6) судьяның осы іске жеке өзі тікелей немесе жанама түрде мүдделі деп санауға негіз болатын өзге де мән-жайлар болса, істі қарауға қатыса алмайды.

2. Қылмыстық істі қарайтын сот құрамына туыстық немесе өзге де жеке тәуелділік қатынастарымен байланысты адамдар кіре алмайды.

3. Қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья осы істі апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттарда қарауға, сондай-ақ оның қатысуымен шығарылған үкімнің немесе істі тоқтату туралы қаулының күші жойылған жағдайда істі бірінші сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды.

4. Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья оның қатысуымен қабылданған апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылғаннан кейін осы істі бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда қарауға, сондай-ақ істі кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатыса алмайды.

5. Істі кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья оның қатысуымен қабылданған қаулының күші жойылғаннан кейін осы істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттарда қарауға қатыса алмайды.

6. Істі алдыңғы сот сатыларында қарауға қатысқан судья сол істі кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатыса алмайды. Істі кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья сол істі төмен тұрған сатылардағы соттарда қарауға, сондай-ақ осы Кодекстің 484-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен кассациялық сатыдағы сот қаулыларын қайта қарауға қатыса алмайды.

7. Істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттарда қарауға қатысқан судья осы істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарауға қатыса алмайды.

8. Судьяға істі қарауға қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар белгілі болған кезде, қылмыстық процестің кез келген сатысында оған қарсылық білдірілуге тиіс.

9. Судьяға, сондай-ақ сот талқылауына қатысушыларға мәлімделген қарсылық білдіру туралы мәселені сот кеңесу бөлмесінде қаулы шығару арқылы шешеді.

10. Судьяға мәлімделген қарсылықты қарсылық білдірілген судьяның қатысуынсыз қалған судьялар шешеді. Қарсылық білдірілген судья судьялар кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін өзіне мәлімделген қарсылыққа қатысты түсініктемесін жария түрде баяндауға құқылы. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл құрамына мәлімделген қарсылықты сот толық құрамда дауыстардың көпшілік санымен шешеді. Дауыстар тең болған жағдайда судьяға қарсылық білдірілген болып есептеледі. Бұлтартпау шарасын қолдану немесе тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтінішхаттарды шешетін тергеу судьясына мәлімделген қарсылықты осы тергеу судьясының өзі қаулы шығару арқылы жеке-дара шешеді.

11. Осы Кодекстің 52-бабының бірінші бөлігіне сәйкес істі жеке-дара қарайтын судьяға мәлімделген қарсылықты осы соттың төрағасы немесе осы соттың басқа судьясы, ал олар болмаған жағдайда — жоғары тұрған соттың судьясы шешеді. Қарсылық білдіру туралы өтініш қанағаттандырылған жағдайда қылмыстық іс, шағым немесе өтінішхат белгіленген тәртіппен басқа судьяның іс жүргізуіне беріледі.

12. Қарсылық білдіруді қабылдамау немесе қанағаттандыру туралы қаулыға шағым жасауға (прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге) жатпайды. Қаулымен келіспеу туралы уәждер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына немесе сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатқа, наразылыққа енгізілуі мүмкін.

Ескертпе. 87-бапқа Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 378-V (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2017 жылғы 11 шілдедегі № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен өзгерістер енгізілген.

ҚР ҚПК-нің 51-бабының 2-бөлігінің нормасында айтылғандай, кез келген қылмыстық іс тек заңды, тәуелсіз, құзыретті және бейтарап сот құрамымен ғана қаралуы мүмкін. Сот қызметінің басқа да талаптарымен қатар, істі жүргізуден судьяларға қарсылық білдіру институты нормаларын заңды әрі негізді қолдану да соттың осындай сапасын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бүкіл қылмыстық процесс қылмыстық істі мәні бойынша тек соттың шешуі үшін жүзеге асырылатындықтан, өйткені қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру функциясы дәл осы сотқа тиесілі, ҚПК судьяға қатысты қарсылық білдірудің кез келген негізіне жататын мән-жайларды егжей-тегжейлі белгілейді.

ҚПК 87-бабы 1-бөлігінің 1-тармағының қағидалары судьялардың қылмыстық істерді қарау кезінде ҚПК-де белгіленген құзыретті қатаң сақтауға тиіс екенін білдіреді. Қылмыстық-процестік заң сот жүйесінің барлық буындары үшін қылмыстық істердің бірінші, апелляциялық, кассациялық сатыларда және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттылығын (құзыретін) жеткілікті түрде нақты ажыратады. Істің осы сотқа соттылығы жоқ екендігі туралы тараптардың өтініштері осы соттың өзінде шешіледі. Соттылық мәселесі бойынша шығарылған сот қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және оған шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды (ҚПК-нің 318-бабының 2-бөлігі).

3. ҚПК 87-бабы 1-бөлігінің 2-тармағының қағидалары тергеу судьясының қылмыстық істі мәні бойынша шешуге қандай жағдайлар болса да қатысуына біржақты түрде жол бермейді, өйткені тергеу судьясы болып жұмыс істеген кезеңде мұндай функция заң бойынша оның өкілеттіктеріне кірмейді, яғни оның тергеу судьясы болған істеріне қолданылмайды (ҚПК-нің 54-бабының 3-бөлігі, 55—56-баптары). Тиісінше, ҚПК-нің 107-бабы тәртібімен қылмыстық іс бойынша тергеу судьясының қаулыларына қатысты шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған жоғары тұрған соттың судьясы да осы шағымдар мен өтінішхаттар келіп түскен істі мәні бойынша қарауға қатыса алмайды. Керісінше жағдайда оның бейтараптығына және өзі қабылдаған сот шешімінің әділдігіне күмән туындауы мүмкін.

Судья қызметіндегі бейтараптықтың, заңдылық пен негізділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі ҚПК 87-бабы 1-бөлігінің 3—5-тармақтарында судьяға қарсылық білдіру негіздерінің белгіленуіне себеп болған: не судья өзі қарауға тиіс іс бойынша тарап болып табылады (ҚПК-нің 7-бабының 2, 18) тармақшалары), не осы істе қылмыстық процеске қатысатын өзге де тұлға ретінде әрекет етеді (ҚПК-нің 78—85-баптары), не айыптау немесе қорғау тарапынан біреудің туысы болып табылады. Аталған негіздер дербес сипатқа ие және әрқайсысы жеке қолданылады.

ҚПК-нің 87-бабының 1-бөлігі судьяға қарсылық білдірудің барлық негіздерін айқындау тұрғысынан толық аяқталған норма болып табылмайды. Судья, егер ол осы іске жеке өзі тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса, істі қарауға қатыса алмайды, — ҚПК 87-бабы 1-бөлігінің 6-тармағы қарсылық білдіру негіздерінің тізбесін осылайша толықтырады. Мысалы, бұрын сотталушымен немесе жәбірленушімен бір мектептің бір сыныбында, жоғары оқу орнының бір тобында оқыған; бір әскери бөлімде бірге әскери қызмет өткерген; тұрғылықты жері бойынша көршісі болып табылатын; бір кездері олармен немесе олардың жақын туыстарымен бірге жұмыс істеген; судьяның жұбайы мен процеске қатысушылардың жұбайлары достық қарым-қатынаста болған (бір-бірімен араласады, бірге оқыған) және тағы басқалар. Әрине, мұндай жағдайларда соңғы сөз судьяның өзіне тиесілі екенін ескеру қажет. Ол осындай мән-жайлардың болуы мүмкін екенін есте сақтауға тиіс және егер олар оның іс бойынша бейтараптығына нұқсан келтірсе, басты сот талқылауы басталғанға дейін де, сот отырысы барысында олар анықталған кезде де өздігінен бас тарту туралы мәлімдеуге міндетті.

Судьяға қарсылық білдіру үшін жоғарыда аталған мән-жайларға нақты судья сотқа келіп түскен қылмыстық істі зерделеу барысында-ақ назар аударуға тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 10 «Соттардың сотқа келіп түскен қылмыстық іс бойынша қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысында да осыған назар аударылған:

«Егер сотқа келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде судья ҚПК-нің 87-бабының тиісті бөліктерінде көрсетілген негіздер бойынша оның қылмыстық процеске қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын мән-жайларды анықтаса, онда судья осы іс бойынша істі қарауға дайындауға байланысты қандай да бір процестік әрекеттер жасамай және шешімдер қабылдамай, ҚПК-нің 86-бабының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес одан әрі іс жүргізуден шеттетілуге міндетті. Бұл туралы істі басқа судьяға белгіленген тәртіппен қайта бөлу жұмыстарын ұйымдастыру үшін сот төрағасына дереу жазбаша түрде хабарлайды.

Осы соттың барлық судьяларының істі қарауына кедергі келтіретін мән-жайлар болған жағдайда, судьяның немесе сот төрағасының ұсынуы бойынша іс алдын ала тыңдау өткізілместен, істі сол деңгейдегі басқа сотқа беру мәселесін шешу үшін жоғары тұрған сотқа жіберілуге жатады».

Алайда соттылығы бойынша істі қарауға тиіс соттан ҚПК-нің 317-бабында көрсетілген негіздер бойынша келіп түскен істі сол деңгейдегі басқа сотқа беру айыпталушының келісімі және процестің басқа қатысушыларының қарсылықтарының болмауы жағдайында ғана рұқсат етілетінін ескеру қажет. Осыған байланысты аталған мән-жайлар алдын ала тыңдау барысында анықталады (Жоғарғы Соттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 10 «Соттардың сотқа келіп түскен қылмыстық іс бойынша қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 9-тармағы).

Судьяға қарсылық білдіру негіздерін тізбелеуді аяқтай отырып, ҚПК-нің 87-бабының 2-бөлігі ҚПК-нің 86-бабының 3-бөлігінің нормасын дамыта келе, істі алқалы түрде қарайтын сот құрамының (ҚПК-нің 52-бабы) арасында әртүрлі нысандарда көрініс табуы мүмкін жеке тәуелділік қатынастарына жол берілмейтінін қосымша атап көрсетеді.

ҚПК-нің 87-бабының 3—7-бөліктерінің нормалары дұрыс түсінуді және біркелкі қолдануды талап етеді. Бұл нормалар судьяның бір қылмыстық іс бойынша сол немесе өзге сот құрамында бірнеше рет қатысуына жол бермейді. Нақты бір іс бойынша судья осы сапада тек бір рет қана қатыса алады. Бұл қағида осы қылмыстық іске қатысты болуы мүмкін барлық сот сатыларына, яғни процеске қатысушылардың, прокурордың шағымдары мен өтінішхаттары, сондай-ақ тиісті прокурорлардың наразылықтары бойынша іс бойынша түпкілікті сот актілерін қайта қарауды жүзеге асыратын барлық сатыларға қолданылады. Бұл — мызғымас қағида, оның негізінде де іс бойынша шығарылған үкімнің сот төрелігі талаптарына сай болуын, басқаша айтқанда, оның заңдылығын, негізділігін және әділдігін қамтамасыз ету мақсаты жатыр.

Судьяға қарсылық білдіру сот тергеуі басталғанға дейін мәлімделуге тиіс, өйткені мұндай процестің (тиісті емес судьямен) жалғасуы қылмыстық процестің кейінгі сатыларындағы іс жүргізудің барлығына күмән келтіруі мүмкін. Егер судьяға қарсылық білдіруді талап ететін мән-жайлар кейінірек анықталса, олар анықталған кезде қылмыстық процестің кез келген сатысында судьяға қарсылық білдірілуі мүмкін (ҚПК-нің 87-бабының 8-бөлігі). Мұны істі мәні бойынша қарайтын судьялар да, жоғары тұрған соттардың судьялары да толық түсінуге тиіс. Егер үкім соттың заңсыз құрамымен шығарылса, ол кез келген жағдайда апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттармен күшін жоюға жатады. Бұл ҚПК-нің 436-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында, 494-бабының 9-бөлігінде сөзсіз белгіленген.

Судьяға, судьяларға, істі қарайтын тергеу судьясына қарсылық білдіруді шешу тәртібі ҚПК-нің 87-бабының 9—11-бөліктерімен мынадай қағидалар бойынша реттеледі: бір судьяға қарсылық білдіру туралы мәселені сот құрамындағы қалған судьялар шешеді, бұл ретте судьяның осы өтінішке қатысты түсініктеме беру құқығы сақталады; соттың бүкіл құрамына қарсылық білдіру туралы мәселені осы құрамдағы барлық судьялар шешеді; істі жеке-дара қарайтын судьяға қарсылық білдіруді сот төрағасы немесе осы соттың өзге судьясы, ал олар болмаған жағдайда — жоғары тұрған соттың судьясы шешеді. Тергеу судьясына мәлімделген қарсылықты оның өзі қаулы шығару арқылы шешеді. Бұл жерде мынадай нақтылау қажет: заң бұл мәселелерді тергеу судьясына бұлтартпау шараларын қолдану немесе белгілі бір тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтінішхаттарды шешу кезінде мәлімделетін қарсылықтармен байланыстырады.

11. Жоғарыда келтірілген барлық жағдайларда судьяларға қарсылық білдіру немесе қарсылық білдіруден бас тарту туралы мәселе кеңесу бөлмесінде шығарылатын сот қаулысымен ресімделеді. Бұл қаулы түпкілікті болып табылады және оған шағым жасауға немесе наразылық білдіруге жатпайды. Алайда оған қарсы уәждер қылмыстық процеске қатысушылардың апелляциялық тәртіппен беретін шағымдарының, прокурорлардың өтінішхаттарының немесе қылмыстық процеске қатысушылардың кассациялық тәртіппен беретін сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттарының және прокурорлардың наразылықтарының бір бөлігі болуы мүмкін (ҚПК-нің 87-бабының 9, 12-бөліктері).

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Авторы: Қоғам қайраткері Марат Чекишұлы Қоғамов, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік істер Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

763-бап. Iс бойынша іс жүргiзуге қатысуына жол берiлмейтiн тұлғаларға қарсылық білдіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

763-бап. Iс бойынша іс жүргiзуге қатысуына жол берiлмейтiн тұлғаларға қарсылық білдіру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Қорғаушының,...

Толық оқу »

763-бапқа түсініктеме. Іс бойынша іс жүргізуге қатысуға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне жол берілмейтін адамдарға қарсылық білдіру

763-бапқа түсініктеме. Іс бойынша іс жүргізуге қатысуға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне жол берілмейтін адамдарға қарсылық білдіру 1. Ос...

Толық оқу »

93-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің сарапшысына қарсылық білдіру

93-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің сарапшысына қарсылық білдіру1 сарапшы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды:1) осы к...

Толық оқу »

87-бапқа түсініктеме. Судьяның Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бабына қарсылық білдіруі

87-бапқа түсініктеме. Судьяның Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бабына қарсылық білдіруі1 Судья істі қарауға қатыса алмайды, егер ол:1) осы Кодекске сәйк...

Толық оқу »

93-бап. Сарапшыға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

93-бап. Сарапшыға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сарапшы: 1) осы Кодекстiң87-бабындакөзделген мән-жайлардың кез келгенi болға...

Толық оқу »

67-бап. Лауазымды адамға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

67-бап. Лауазымды адамға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Егер лауазымды адам: 1) әкімшілік рәсімге қа...

Толық оқу »

33-4-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының қарсылық білдіруі Құқықтық актілер туралы Заңы

33-4-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының қарсылық білдіруіҚұқықтық актілер туралы Заңы      1. Ғылыми құқықтық сарапшының ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысуын болғызбайтын...

Толық оқу »

88-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің прокурорына қарсылық білдіру

88-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің прокурорына қарсылық білдіру1 Прокурор осы кодекстің 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келген...

Толық оқу »

89-бап. Тергеушiге және анықтаушыға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

89-бап. Тергеушiге және анықтаушыға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекстiң87-бабындакөзделген негiздер болған кезде тер...

Толық оқу »

89-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының кылмыстық іс жүргіз кодексінің тергеушісі мен анықтаушысын қарсылдық білдіруіқазақстан Республикасының

89-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының кылмыстық іс жүргіз кодексінің тергеушісі мен анықтаушысын қарсылдық білдіруіқазақстан Республикасының1 тергеушісі мен анықтауш...

Толық оқу »

86-бап. Қарсылық бiлдiру және қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтiнiшхаттар мен оған қатысудан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

86-бап. Қарсылық бiлдiру және қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтiнiшхаттар мен оған қатысудан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1...

Толық оқу »

90-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының түсінгенқазақстандық іс жүргіз кодексіне қарсылдық білдіруіқазақстан Республикасының

90-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының түсінгенқазақстандық іс жүргіз кодексіне қарсылдық білдіруіқазақстан Республикасының1 Куәгер Оса кодекстің 87-бабында және ОСА...

Толық оқу »

90-бап. Куәгерге қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

90-бап. Куәгерге қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекстiң 87-бабында және осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөлік...

Толық оқу »

92-бап. Аудармашыға және маманға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

92-бап. Аудармашыға және маманға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Аудармашы және маман: 1) осы Кодекстiң87-бабындакөзделген мән...

Толық оқу »

Түсініктеме 86-бапқа қылмыстық процеске қатысудан жою және оған қатысудан босату туралы Қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің

Түсініктеме 86-бапқа қылмыстық процеске қатысудан жою және оған қатысудан босату туралы Қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі...

Толық оқу »

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық білдіру

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық білдіру1 сот отырысының хатшысы мен сот прист...

Толық оқу »

91-бап. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

91-бап. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот отырысының хатшысы және сот пристав...

Толық оқу »

92-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің аудармашысы мен маманына қарсылық білдіру

92-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің аудармашысы мен маманына қарсылық білдіру1 аудармашы мен маман қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қ...

Толық оқу »

87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Судья, егер ол: 1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық iс соттылығына жатқызылған су...

Толық оқу »

88-бап. Прокурорға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

88-бап. Прокурорға қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Прокурор осы Кодекстiң 87-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген...

Толық оқу »

54-бап. Атқарушылық iс жүргiзудегi бас тарту Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

54-бап. Атқарушылық iс жүргiзудегi бас тартуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Егер сот орындаушысы, жеке сот орындаушысының көмекш...

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 86-бабына түсіндірме. Қылмыстық процестен шеттету және қатысудан босату туралы қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 86-бабына түсіндірме. Қылмыстық процестен шеттету және қатысудан босату туралы қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар1. Қыл...

Толық оқу »

54-бап. Атқарушылық iс жүргiзудегi бас тарту Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

54-бап. Атқарушылық iс жүргiзудегi бас тартуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Егер сот орындаушысы, жеке сот орындаушысының көмекш...

Толық оқу »

33-4-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының қарсылық білдіруі Құқықтық актілер туралы Заңы

33-4-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының қарсылық білдіруіҚұқықтық актілер туралы Заңы      1. Ғылыми құқықтық сарапшының ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысуын болғызбайтын...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 88-бабына түсініктеме. Прокурорға қарсылық білдіру

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 88-бабына түсініктеме. Прокурорға қарсылық білдіру1. Осы Кодекстің 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгені болған...

Толық оқу »