90-8-бап. Коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы орган өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат жария етілуге жатпайды.
2. Монополияға қарсы органның қызметкерлері коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3. Монополияға қарсы органның не оның лауазымды адамдарының коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуі нәтижесінде жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы