Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Атқарушылық құжатқа қатысты сот орындаушысының заңды талаптары орындалмағаны үшін жауаптылық көзделген

Атқарушылық құжатқа қатысты сот орындаушысының заңды талаптары орындалмағаны үшін жауаптылық көзделген

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Атқарушылық құжатқа қатысты сот орындаушысының заңды талаптары орындалмағаны үшін жауаптылық көзделген

Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің (бұдан әрі - Департамент) 2016 жылғы 8 тамыздағы қаулысымен «Қазақстан Республикасының «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) Шымкент қаласындағы филиалының бас есепшісі Е. ӘҚБтК-нің 670-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 21 210 теңге әкімшілік айыппұл тағайындалған. Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2016 жылғы 11 қарашадағы қаулысымен Департаменттің қаулысы өзгеріссіз, Е.-нің шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған. Бірінші сатыдағы сот Е. ӘҚБтК-нің 670-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған деген тұжырымға келген. Яғни, соттың пікірінше ол сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындауымен байланысты, оның ішінде борышкердің жұмыс орны мен оның кірістері, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалудың жүргізілгені және өндіріп алынған соманың өндіріп алушыға жіберілгені, борышкердің өзге де жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомалары мен мүлкіне өндіріп алудың қолданылғаны туралы мәліметтерді, ол тағайындаған мерзімде ұсыну туралы қаулыларын және заңды талаптарын орындамаған. Расында, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 100-бабына сәйкес, борышкермен еңбек қатынасында тұрған немесе ол табыс алатын адамдар сот орындаушысы тағайындаған мерзімде борышкердің жұмыс орны мен табыстары, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалу жүргізілгендегі және өндіріп алынған соманың өндіріп алушыға жіберілгендігі туралы, борышкердің ақша сомалары мен мүлкінен өндіріп алу жөнінде, сондай-ақ борышкердің жұмыстан босатылғаны туралы, егер өздеріне белгілі болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұратын жері туралы дәйекті мәліметтер беруге міндетті.

Атқарушылық құжатқа қатысты сот орындаушысының заңды талаптары орындалмағаны үшін жауаптылық көзделген

 Сот орындаушысының бұл талаптарын орындамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Алайда, аталған нормаларда атқарушылық құжатқа қатысты сот орындаушысының заңды талаптары орындалмағаны үшін жауаптылық көзделген. Әкімшілік іс құжаттарынан белгілі болғандай, Оңтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін орындау департаментінің Әл-Фараби аумақтық сот орындаушылар бөлімінің бастығы - аға сот орындаушысының міндетін атқарушы С.-ның 2012 жылғы 3 ақпандағы атқару құжатын Қоғамның Шымкент қаласындағы филиалына жолдаған хатында Ж.-ға қатысты атқару құжаты толық орындалған соң немесе борышкер жұмысынан босатылған жағдайда атқару парағын заңда көрсетілген мерзімде қанша сома ұсталғаны туралы аталған аумақтық сот орындаушылар бөліміне қайтару жөнінде көрсетілген. Демек, Қоғамның Шымкент қаласындағы филиалы аумақтық сот орындаушылар бөліміне атқару құжатын тек толық орындалғанда және борышкер жұмыстан босатылғанда ғана хабарлауға міндетті болған. Оған қарамастан, Қоғамның Шымкент қаласындағы филиалының директоры Т.-ның Оңтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін орындау департаментінің Әл-Фараби, Абай және Еңбекші аумақтық сот орындаушылары бөлімдерінің аға сот орындаушыларына 2015 жылғы 12 мамырда жолдаған хатында Қоғамның 2015 жылғы 10 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласындағы филиалдың атқыштар командасы, оның ішінде Ж.-ның қызмет орны Қоғамның Алматы қаласындағы филиалына ауыстырылғанын көрсеткен. Осыған орай, Ч.-ның пайдасына борышкер Ж.-дан алимент өндіріп алу туралы атқару құжаты, сондай-ақ Шымкент филиалында жұмыс істейтін басқа да борышкерлерге қатысты атқару құжаттары, сол күні қабылдау-өткізу актісімен Қоғамның Алматы қаласындағы филиалына құжаттарды әрі қарай орындалуын қамтамасыз ету үшін жолданғаны туралы хабардар еткен. Өз кезегінде борышкер Ж.-ның жұмыс орны – Қоғам екені белгілі. Жұмыстан босамаған, жұмыс беруші онымен еңбек шартын бұзбаған, ол бұрынғы атқыштар командасындағы қызметінде қалған. Оның үстіне оған қатысты атқару құжатының орындалуы аяқталмаған. Өйткені ол мерзімдік төлемдерге жатады.

Оның жалақысынан, сондай-ақ барлық кірісінен ұстап қалу мерзімді түрде жүргізіліп отырған және ол тоқтатылмаған, Ч.-ның пайдасына ай сайын жиырма бес пайыз алимент өндіріліп отырған, әлі де өндірілуде. Мұндай жағдайда мамандандырылған сот алқасы сот орындаушысының заңды талаптары орындалмаған деуге еш негіз жоқ деген наразылықтың уәждерімен толықтай келіседі. Осыған орай, Департамент пен бірінші сатыдағы соттың Қоғамның Шымкент қаласындағы филиалының бас есепшісі Е.-ның сот орындаушысының ӘҚБтК-нің 670-бабының 1-бөлігінде көзделген талаптарын орындамады деген тұжырымдары негізсіз болып табылады. Жоғарыда аталғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы Е.-ге қатысты Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің және бірінші сатыдағы сот қаулыларының күшін жойып, оның әрекетінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 670-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқартты.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

367-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК бұйрығына бағынбау немесе өзге де орындамау

367-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК бұйрығына бағынбау немесе өзге де орындамау 1. Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас...

Толық оқу »

437-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

437-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірген бағынбау, яғни бастықтың б...

Толық оқу »

Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 12 нормативтік қаулысы.

Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 12 нормативтік қаулысы. ХАБАРЛАНДЫРУ Ескерту. Тақырып...

Толық оқу »

381-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның заңды талаптарын орындамау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

381-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның заңды талаптарын орындамау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Прокурорлық қадағалау актiлерiн орындамау,...

Толық оқу »

Сот актілерін орындау, сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдарды қарау тәртібі, сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық

Сот актілерін орындау, сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдарды қарау тәртібі, сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылықҚазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3...

Толық оқу »

761-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің іс жүргізу міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылық

761-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің іс жүргізу міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылық 1. Куәның, маманның, сарапшы...

Толық оқу »

91-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

91-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау Әкімші...

Толық оқу »

125-бап. Борышкердің атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін жауаптылығы және оның салдары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

125-бап. Борышкердің атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін жауаптылығы және оның салдарыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Борыш...

Толық оқу »

321-1-бапқа түсініктеме. Прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңды талаптарын орындамауы

321-1-бапқа түсініктеме. Прокурордың қызметіне кедергі жасау және оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңды талаптарын орындамауы Егер бұл азаматтардың нем...

Толық оқу »

Банктік даулар борышкердің міндеттемені орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі кінә болған кезде және заңнамада немесе шартта өзгеше көзделмеген жағдайда туындайды. Борышкер, егер ол міндеттемені тиісінше орындау үшін өзіне тәуелді барлық шараларды қабылдағанын дәлелдесе, кінәсіз деп танылады

Банктік даулар борышкердің міндеттемені орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі кінә болған кезде және заңнамада немесе шартта өзгеше көзделмеген...

Толық оқу »

Қызметтік міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік теріс қылықтар

Қызметтік міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік теріс қылықтар«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 1-бабының 15) тармақшасына сәйкес тәртіптік т...

Толық оқу »

Егер лауазымды адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса және оларды орындамау азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқтырған жағдайда ғана немқұрайлылық үшін айып тағылуы мүмкін.

Егер лауазымды адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса және оларды орындамау азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің з...

Толық оқу »

321-бап. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

321-бап. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттерін орындамау

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі...

Толық оқу »

761-бап. Процестік мiндеттердi орындамағаны үшiн жауаптылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

761-бап. Процестік мiндеттердi орындамағаны үшiн жауаптылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Куәнiң, маманның, сарапшының және аударм...

Толық оқу »

643-бап. Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiк) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

643-бап. Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiк) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі ...

Толық оқу »

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойыншаҚа...

Толық оқу »

Сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы ЖСН ұсынымын шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы

Сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы ЖСН ұсынымын шығару жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы9.08.2023 жылғы №6001-23-00-6ап/1961Талапкер:...

Толық оқу »