437-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1 Қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірген бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан бас тарту, сол сияқты бастықтың белгiленген тәртiппен берiлген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы –
бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады.
2 Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, сол сияқты ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол iс-әрекеттер –
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3 Осы баптың бірінші немесе екiншi бөлiктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезiнде жасалған iс-әрекеттер –
бес жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге, ал ауырлататын мән-жайлар болған кезде – он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4 Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған iс-әрекеттер –
он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5 Ауыр зардаптарға әкеп соққан, қызметке ұқыпсыз қарау не адал қарамау салдарынан бұйрықты орындамау –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады.
6 Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, соғыс уақытында, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезiнде жасалған iс-әрекет –
үш жылдан он жылға дейінгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы