Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 91-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

91-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

91-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 

    1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгiленген зейнетақы төлемдерін, аударымдарды жүзеге асыру мерзімдерін және (немесе) тәртібін және (немесе) талаптарын бұзуы –

      заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      3. Алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Зейнетақыларды және мемлекеттік жәрдемақыларды толық мөлшерде және (немесе) белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттердi "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының лауазымды адамдарының орындамауы –

      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасын бұзып, мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы –

      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Жеке тұлғаның, дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді:

      1) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріліп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімін мемлекеттік кіріс органына ұсынбау;

      2) мемлекеттік кіріс органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған сомалары жөнiндегі есеп-қисаптарды Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгiленген мерзімдерде ұсынбауы;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;

      4) салымшыларға есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде ұсынбауы;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстап қалмауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы);

      6) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкiмiмен касса бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасалған орындамауы не тиісінше орындамауы –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) сомасының он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың:

      1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік кіріс органдарының өкiмi бойынша агенттердiң-заңды тұлғалардың немесе дара кәсiпкерлердiң, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрмау;

      2) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсiмпұлдар сомаларын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсiмпұлдар сомаларын өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерiн орындамау түрiнде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгіленген мiндеттердi орындамауы –

      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамау кезеңiнде агенттердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының масс-медиада жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы –

      заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға, оның мазмұнына сәйкес келмеуi –

      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бермеуі және (немесе) уақтылы бермеуі –

      жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      12. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) олардың үлестес тұлғаларының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне анық емес және (немесе) толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) беруі –

      жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпелер.

      1. Осы баптың бірінші және он екінші бөліктерінің мақсаттары үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) осы баптың бірінші және он екінші бөліктерінде жауаптылығы көзделген бұзушылықтарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жол берілген бұзушылық туралы хабарламасы алынған күнге дейін өз бетінше жойған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      2. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болған заңға сәйкес белгіленетін бір айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      3. Осы баптың он бірінші бөлігінің мақсаттары үшін жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты беру мерзімдері аяқталған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мәліметтерді немесе өзге де сұралатын ақпаратты берген жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

141-бап. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

141-бап. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жас балан...

Толық оқу »

138-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау

138-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындам...

Толық оқу »

290-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

290-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

287-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

287-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салы...

Толық оқу »

137-бапқа түсініктеме. ҚР Қылмыстық Кодексінің Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау

137-бапқа түсініктеме. ҚР Қылмыстық Кодексінің Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-ан...

Толық оқу »

127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету...

Толық оқу »

39-бап. Құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқару Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

39-бап. Құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқаруҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Қызметтік қажеттілікке байланысты қызметкерге атқаратын (не...

Толық оқу »

149-бап. Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

149-бап. Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау Әкімшілік құқық бұзуш...

Толық оқу »

140-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

140-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Алып тасталды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңыме...

Толық оқу »

139-бап. Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

139-бап. Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға ар...

Толық оқу »

17-5-бап. Бастапқы бір реттік, қосымша жарналарды төлеу  жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы

17-5-бап. Бастапқы бір реттік, қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамауСақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы      1. Бастапқы бір ретт...

Толық оқу »

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттерін орындамау

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі...

Толық оқу »

149-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау

149-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жән...

Толық оқу »

287-бапқа түсініктеме. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы

287-бапқа түсініктеме. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикас...

Толық оқу »