Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Дәлелдемелерге баға беру Сотталғандардың кінәсіздігі жөніндегі тұжырымның қателігіне байланысты апелляциялық сот сатысының ақтау үкімінің күші жойылды

Дәлелдемелерге баға беру Сотталғандардың кінәсіздігі жөніндегі тұжырымның қателігіне байланысты апелляциялық сот сатысының ақтау үкімінің күші жойылды

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Дәлелдемелерге баға беру Сотталғандардың кінәсіздігі жөніндегі тұжырымның қателігіне байланысты апелляциялық сот сатысының ақтау үкімінің күші жойылды

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының 2018 жылғы 25 мамырдағы үкімімен: С. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 362-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. ҚК-нің 44-бабына сай пробациялық бақылау белгіленіп, жыл сайын бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылған. ҚК-нің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес «полиция аға лейтенанты» арнаулы шенінен айырылған. У. бұрын сотталмаған, ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігімен, 416-бабының 2-бөлігімен, 419-бабының 1-бөлігімен және 420-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 362-бабының 2-бөлігімен 2 жылға бас бостандығын шектеу, 416-бабының 2-бөлігімен мемлекеттік қызметтегі белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 1 жылға айырыла отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу, 419-бабының 1-бөлігімен 50 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) – 120 250 теңге мөлшерінде айыппұл және 420-бабының 1-бөлігімен 2 жылға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалған. ҚК-нің 58-бабының 1), 3) бөліктері негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы, мемлекеттік қызметтегі белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 1 жылға айыра отырып, түпкiлiктi 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. ҚК-нің 44-бабына сай пробациялық бақылау белгіленіп, жыл сайын бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылған. ҚК-нің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес «полиция аға лейтенанты» арнаулы шенінен айырылған. А. бұрын сотталмаған, ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігімен, 416-бабының 2-бөлігімен және 420-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 362-бабының 2-бөлігімен 2 жылға бас бостандығын шектеу, 416-бабының 2-бөлігімен мемлекеттік қызметтегі белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 1 жылға айырыла отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу және 420-бабы 1-бөлігімен 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. ҚК-нің 58-бабының 1), 3) бөліктері негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы, мемлекеттік қызметтегі белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан бір жылға айыра отырып, түпкілікті 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

 

ҚК-нің 44-бабына сай пробациялық бақылау белгіленіп, жыл сайын бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылған. ҚК-нің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес «полиция аға сержанты» арнаулы шенінен айырылған. Сот үкімімен С., У. және А. лауазымды адамдар ретінде өздерінің билiктері мен лауазымдық өкiлеттiктерін асыра пайдаланып, өздерiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерінің шегінен анық шыққан жәбірленуші Б.-ның құқықтары мен заңды мүддесіне, сол сияқты қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттерді жасағандары үшін, У. мен А. әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдар ретінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалау жасағандары, сол сияқты сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куә ретінде көрінеу жалған айғақтар бергендері, ал У. қылмыстық теріс қылық жасағаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін кінәлі деп танылған. Осы үкіммен бірге Маңғыстау облысы прокурорының назарын аударып, тиісті шаралар қабылдау үшін жекеше қаулылар қабылданған. 2018 жылғы 20 тамыздағы Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен С., У. және А.-ға қатысты айыптау үкімінің және жеке қаулысының күштері жойылып, олар осы сот сатысының жаңа үкімімен іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ақталған. Бас Прокурор наразылығында, айыптау актісінде және бірінші сатыдағы сот үкімінде көрсетілген істің нақты, әрі толық мән-жайы У. мен А.-ның іс бойынша кінәларын толық мойындаған және іс бойынша жинақталған басқа да бұлтартпас дәлелдемелердің негізінде У., А. және С.-ның өздерінің лауазымды өкілеттіліктерін асыра пайдаланып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалап, қылмыстық іс бойынша көрiнеу жалған сөз жеткiзіп және жалған айғақтар беруі арқылы жәбірленуші Б.-ның конституциялық құқығының бұзылуына жол бергендерінің анық екендігін, апелляциялық сот алқасы соңғының полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған, автокөлік басқаруға рұқсат беретін құжаттарын полиция қызметкерлеріне қасақана, әкімшілік жауаптылықтан жалтару мақсатында дәлелсіз себептермен бермеген, өзін тоқтатқан полиция қызметкерлерінің алдында, өзінің құқық бұзушылық жасаған әрекетін сол мезетте дәлелдеп беру жөнінде талап қойып, құжаттарын олардың қолына әкімшілік құқық бұзушылық жасағандағы жөнінде хаттама толтыру үшін бермей, белсенді қарсыласқаны туралы негізсіз тұжырымға келіп, дәйектілігі жағынан күмән келтірмейтін дәлелдемелерді бұрмалап, полиция қызметкерлері тарапынан Б.-ға қарсы әрекеттер орын алмағанын, керісінше соңғының әрекетінде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаушылық, көлік құралын басқарып келе жатып ұялы телефонды пайдалану, жүргізуге тыйым салынғаннан кейін, прокуратураға барамын деп автокөлігімен жүріп кету әрекеті орын алғандығын, сонымен қатар, жол полициясы қызметкерлері оқиға барысында сабырлық танытпай, Б.-ға қарсы билік үстемдігі мен этикалық тұрғыдан дөрекі мінез-құлық көрсеткендерін, соның салдарынан өздерінің қызметтік билік құзыры шегінен шығып кеткендерін, олардың мұндай әрекеттерінің заңсыздығын көрсетіп, У., А. және С.-ға қатысты апелляциялық сот алқасының қаулысы мен ақтау үкімінің, сонымен қатар жекеше қаулылардың күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыруды сұраған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 485-бабы 1-бөлігінің 2) тармағына сәйкес, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға істі тергеп-тексеру немесе сотта қарау кезінде жол берілген заң бұзушылықтар, жазаның дұрыс тағайындалмауына әкеп соққан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар не қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың дұрыс қолданылмауы, оның ішінде негізсіз ақтау үкімін шығару негіз болып табылады. Бірінші сатыдағы соттың У. мен А.-ға қатысты айыптау үкімін бұзу жөніндегі апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы мен ақтау үкімінің күшін жоюға мұндай негіздер бар.

 

Іс бойынша нақты анықталғандай, Ақтау қалалық ІІБ-ның жол-патрульдік полиция қызметкерлері У. мен А. 2017 жылғы 23 сәуірде сағат 14:50-лер шамасында, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті ғимаратының шарбағының алдында өздерінің қызметтік міндеттерін атқарып тұрып, өздеріне жедел басқару орталығынан Ақтау қаласының 23-шағын ауданында мемлекеттік тіркеу белгісі (бұдан әрі – тіркеу белгісі) 268CVA/12 «KIA Sportage» маркалы автокөлікті (бұдан әрі – көлік) жүргізіп келе жатып, ұялы телефон қолданғаны туралы келіп түскен хабарлама негізінде Б.-ны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК-нің) 591-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілігін шешу үшін тоқтатып, одан құжаттарын беруді талап еткен. Ал, Б. өзін құқық бұзушылық жасады деген олардың уәждерімен келіспейтінін, әрекеттерін ұялы телефонына түсіретінін ескертіп, олардан өзін ұстауға негіз болған себепті түсіндіріп, тиісті дәлелдер ұсынса, құжаттарын беруден бас тартпайтынын алға тартып, өзін көлік тұруға тыйым салатын жол белгісі тұсында тоқтатқандықтан, көлігін басқа жерге қоюға рұқсат сұраған. Алайда, У. мен А. соңғының бұл негізді өтінішіне құлақ аспай, ескерусіз қалдырып, көлігін бұл белгіден тыс шығаруға рұқсат бермей, заң талаптарына сай оның құқық бұзушылық жасаған немесе жасамағандығын анықтап, тиісті дәлелдемелерді оған ұсынуға міндетті екендіктеріне қарамастан, аталған құқық бұзушылық бойынша кінәсін дәлелдей алмайтындарына көз жеткізіп, ӘҚБтК-нің 802-бабы 2-бөлігінің талаптарына сәйкес, осы Кодекстің 741-бабы 1-бөлігінің 2), 3) тармақтарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғасы немесе оның құрамының болмауына байланысты iс жүргiзудi бастауға болмайтындығын назардан тыс қалдырып, оның бұл әрекеттерін – өздерінің заңды талаптарына бағынбаушылық ретінде танып, оған қарсы өздерінің билік үстемдігін көрсетіп, құжаттарын тексеру мақсатында емес, түскен хабарламаға сәйкес оны жазасыз жібермеуді шешкен. Осыдан кейін, У. мен А. өздерінің билiктері мен лауазымдық өкiлеттiктерін асыра пайдаланып, құқықтары мен өкiлеттiктерінің шегінен анық шығып, Б.-ның құқықтары мен заңды мүддесіне елеулі зиян келтіріп, ӘҚБтК-нің 797-бабы 1-бөлігі 1) тармағының талаптарын өрескел түрде бұзып, У. мен А.-ның көзінше соңғының көлігінің артқы тіркеу белгісін заңсыз жолмен көрсетпей шешіп алып, оны сол жерде тұрған әріптестері Ж.-ның басқаруындағы қызметтік «УАЗ» автокөлігіне жасырып қойған. А. өз кезегінде Б.-ның көлігінің тіркеу белгісін шешпеген сыңай танытып, алайда өздерінің бұл заңсыз әрекеттерін оның байқап қойғанын сезіп, оның ізін жою мақсатында Ж.-ға келіп, оған портативтік камерасын өшіріп, көлігінің ішіндегі тіркеу белгісін көрсетпей одан әрі тығып тастауды тапсырған.

Содан кейін, У. мен А. өздерінің заңсыз әрекеттерін аяғына дейін жеткізу мақсатында Б.-ның көлікті тұруға тыйым салған аумақтан өздерін тыңдамай қозғап шығарған әрекетін, оған қарсы пайдалануды әрі қарай жалғастырып, оның көлікті тіркеу белгісіз басқарған және өздерінің тоқтату талаптарын орындамаған құқық бұзушылық әрекетіне теңеген. Б. олардың бұл заңсыз әрекеттерін хабарлау үшін прокуратураға баратынын ескертіп, көлігін орнынан қозғалта бастағанда, олар кедергі жасап, тоқтатып, одан көліктен сыртқа шығуын талап еткен. Б. өз кезегінде олардың талабын орындауға мәжбүр болып, қарсылық білдірмей, өз еркімен көлігінен сыртқа шыққан. Осы мезетте, У. мен А., соңғының шақыруымен оқиға орнына келген взвод командирінің орынбасары З. Б.-ның көлікті жүргізіп келе жатып ұялы телефон қолданғаны, көлігін тіркеу белгісінсіз басқарғаны, өздеріне қарсылық көрсетіп, құжаттарын бермегені туралы жалған ақпарат берген. Ал, З. өз кезегінде У.-дың қолының саусағы қанағанын көріп, олардың ақпараттарын шынайы қабылдап, оларға бағынбаушылық көрсеткені үшін Б.-ның заң жүзінде жауапкершілігін шешу үшін дәрігерлік куәландырудан өткізіп, көлігін айып тұрағына қамап, тиісті шара қолдануды тапсырған. Содан кейін, Б. оларға қандай да бір қарсылық әрекет көрсетпесе де, У. мен А. оны күштеп итермелеп, осы мезетте У. оның қолынан ұялы телефонын жұлып алып, оны өз көлігінің жолаушы жағына күштеп отырғызған. Көлiк құралын басқаратын жүргiзушi масаң күйде деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса ғана, ӘҚБтК-нің 796-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ол көлiк құралын басқарудан шеттетiлуге және масаң күйiн куәландыруға жататындығына және мұндай шаралар қолдануға заң тұрғысынан негіздің жоқтығына, сол сияқты оның көлігін қозғауға мұндай тұрғыда шектеу қойылмағанына қарамай, Б.-ны мәжбүрлеп дәрігерлік куәландырудан өткізіп, көлігін айып тұрағына қойған. Осыдан кейін, У. мен А. өздерінің заңсыз әрекеттерін жалғастырып, Б.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 613, 591-баптарының 1-бөліктерімен заңсыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырған. ӘҚБтК-нің бұл баптары бойынша осы Кодекстің 797-бабының 1-бөлігінде көзделген көлік құралын айып тұрағында ұстау негіздерінің жоқтығына және оқиға орын алғаннан кейін төрт сағаттан соң Б.-ның көлігін қамауға негіз болатын ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігінде көзделген, көлік құралын тіркеу белгісіз басқару әкімшілік құқық бұзушылығын жасамағандығына қарамай, дәлелдемелерді бұрмалау арқылы, аталған бап бойынша оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Нәтижесінде, У. мен А. оқиға орын алған күні Б.-ны сағат 14:50-ден бастап кешкі сағат 20:00-дер шамасына дейін, яғни бес сағат бойы жібермей өздерімен бірге ертіп жүрген. Сонымен қатар, олардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан ол көлігін айып тұрағынан 44 күн бойы қайтарып ала алмаған. Бұл жағдай, Б.-ның «С» ЖШС-мен 2017 жылғы 02 ақпандағы № 8021 келісімшарт негізінде көлігін табыс көзі ретінде пайдаланып, күнделікті адам тасымалдаумен айналысып, 15 000 теңге көлемінде таза пайда тауып, отбасын асырап отырған күнделікті күн көрісіне, материалдық тұрғыда кері әсерін тигізіп, оның отбасына жалпы құны 660 000 теңге көлемінде материалдық пайда түсірмей, айтарлықтай зардап шектірген.

Сонымен қатар, Б.-ны айыптұрақтан жібермей, Ақтау қалалық ІІБ-на алдыртып, У. оның оқиға барысында талап еткен құжаттарды бермей, өздеріне бағынбаушылық танытып, көлігінің артқы тіркеу белгісін шешіп жатқанда, әдейі қозғалыс жасап, қолына жарақат салып, көлік құралын тіркеу белгісінсіз басқарғаны туралы Б.-ға қатысты жалған баянатты Ақтау қалалық ІІБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – СДТТБ) № 174710031001491 тіркетіп, оған қатысты ҚК-нің 379-бабымен қылмыстық іс қозғалған. Осы қылмыстық іс бойынша куә ретінде тартылған У. мен А. сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен оқиға барысында Б. талап еткен құжаттарды табыстамай, өздеріне қарсы бағынбаушылық танытып, көлігінің артқы тіркеу белгісін шешіп жатқанда, әдейі қозғалыс жасап, У. қолына жарақат салып, көлік құралын тіркеу белгісінсіз басқарғаны жөнінде жалған жауаптар беріп, Б. көлігінің тіркеу белгісін ӘҚБтК-нің 797-бабы 1-бөлігінің 3) тармағын өрескел бұза отырып, заңсыз жолмен жасырын шешіп алып, жасырып қойғандарын, оның шын мәнінде көлік құралын тіркеу белгісінсіз басқармағанын, тек қана тұруға тыйым салған белгі аумағынан шығарып қойғанын, оның жеке мүлкіне қол сұғып, ұялы телефонын қолынан жұлып алғандарын, негізсіз мәжбүрлеп дәрігерлік куәландырудан өткізіп, көлігін айып тұрағына қамағандарын, тағы да басқа іс бойынша маңызды мән-жайларды жасырып қалған. Б. жәбірленуші ретінде, өзінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысының алғашқы күндерінен бастап, кейіннен басты сот талқылауында, сол сияқты апелляциялық сот сатысында, мазмұны жағынан да, орын алған оқиғаға сай реттілігі жағынан да, біркелкі, жоғарыда баяндалған мән-жаймен мазмұндас жауаптар берген. Оның бұл жауаптары қылмыстық-процестік заңда бекітілген тәртіп сақтала отырып алынған және шынайылығы жағынан қандай да бір күмән тудырмайды, керісінше істің нақты мән-жайына сәйкес келеді және төмендегі объективті дәлелдемелермен толығымен үйлеседі. Атап айтқанда, іске тіркелген бұлтартпас дәлел - жедел басқару орталығы мен қызмет бабында қолдану үшін А.-ға табыс етілген портативті бейнекамераның мазмұны жағынан істің мән-жайына, сол сияқты Б.-ның жауаптарына толығымен сәйкес келетін бейнежазбаларында орын алған оқиғаның өрбуі толығымен қамтылған.

 

Оның ішінде, жол полициясы қызметкерлері тоқтатқанға дейін Б. көлігінің артқы тіркеу белгісінің орнында болғандығы, кейіннен оны олардың ескертусіз, жасырын шешіп алғандары, содан кейін А.-ның өзінің әріптесі Ж.-ға барып: «Мура мында кел, камераны сөндір, бортта нөмір жатыр, жайлап ал да, салонға бір жерге тығып тасташы» - дегені, У.-дың Б.-ны жұлқылап, көліктің жолаушы жағына апарып, оның қолынан ұялы телефонын жұлып алып, күштеп көлікке отырғызғаны нақты бейнеленген. У. мен А. сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, сол сияқты басты сот талқылауында өздеріне тағылған айыпты толығымен мойындап, өздерінің әрекеттеріне шын жүректен өкінетіндіктерін білдіріп, аталған бейнежазбаларда жазылған оқиғаның мән-жайларын жоққа шығармай, Б.-ның жауаптарымен мазмұндас жауап берген. Олар өздерінің бұл жауаптарын Б.-мен беттестіру кезінде растаған. Куә ретінде сұралған Ж. өзінің жауаптарында А.-ның өзіне камерасын сөндіріп, бортта жатқан тіркеу белгісін әрі қарай тығып тастауын тапсырғанын көрсеткен. Сонымен қатар, билік өкіліне бағынбаушылық танытқандығы жөніндегі У.-дың жалған баянаты негізінде ҚК-нің 379-бабы бойынша Б.-ға қатысты тіркелген қылмыстық іс өндірісі, Ақтау қалалық ІІБ анықтаушысының 2017 жылғы 26 сәуірдегі қаулысымен, оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылған. Б.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен 590-бабының 2-бөлігімен және 591-бабының 1-бөлігімен толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары негізінде қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық іс өндірістері, тиісінше Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының 2017 жылғы 30 мамырдағы және Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2017 жылғы 8 маусымдағы қаулыларымен, оның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамы болмауы негізінде тоқтатылған. Істің мұндай тұрғысында, бірінші сатыдағы сот іс бойынша заңның талаптарын сақтай отырып, сот тергеуін жан-жақты жүргізіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жинақтаған және сот отырысында тікелей зерттеліп-сараланып, объективті бағаланған, дәйектілігі жағынан ешбір күмән келтірмейтін нанымды дәлелдемелер жиынтығын негізге алып, У. мен А.-ның әрекеттеріне құқықтық тұрғыдан дұрыс баға беріп, А.-ның әрекеттерін ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігімен, 416-бабының 2-бөлігімен және 420-бабының 1-бөлігімен, ал У.-дың әрекеттерін ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігімен, 416-бабының 2-бөлігімен және 419-бабының 1-бөлігімен дұрыс саралаған.

Бірінші сатыдағы соттың бұл тұжырымдарымен Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы толықтай келіседі. «Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысының 8-тармағының талаптарына сай сот тараптар ұсынған дәлелдемелерді жан-жақты, толық және объективті зерттеуге және оларды заңға сәйкес бағалауға міндетті. Апелляциялық сатыдағы сот заңның бұл талаптарын сақтамай, ҚПК-нің 125-бабына сай жоғарыда атап өткен дәлелдемелердің қатыстылығына, жол берілетіндігіне, анықтығына, ал олардың барлығына бұл iстi шешу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан дұрыс құқықтық баға бермей, У. мен А.-ның жоғарыда сипатталған қылмыстық әрекеттерді жасағандары үшін кінәлі екендіктері жөніндегі бірінші сатыдағы соттың заңды үкімінің күшін жойып, оларға қатысты негізсіз ақтау үкімін шығарған. Сондықтан, апелляциялық сатыдағы соттың У. мен А.-ға қатысты бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін бұзу жөніндегі қаулысы мен оларды ақтау үкімінің күші жойылуға жататындығы туралы наразылықтың уәждері негізді болып табылады. Бірақ, ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігі бойынша У. мен А.-ның қылмыстық әрекеттері қайта саралануға жатады, өйткені оларға қатысты бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімі шыққаннан кейінгі қылмыстық заңға, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 12 шiлдедегi № 180-VІ ҚРЗ Заңымен енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сай, олар кінәлі деп танылған ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігі алып тасталған. «Кассациялық сатыда қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 5 нормативтік қаулысының 22-тармағына сай іс ҚПК-нің 485-бабында көзделген негіздер бойынша қаралған және ҚК-нің 6-бабының ережелерін қылмыстық заңның, рақымшылық жасау туралы актінің кері күші туралы актіні қолдануға мүмкіндік беретін мән-жайлар бір мезгілде байқалатын жағдайларда кассациялық саты заңның аталған нормаларын қолдана отырып, шешім қабылдайтынын ескеріп, У. мен А.-ға қатысты үкімнің бұл бөлігі ҚК-нің 6-бабы негізінде заңға сәйкестендіріліп, олардың қылмыстық әрекеттері ҚК-нің 362-бабының 1-бөлігіне қайта саралануы тиіс. Сонымен қатар, іс бойынша нақты анықталғандай, билік өкіліне бағынбаушылық танытқандығы жөнінде Б.-ға қатысты қылмыстық іс У.-дың жалған баянаты негізінде тіркелуі себепті, сот үкімімен ол ҚК-нің 419-бабының 1-бөлігімен кінәлі болып танылған, ал оның куә ретінде көрінеу жалған айғақ беруі осы бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамымен толығымен қамтылатындықтан, осы Кодекстің 420-бабының 1-бөлігі бойынша оған қатысты қылмыстық іс ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 2) тармағы негізінде, оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты тоқтатылуға жатады. Сот iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн, ҚПК-нің 24-бабына сәйкес заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi. Іс бойынша сотталушыны әшкерелейтiн де, ақтайтын да, сондай-ақ оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталуға жатады. Бұл орайда, сотталушының кінәсіздігі немесе кінәлілік дәрежесінің аздығы туралы, сондай-ақ оны ақтайтын не оның жауаптылығын жеңілдететін дәлелдемелердің бар-жоғы туралы барлық мәлімдемелер тексерілуі керек. Ал, осы Кодекстің 388-бабының талаптарына сәйкес сот үкiмi заңды және негiздi болуы тиiс. Егер үкiм заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негiзiнде шығарылса, ол заңды болып танылады, ал сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты және объективтi зерттеу барысында шығарылса, ол негiздi деп танылады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, сол сияқты бірінші және апеляциялық сот сатыларында С. ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігімен өзіне тағылған айыпты толығымен мойындамай, оқиға орнына А.-ның көлік жүргізуші Б.-ның тарапынан орын алған бағынбаушылық туралы әрекетін рация арқылы хабарлап, көмекке шақырғаннан кейін келгенін, сол жерде У. мен А. өзіне жедел басқару орталығынан Б.-ның көлік жүргізіп келе жатып, ұялы телефонды пайдаланғаны туралы хабарлама түскенін, соңғының онымен келіспей, дәлелдеме сұрағанын, олардың заңды талаптарын орындамай, құжаттарын бермегенін, сол себепті олар оның құжаттары жоқ деп, оның көлігінің тіркеу белгісін шешіп алғандарын айтқандарын, оның үстіне У.-дың қолының қанағанын көріп, шындығында ол оған бағынбай жатыр деп ойлағанын, Б.-мен сөйлесіп, оның полиция қызметкерлеріне көлікті басқаруға рұқсат ететін құжаттарын көрсетуге тиіс екенін, ал дәлел бейнежазба немесе фотосурет жедел басқару орталығынан шұғыл алдырып, оған көрсету әзірше мүмкін емес екендігін түсіндіргенін, алайда ол оны да тыңдамай дәлелдеме көрсетпесе, құжаттарын бермейтінін мәлімдегенін, У. мен А. оның көлігін айып тұрағына қамап, өзін дәрігерлік куәландырудан өткізуге бұйрық бергенін, содан кейін оларға бағынбаушылық жөнінде СДТТБТ-ға тіркеу керек екенін айтып, анықтамасын алып, аталған тізілімге тіркеткенін, Б.-ның ұялы телефонын кімнің, қалай алғанын көрмегенін және соңғыны тек қана тергеу барысында көргені туралы жауап беріп, соттан өзін ақтауын сұраған. У. мен А.-да С.-ның берген бұл жауабын жоққа шығармаған. Алайда С.-ның берген жауаптарының шынайылығы күмән туғызбайды, керісінше оқиғаның шынайы мән-жайына, ең бастысы бұл оқиғаның А.-ның портативті бейнекамерасына жазылған бейнежазбасының мазмұнымен толық сәйкес келеді. Оның үстіне, Б.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша У. мен А. жалған баянат жазып, көрінеу жалған айғақ бергендері үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сот үкімімен кінәлі деп танылған. Мұндай жағдайда, У. мен А.-ның өздеріне Б.-ның бағынбай әрекет жасағандығы жөнінде жалған хабарлағаны, оның үстіне олардың соңғыны еркінен тыс, күштеп көлікке отырғызып жатқандары, У.-дың қолының қанағанын көріп, Б.-ның құқық бұзушылық жасағандығын шынайы қабылдағаны, оны дәрігерлік куәландырудан өткізіп, көлігін айып тұрағына қамауды олардан талап еткені туралы оқиғаның мән-жайын анықтап, жәбірленушінің заң жүзінде жауаптылығын шешу мақсатында С.-ның бұл фактіні СДТТБТ-ға тіркетуі орынды, әрі заң талабына сәйкес келеді. Сондықтан С.-ның жасаған бұл әрекеттері оның қызметтік өкілетінің шегінен шықпайтыны жөніндегі апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымы дұрыс болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 8) тармағы және ҚПК-нің 19-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотталушының кiнәлiлiгiне қатысты кез келген сейiлмеген күмән, сол сияқты қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар сотталушының пайдасына шешiлуі тиiс.

Ал, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының тарапынан С.-ның үкімде сипатталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағандығын дәлелдейтін басқада бұлтартпас дәлелдемелер ұсынылмаған және болашақта мұндай дәлелдемелерді жинақтауға мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, С.-ның сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдікті ретінде қорғану құқығы бұзылған. ҚПК-нің 67-бабы 1-бөлігінің 7) тармағының талаптарына сай, егер күдіктiлердің, айыпталушылардың мүдделерi арасында қайшылықтар болып, олардың бiреуiнiң қорғаушысы болса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қорғаушының қатысуы міндетті, ал осы баптың екінші бөлігіне сәйкес мұндай жағдайда қорғаушының қатысуы олардың мүдделерi арасында қайшылық анықталған кезден бастап қамтамасыз етiлуі тиіс. «Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық процестік заңнаманы қолдану практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 26 нормативтік қаулысының 14-тармағының талаптарына сай «қылмыстық процесті жүргізетін органдар күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға олардың қорғаушы алуға мүмкіндігі бар екенін және бұл оған төленетін ақының бар-жоғына байланысты емес екендігін түсіндіруге тиіс. Қорғаушыдан бас тарту сот ісін жүргізудің кез келген сатысында тек күдіктінің, айыпталушының, сотталушының бастамасымен және қорғаушының қатысуымен ғана орын алуы мүмкін және бұл заң көмегі үшін төленетін қаржының жоқтығына байланысты болмауы тиіс. Адвокатқа еңбек ақы төлеу үшін қаражат шын мәнісінде болмаған жағдайда сот қорғаушыдан бас тартуды амалсыздан болған деп танып, оны қабылдамауы тиіс. Қорғаушыдан бас тартуды қабылдау қылмыстық процесті жүргізетін органның құзыретіне жатады. ҚПК-нің 99-бабының 6-бөлігіне сәйкес қорғаушыдан бас тарту туралы өтініш дәлелді қаулымен ресімделеді, онымен қорғаушы, күдікті, айыпталушы, сотталушы дереу танысып, өз қолтаңбаларымен куәландырады. Мұндайда қорғаушының қатысқандығы адвокаттың ордері немесе қорғаушы ретінде жіберілген басқа адамның тиісті құжатының көшірмесін қылмыстық іс материалдарына тіркеу арқылы дәлелденеді. Іс бойынша анықталғандай, сотқа дейінгі тергеп-тексеруде, кейіннен басты сот талқылауында С. өзіне тағылған айыпты мойындамаған, ал У. мен А., керісінше айыптарын толығымен мойындаған, яғни олардың мүдделерінің арасында қарама-қайшылық орын алған.

Бұған қарамай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жоғарыда аталған заңның талаптарын орындамай, С.-ның мүддесін қорғау үшін қорғаушыны іске нақты қатыстырмай, тек қана оның қорғаушының көмегінен бас тартатындығы жөніндегі өтінішін іс материалдарына тіркеумен шектелген. Мұндай жағдайда, «Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысының 4-тармағына сәйкес, С.-ның Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген қорғану құқығының бұзылуы себепті, ҚПК-нің 112-бабының негізінде оған қатысты дәлелдемелер жарамсыз деп танылуы тиіс. Істің мұндай тұрғысында, апелляциялық сот алқасының С.-ның әрекетінде қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауы себепті оған қатысты шығарған ақтау үкімі заңды, әрі негізді, сондықтан ол күшінде қалдырылуға жатады. У. мен А.-ға жаза тағайындағанда, бірінші сатыдағы сот ҚК-нің 52-бабының талаптарын басшылыққа алып, олардың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандарын, жасаған қылмыстарын мойындап, шын ниетпен өкінетіндерін, отбасылы екендіктерін, жасөспірім балаларының болуын, оң мінездемелерін олардың қылмыстық жауаптылықтары мен жазаларын жеңілдететін, ал олардың қылмыстық құқық бұзушылықтарды өздерінің кәсіби анттарын бұза отырып жасағандарын - қылмыстық жауаптылықтары мен жазаларын ауырлататын мән-жай ретінде, сол сияқты жәбірленуші Б.-ның пікірін дұрыс ескерген.

 

 Бұл орайда, ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігі бойынша У. мен А.-ның қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттері осы баптың бірінші бөлігіне қайта сараланып, олардың айыптарының ауқымы азайғандықтан, оларға ҚК-нің 362-бабының 1-бөлігімен тағайындалған жаза мөлшері төмендетілуге жатады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған С.-ға қатысты апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы мен апелляциялық үкімінің ақтау жөніндегі бөліктерін күшінде қалдырды. Дәлелдемелерге баға беру Сотталғандардың кінәсіздігі жөніндегі тұжырымның қателігіне байланысты апелляциялық сот сатысының ақтау үкімінің күші жойылдыСотталған У. мен А.-ға қатысты апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы мен апелляциялық үкімінің ақтау жөніндегі бөліктерінің күштері жойылды. У. мен А.-ға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертіліп, У.-дың әрекетінде ҚК-нің 420-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 2) тармағы негізінде тоқтатылды. ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігі бойынша У.-дың қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті ҚК-нің 362-бабының 1-бөлігіне қайта сараланып, осы бап бойынша оған 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкімнің У.-ды 416-бабының 2-бөлігімен, 419-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тану және олар бойынша жаза тағайындау бөліктері күшінде қалдырылды. ҚК-нің 58-бабының 1, 3-бөліктері негізінде, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен, мемлекеттiк қызметтегі белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан бір жылға айыра отырып, түпкілікті 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігі бойынша А.-ның қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті ҚК-нің 362-бабының 1-бөлігіне қайта сараланып, осы бап бойынша оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкімнің А.-ны ҚК-нің 416-бабының 2-бөлігімен, 420-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тану және олар бойынша жаза тағайындау бөліктері күшінде қалдырылды. ҚК-нің 58-бабының 1, 3-бөліктері негізінде, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен, мемлекеттiк қызметтегі белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 1 жылға айыра отырып, түпкілікті 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкімнің У. мен А.-ға ҚК-нің 44-бабы негізінде пробациялық бақылау белгілеу және осыған байланысты оларға тиісті міндеттер жүктеу бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 20 тамыздағы жекеше қаулыларды бұзған қаулысы мен жекеше қаулысының күштері жойылып, Ақтау қалалық сотының 2018 жылғы 25 мамырдағы жекеше қаулысының У.-мен А.-ға қатысты бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Сот актілерінің қалған бөліктері өзгеріссіз қалдырылып, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы ішінара қанағаттандырылды.  

Внимание!   

       Адвокатская контора Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши адвокаты готовы оказать вам помощь в юридической консультации,  составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию.   

     Для подробной информации свяжитесь с Юристом / Адвокатом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.  

Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела 

412-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

412-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту – белгiлi...

Толық оқу »

344-бапқа түсініктеме. Көрінеу кінәсіз адамды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстық жауаптылыққа тарту

344-бапқа түсініктеме. Көрінеу кінәсіз адамды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстық жауаптылыққа тарту 1. Көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауапкерші...

Толық оқу »

Кінәсіздік презумпциясы-айыптау үкімі болжамдарға негізделмеуі мүмкін және жеткілікті дәлелдер жиынтығымен расталуы керек

Кінәсіздік презумпциясы-айыптау үкімі болжамдарға негізделмеуі мүмкін және жеткілікті дәлелдер жиынтығымен расталуы керекАлматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндег...

Толық оқу »

Кінәсіздік презумпциясына сәйкес айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол анық дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс

Кінәсіздік презумпциясына сәйкес айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол анық дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиісОңтүстік Қазақстан облысы Шымкент...

Толық оқу »

Дәлелдемелерді бағалау, ешкім өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кінәсіне деген күмән оның пайдасына түсіндіріледі

Дәлелдемелерді бағалау, ешкім өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кінәсіне деген күмән оның пайдасына түсіндіріледіШығыс Қаза...

Толық оқу »

10-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

10-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі     1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам кiн...

Толық оқу »

10-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кінәсіздік презумпциясы

10-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кінәсіздік презумпциясы 1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғ...

Толық оқу »

19-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

19-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзде...

Толық оқу »

Қасақана кісі өлтіруге оқталу, яғни адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеген басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасау ретінде қарама-қайшы және жол берілмейтін нақты деректерге негізделген, кінәсіздік презумпциясының Конституциялық принципіне сәйкес келмейді

Қасақана кісі өлтіруге оқталу, яғни адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеген басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасау ретінде қарама-қайшы және жол...

Толық оқу »

Ешкім өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, айыпталушының кінәсіне деген күмән оның пайдасына түсіндіріледі

Ешкім өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, айыпталушының кінәсіне деген күмән оның пайдасына түсіндіріледіАтырау облысы Атырау қаласы № 2 сотының 2019 жылғы 27 маусым...

Толық оқу »

861-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның кiнәсiздiгiн тану арқылы ақтау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

861-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның кiнәсiздiгiн тану арқылы ақтау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiмшiлiк құқық бұ...

Толық оқу »

Жазықсыз адамды соттау оның іс әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сот үкімінің күшін жоюға және қылмыстық істі тоқтатуға әкеп соқтырды

Жазықсыз адамды соттау оның іс әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сот үкімінің күшін жоюға және қылмыстық істі тоқтатуға әкеп соқтырдыАстан...

Толық оқу »

861-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның кінәсіздігін тану жолымен оңалту

861-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның кінәсіздігін тану жолымен оңалту 1. Осы...

Толық оқу »