Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Кінәсіздік презумпциясына сәйкес айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол анық дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс

Кінәсіздік презумпциясына сәйкес айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол анық дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Кінәсіздік презумпциясына сәйкес айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол анық дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2013 жылғы 15 қарашадағы үкімімен: М. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 192-1-бабымен (1997 жылғы редакциядағы) 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 865 500 теңге айыппұл төлеуге сотталған. Заттай дәлелдемелердің мәселесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 118-бабында бекітілген тәртіппен шешілген. Сот үкімімен М. «Э» ЖШС-ның директоры, «Т» ЖШС-ның атқарушы директоры қызметтерін атқарып жүріп, жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды жібермей, аталған серіктестіктердің иелігінде шын мәнінде «С» ЖШС-да қажетті құрылыс материалдарының жоқ екенін біле тұра, оған қойылмаған жалпы көлемі 398 934 000 теңгені құрайтын құрылыс материалдарын сатқаны жөнінде жалған шот-фактураларын сатып пайдалану арқылы мәмілелер жасап, жалпы 42 742 928 теңге қосылған құн салығын жалтарып, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген үшін кінәлі деп танылған. Үкім апелляциялық тәртіппен қайта қаралмаған. Бас Прокурор наразылығында сот үкімі талданбаған, ақиқаты салыстырылмаған дәлелдемелермен шығарылған, М.-ға қатысты жедел іздестіру шараларын жүргізу үшін дәлелдер болмаған, дәлелдемелер арандату жолымен алынған деп санап, оған қатысты шығарылған Еңбекші аудандық сотының 2013 жылғы 15 қарашадағы үкімінің күшін жойып, ҚК-нің 192-1-бабымен кінәсіз деп танып, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған. Прокурор Н.-ның үкімінің күшін жойып, М.-ны кінәсіз деп танып, қылмыстық істі тоқтату жөніндегі пікірін тыңдап, қылмыстық іс материалдарын, наразылықтағы уәждерді зерттеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төмендегідей тоқтамға келді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы үшінші бөлігінің 8), 9) тармақтарында адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады, әрі заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды, ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес делінген. ҚПК-нің 484-бабы үшінші бөлігінің 1) тармағына, 485-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағына, 485-бабы екінші бөлігінің 3) тармағына сәйкес Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілерін оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, істі тергеп-тексеру немесе сотта қарау кезінде жол берілген, кінәсізді соттауға әкелген және қабылданған сот актісі соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолданудағы біркелкілікті бұзған жағдайларда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қарайды. Аталған қылмыстық іс бойынша бұл заңның талаптары өрескел бұзылып, оның салдары кінәсіз адамның сотталуына алып келген. Іс материалдарына сәйкес, қылмыстық іске Сайрам аймағы бойынша АҚПБ-ның аға инспекторы Е.-нің «Э» ЖШС-нің және «Т» ЖШС-нің лауазымды тұлғалары салықтан жалтару мақсатында жəне заңсыз пайда табу мақсатында кəсіпкерлікке ниетсіз, яғни қандай да бір мəміле шартын жасамай, жалған шот-фактураларды сатумен айланысып жатқандығы туралы хабарлама түскендігі көрсетілген мəлімдемесі тіркелген. Сотталған М. мен куə Б. жауаптарында бір-бірімен 2013 жылғы 7 қазандағы интернет желісі арқылы танысқандарын айтқан.

Кінәсіздік презумпциясына сәйкес айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол анық дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс

Алайда, тергеп-тексеру органы онда «Э» ЖШС мен «Т» ЖШС-ға қатысты алынған хабарлама бойынша дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін деректердің жеткіліктігін тексермеген. ҚПК-нің 180-бабына сəйкес іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мəн-жайлар болмаған кезде, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер - сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себеп болады. Алайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы «Э» ЖШС мен «Т» ЖШС-ға қатысты алынған хабарлама бойынша дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін деректердің жеткіліктігін тексермей, заңның бұл талаптарын назардан тыс қалдырған. ҚК-нің 192-1-бабы құрамының субъективтік жағы тікелей қасақаналық ниетпен сипатталады, яғни кінəлінің пиғылы мүліктік пайда табуды немесе контрагенттердің салықтан жалтаруы үшін жалған шот-фактураларды жазуды ұйымдастыруға бағытталып, жедел-іздестіру шараларын жүргізгенге дейін пайда болуы қажет. Іс бойынша куə Б. «С» ЖШС-да жұмыс жасамаған жəне ол салықтан жалтаруды көздемеген, керісінше ол өзінің іс-əрекетімен М.-ны қылмыс жасауға арандатқан. Өз жауабында куə Б. 2013 жылдың қазан айында қаржы полициясы қызметкерлерімен жалған шот-фактура жазу деректерін əшкерелеуге қатысу туралы жасалған ұсынысқа өз келісімін бергенін, 2013 жылғы 7 қазандағы «Э» ЖШС мен «Т» ЖШС-ның басшысы ретінде М.-мен танысқанын, 2013 жылғы 11 қазандағы шот-фактураларды өткізу кезінде М. ұсталғанын мəлімдеген. М.-ның жауабы бойынша 2013 жылғы 7 қазандағы интернет желісі арқылы «Гаухар» есімді азаматшамен танысып, Шымкент қаласында орналасқан «Тау самалы» кафесінде кездесіп, 9,8 пайызбен 398 934 000 теңгеге шот-фактуралар сату жөнінде келіскенін, 2013 жылғы 11 қазандағы шот-фактураларды өткізу кезінде қаржы полициясы қызметкерлері ұстағанын көрсеткен. Қылмыстық істе М.-ның белсенді түрде жалған шот-фактураларды жазып жүргендігі туралы мəліметтер немесе жедел-іздестіру шараларының нəтижелері жоқ, өйткені тергеп-тексеру органы жеткілікті негіздерді анықтамаған, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарында Б.-ның жедел-іздестіру шараларын жүргізуге өз еркімен қатысуға келісім беру туралы арызы тіркелмеген.

Бұдан басқа Б.-ның арандату жолымен бірнеше қылмыстарды əшкерелеуге қатысқаны анықталған. Мысалы, Жоғарғы Соттың 2020 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының 2016 жылғы 29 қаңтардағы Т.-ға қатысты үкімінің күші жойылып, ол ақталған. Жоғарғы Соттың 2020 жылғы 22 қазандағы қаулысымен Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының 2016 жылғы 21 маусымдағы үкімімен ҚК-нің 28-бабы үшінші, төртінші, бесінші бөліктерімен, 24-бабы үшінші бөлігімен, 216-бабы үшінші бөлігімен сотталған О., А., К. жəне Ш. да ақталған. «Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысының 24) тармағына сәйкес, адамды қылмыстық қудалау органдарының араласуынсыз пара алу ниеті туындамайтынын және қылмыстың жасалмағанын айғақтайтын мәнжайлар болған кезде пара нысанасын алуға көндірудің нәтижесінде келісім алынған кезде оған пара беруден тұратын арандатушылық-айдап салушылық әрекеттері өзіне қатысты осы әрекет жүзеге асырылған адам жасаған әрекеттің қылмыстылығын жояды. Бұл қылмыстық іс бойынша Б.-ның тарапынан М.-ны қылмыс жасауға арандатқаны орын алған. «Сот үкімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысының 18) тармағы және ҚПК-нің 393-бабының үшінші бөлігі бойынша, кінәсіздік презумпциясына сәйкес, айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол анық дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс деп көрсетілген. Мұндай жағдайда М.-ға қатысты ҚК-нің 192-1-бабы бойынша шығарылған сот үкімі ҚПК-нің 35-бабы бірніші бөлігі 2) тармағына сәйкес, оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты жойылып, қылмыстық іс тоқтатылуға жатады. Аталған шешімнің қабылдануы ҚПК-нің 39-бабының талаптарына сәйкес М.-ның бұзылған құқығы ҚПК-нің 4-тарауының негізінде қалпына келтіріліп, қылмыстық процестi жүргiзетiн органның заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу құқығы танылуға жатады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған М.-ға қатысты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, сотталған М.-ның əрекетінде қылмыстың құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына сəйкес өндірістен тоқтатылды. ҚПК-нің 4-тарауына сәйкес М.-ның бұзылған құқығы қалпына келтіріліп, қылмыстық процестi жүргiзетiн органның заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеткізу құқығы танылды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

412-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

412-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту – белгiлi...

Толық оқу »

344-бапқа түсініктеме. Көрінеу кінәсіз адамды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстық жауаптылыққа тарту

344-бапқа түсініктеме. Көрінеу кінәсіз адамды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қылмыстық жауаптылыққа тарту 1. Көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауапкерші...

Толық оқу »

Кінәсіздік презумпциясы-айыптау үкімі болжамдарға негізделмеуі мүмкін және жеткілікті дәлелдер жиынтығымен расталуы керек

Кінәсіздік презумпциясы-айыптау үкімі болжамдарға негізделмеуі мүмкін және жеткілікті дәлелдер жиынтығымен расталуы керекАлматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндег...

Толық оқу »

Дәлелдемелерді бағалау, ешкім өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кінәсіне деген күмән оның пайдасына түсіндіріледі

Дәлелдемелерді бағалау, ешкім өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кінәсіне деген күмән оның пайдасына түсіндіріледіШығыс Қаза...

Толық оқу »

Дәлелдемелерге баға беру Сотталғандардың кінәсіздігі жөніндегі тұжырымның қателігіне байланысты апелляциялық сот сатысының ақтау үкімінің күші жойылды

Дәлелдемелерге баға беру Сотталғандардың кінәсіздігі жөніндегі тұжырымның қателігіне байланысты апелляциялық сот сатысының ақтау үкімінің күші жойылдыМаңғыстау облысы Ақтау қа...

Толық оқу »

10-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

10-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі     1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам кiн...

Толық оқу »

10-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кінәсіздік презумпциясы

10-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің кінәсіздік презумпциясы 1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғ...

Толық оқу »

19-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

19-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзде...

Толық оқу »

Қасақана кісі өлтіруге оқталу, яғни адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеген басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасау ретінде қарама-қайшы және жол берілмейтін нақты деректерге негізделген, кінәсіздік презумпциясының Конституциялық принципіне сәйкес келмейді

Қасақана кісі өлтіруге оқталу, яғни адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеген басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасау ретінде қарама-қайшы және жол...

Толық оқу »

Ешкім өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, айыпталушының кінәсіне деген күмән оның пайдасына түсіндіріледі

Ешкім өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, айыпталушының кінәсіне деген күмән оның пайдасына түсіндіріледіАтырау облысы Атырау қаласы № 2 сотының 2019 жылғы 27 маусым...

Толық оқу »

861-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның кiнәсiздiгiн тану арқылы ақтау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

861-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның кiнәсiздiгiн тану арқылы ақтау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiмшiлiк құқық бұ...

Толық оқу »

Жазықсыз адамды соттау оның іс әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сот үкімінің күшін жоюға және қылмыстық істі тоқтатуға әкеп соқтырды

Жазықсыз адамды соттау оның іс әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сот үкімінің күшін жоюға және қылмыстық істі тоқтатуға әкеп соқтырдыАстан...

Толық оқу »

861-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның кінәсіздігін тану жолымен оңалту

861-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның кінәсіздігін тану жолымен оңалту 1. Осы...

Толық оқу »