Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы (эмансипация)
АПК-тің 329-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-1-бабында көзделген жағдайда он алты жасқа толған, кәмелетке толмаған бала өзін толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызбен өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіне алады.
Жалпы қағида бойынша азаматтық әрекетке қабілеттілік кәмелетке толған кезден, яғни 18 жастан бастап пайда болады., он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар белгілі бір шекте мәмілелер жасауға құқылы, кәмелетке толмаған некеге тұрғанда және оны толығымен әрекетке қабілетті деп жариялағанда (эмансипация), яғни ерекше жағдайларды қоспағанда, басқа мәмілелерді жасауға ата-анасының, асырап алушының, қамқоршының жазбаша рұқсаты керек.
Эмансипацияның мақсаты – кәмелетке толмағанды мәміле жасау үшін заңды өкілдерінен әрдайым рұқсат алудан босату болып табылады.
Азаматтық кодекстің 22-1- бабына сәйкес, жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн болса немесе оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялануы мүмкiн.
Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау (эмансипация) оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен қорғаншы және қамқоршы органның шешiмi бойынша не ондай келiсiм болмаған жағдайда соттың шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес ие болу үшiн жас шектеуi белгiленген құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, азаматтық құқықтарға ие болады және мiндеттердi (оның iшiнде өзiнiң зиян келтiруi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша) мойнына алады.
Заңды өкілдер эмансипацияланған кәмелетке толмаған адамның мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды. Кәмелетке толмағанды толық әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот ата-аналарының (ата-анасының біреуінің), баланы асырап алушылардың немесе қамқоршысының кәмелетке толмағанды әрекетке толығымен қабілетті деп жариялауға келісімі болмаған кезде қабылдайды.
Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот арыз берушінің, ата-аналарының (ата-анасының біреуінің), баланы асырап алушылардың (асырап алушының), қамқоршысының, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, прокурордың қатысуымен қарайды (АПК-тің 330- бабы).
Арыз қанағаттандырылған кезде он алты жасқа толған, кәмелетке толмаған бала эмансипация туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап толығымен әрекетке қабілетті (эмансипацияланған) деп жарияланады.
АПК-тің 27- бабына сәйкес, мұндай істер кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттылығына жатқызылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы