928-бап. Әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиянды (осы Кодекстiң 26-бабы), егер олар зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, оның қорғаншысы немесе оны қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi ұйым өтейдi.
2. Қорғаншының немесе ұйымның әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi оның әрекетке қабiлеттiлiгi қалпына келген жағдайда да тоқтатылмайды.
3. Егер қорғаншы қайтыс болса не оның зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi қаражаты болмаса, ал зиян келтiрушiнiң өзiнде мұндай қаражат болса, сот жәбiрленушi мен зиян келтiрушiнiң мүлiктiк жағдайын, сондай-ақ басқа да мән-жайларды, атап айтқанда, зиян келтiрушiнiң әрекетке қабiлеттiлiгiнiң қалпына келуiн ескере отырып, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды сол зиян келтiрушiнiң мүлкi есебiнен толық немесе iшiнара өтеу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы