329-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арыз беру Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-1-бабында көзделген жағдайда он алты жасқа толған, кәмелетке толмаған бала өзін толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызбен өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіне алады.
2. Кәмелетке толмағанды толық әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот ата-аналарының (ата-анасының біреуінің), баланы асырап алушылардың немесе қамқоршысының кәмелетке толмағанды әрекетке толығымен қабілетті деп жариялауға келісімі болмаған кезде қабылдайды.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы