330-бап. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды қарау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот арыз берушінің, ата-анасының (ата-анасының біреуінің), бала асырап алушылардың (бала асырап алушының), қамқоршының, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды.
Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде, қозғалған іс бойынша процесте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған адамның мүдделерін білдіруі және қорғауы үшін ресми өкіл – адвокатты тағайындау туралы мәселені шешеді.
Ресми өкіл – адвокат заңды өкілдің өкілеттіктеріне ие болады.
Ескерту. 330-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.06.2020 № 342-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы