331-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арыз бойынша сот шешімі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
1. Сот кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды мәні бойынша қарап, арыз берушіні қанағаттандыратын немесе қанағаттандырудан бас тартатын шешім қабылдайды.
2. Арыз қанағаттандырылған кезде он алты жасқа толған, кәмелетке толмаған бала эмансипация туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап толығымен әрекетке қабілетті (эмансипацияланған) деп жарияланады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы