929-бап. Әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған азамат келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
Құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан әрекет қабiлетi шектеулi (осы Кодекстiң 27-бабы) деп танылған азамат келтiрген зиянды зиян келтiрушiнiң өзi жалпы негiздерде өтейдi.
Ескерту. 929-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2020 № 356-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы