Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 139-бабына түсініктеме. Күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 139-бабына түсініктеме. Күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 139-бабына түсініктеме. Күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану

  • 1. 136-бапта көзделген негіздер болған және осы Кодекстің 138-бабында көрсетілген мән-жайлар ескерілген кезде, ерекше жағдайларда күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл ретте күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 173, 179, 181, 184, 255—268 және 272-баптарында көзделген қылмыстардың ең болмағанда біреуі жасалған жағдайда, отыз тәуліктен кешіктірілмей жариялануға тиіс, ал егер күдікті ұсталып, содан кейін қамауға алынған болса, дәл осы мерзім ұстау сәтінен бастап есептеледі. Егер осы мерзімде күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылмаса және жарияланбаса, бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылады.
  • 2. Күдіктіге оның әрекетін саралау туралы қаулы жарияланған кезде, оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды қолдану мәселесі осы Кодекстің 147-бабында көзделген тәртіппен сотта қайта қаралады. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнің аяқталуына жиырма төрт сағат қалғанда күзетпен ұстау орнының бастығына күдіктіні күзетпен ұстауға санкция беру туралы сот қаулысы келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы бұл туралы қылмыстық іс өзінің өндірісінде жатқан органды немесе адамды, сондай-ақ прокурорды хабардар етуге міндетті. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін бұлтартпау шарасын тоқтату немесе айыпталушыны күзетпен ұстауға соттың санкция беруі туралы тиісті шешімдер келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы оны өз қаулысымен босатады, оның көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде қылмыстық іс өзінің өндірісінде жатқан органға немесе адамға және прокурорға жібереді.
  • 3. Осы баптың екінші бөлігінің талаптары орындалмаған жағдайда, күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы заңда белгіленген жауаптылықта болады.
  •  
  • Жалпы ереже және заңның талабы бойынша, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы оның әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана қолданылады, осы Кодекстің 139-бабында көзделген жағдайлар бұған жатпайды (ҚПК-нің 140-бабының 2-бөлігі). Осыған байланысты ҚПК-нің 139-бабы күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға және оған жарияланғанға дейін күдіктіге кез келген бұлтартпау шарасын қолданудың процестік нысанын реттейді.
  • Осылайша, ҚПК-нің 139-бабының 1-бөлігі күдіктіге, яғни ресми түрде күдікті деп танылған адамға (ҚПК-нің 64-бабының 1-бөлігі), оның әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін едәуір бұрын бұлтартпау шарасын, оның ішінде күзетпен ұстауды қолдану мүмкіндігіне жол береді. Мұндай адам ҚПК-нің 128-бабында көзделген тәртіппен бұрын ұсталмаған, бірақ күдікті деп танылған адам да, ҚПК-нің 128-бабында көрсетілген негіздер бойынша ұсталған адам да болуы мүмкін.
  • ҚПК-нің 139-бабының 1-бөлігі күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын заңды түрде қолдану үшін сақталуы қажетті шарттар тобын бекітеді. Олар:
  • — жағдайдың ерекше болуы. Заң «ерекше жағдайларда» деген ұғымды ашып көрсетпейді, оны түсіну бұлтартпау шарасын қолдануға қатысты төменде келтірілген мән-жайлармен ұштастырыла отырып мүмкін болады;
  • — ҚПК-нің 136-бабында көрсетілген бұлтартпау шараларын қолдану негіздерінің болуы;
  • — ҚПК-нің 138-бабында, 140-баптың 3-бөлігінде көрсетілген бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулер белгілеу кезінде ескерілетін мән-жайлардың болуы.
  • Басқаша айтқанда, дәл осы мән-жайлардың жиынтығы күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының негізіне алынуы мүмкін.
  • Әрине, жағдайдың ерекше болуы адамның мұндай жағдайда болу мерзімінің қысқа болуын көздейді (ҚПК-нің 139-бабының 1-бөлігі).
  • Ерекше жағдайлар туындаған кезде күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы жалпы ереже бойынша бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей шығарылып, күдіктіге жариялануға тиіс. Бұл уақыт дәлелді қаулы қабылдау үшін әбден жеткілікті.
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 173, 179, 181, 184, 255—268, 272-баптарында көзделген ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасады деген күдікке ілінген адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған кезде, мұндай істерді тергеп-тексерудің ерекше күрделілігі, олардың, әдетте, қылмыстық топ құрамында жасалуы, олар бойынша көптеген процестік және тергеу әрекеттерін жүргізу қажеттілігі және т.б. ескеріле отырып, күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы оған бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап отыз тәуліктен кешіктірілмей жариялануға тиіс.
  • Егер күдікті алдымен ұсталып, содан кейін күзетпен ұсталса, күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы жоғарыда көрсетілген мерзімдерде шығарылады, алайда бұл мерзімдер аталған адам нақты ұсталған сәттен бастап есептеледі.
  • Олай болмаған жағдайда, күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау мерзімдерінің сақталмауы мүмкін екендігін көрсететін мән-жайлар туындаған кезде, тергеу судьясы бұрын санкциялаған осы бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылуға тиіс (ҚПК-нің 153-бабының 3, 5-бөліктері).
  • Күдіктіге жарияланған оның әрекетін саралау туралы қаулыда, егер ол күзетпен ұсталса, адамның күзетпен ұсталуы туралы шешімді қайта қарауға мүмкіндік беретін мән-жайлардың бар екенін көрсететін дәлелдемелер болуы мүмкін. Сондықтан заң күдіктіге оның әрекетін саралау туралы қаулы жарияланғаннан кейін оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды одан әрі қолдану мәселесі тергеу судьясының қайта қарауына жататынын арнайы ескертеді (ҚПК-нің 139-бабының 2-бөлігі). Бұл тергеу судьяларын, прокурорларды, тергеу бөлімдерінің және анықтау органдарының басшыларын осындай істердің есебін жүргізуге және күзетпен ұстауды одан әрі сақтау немесе оны өзге бұлтартпау шарасына ауыстыру мәселелерін уақтылы көтеруге міндеттейді.
  • ҚПК-нің 139-бабының 2—3-бөліктері күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау мерзімдерінің аяқталуына жиырма төрт сағат қалғанда да, олар өткеннен кейін де күдіктіні күзетпен ұстауға санкция беру туралы тергеу судьясының қаулысы күзетпен ұстау орнының бастығына келіп түспеген жағдайда, оның туындайтын салдарларымен бірге осы бастықтың процестік әрекеттерін, шешімдерін және жауаптылығын реттейді. Тек осы мәселе бойынша арнайы нормалар жүйесі күзетпен ұстау орнының бастығын қылмыстық процестің толыққанды қатысушысына, күдіктіге қатысты күзетпен ұстауды таңдау жағдайларында өзіндік бейтарап тарапқа айналдыратынын атап өткім келеді, бұл кездейсоқ емес. Күзетпен ұстау орны бастығының өкілеттіктері және адамды көрінеу заңсыз күзетпен ұстағаны үшін оның қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін екендігі (ҚК-нің 414-бабы) қылмыстық процесте жеке адамның құқықтарын қорғаудың қосымша кепілі болып табылады. Сондай-ақ ҚПК-нің 139-бабының 1, 2-бөліктерінде реттелетін мерзімдердің сақталуы, ең алдымен, ісі бойынша күдікті күзетпен ұсталған анықтаушыға, тергеушіге және күзетпен ұстау орнының бастығына қатысты екенін ескеру қажет.
  • ҚПК-нің 149, 150-баптарының нормаларының мәні бойынша күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшыларына тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының, гауптвахталардың бастықтары жатады.
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Автор: Марат Чекишевич Қоғамов, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.
  •  
  • Конституция Заң Кодекс Нормативтік Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік істер Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

Тергеу сотының қаулысына шағым / қоғамнан оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолдану

Тергеу сотының қаулысына шағым / қоғамнан оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолдануНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың н...

Толық оқу »

148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1...

Толық оқу »

138-бап. Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулер белгілеу кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

138-бап. Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулер белгілеу кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Бұлтарпау шар...

Толық оқу »

153-бап. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

153-бап. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Бұлтартпау шарасының қажеттігі болмай қалған кезде...

Толық оқу »

139-бап.Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

139-бап.Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекстiң...

Толық оқу »

149-бап. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

149-бап. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпе...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 138-бабына түсініктеме. Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулерді белгілеу кезінде ескерілетін мән-жайлар

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 138-бабына түсініктеме. Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулерді белгілеу кезінде ескерілетін мән-жайлар1. Бұлт...

Толық оқу »

150-бап. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстап алынғандар ұсталатын орындарда ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

150-бап. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстап алынғандар ұсталатын орындарда ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Рес...

Толық оқу »

Тергеу судьясының үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мазмұнын айқындауға санкция беруі жүзеге асырылады үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны қамауда ұстамай, бірақ судья белгілеген шектеулерді қолдана отырып, қоғамнан оқшаулаудан тұрады

Тергеу судьясының үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мазмұнын айқындауға санкция беруі жүзеге асырылады үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны қамауда ұстамай, бірақ судья белгіл...

Толық оқу »

10-бап. Айыпталушыға (күдіктіге) қатысты қылмыстық процеске қатысушыларға күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмыстық әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мүмкiндiгін болдырмайтын бұлтартпау шараларын қолдану Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

10-бап. Айыпталушыға (күдіктіге) қатысты қылмыстық процеске қатысушыларға күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмыстық әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мү...

Толық оқу »

Қоғамнан оқшауланумен байланысты емес қатаң бұлтартпау шарасын қолданбау туралы сот қаулысына шағым (келмеу туралы жазылым үй қамағы)

Қоғамнан оқшауланумен байланысты емес қатаң бұлтартпау шарасын қолданбау туралы сот қаулысына шағым (келмеу туралы жазылым үй қамағы)Назар аударыңыз! Заң және құқық заң компан...

Толық оқу »

Апелляциялық Шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының 2 (екі) айлық мерзімге ұстау жайлы сот қаулысына

Апелляциялық Шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялау туралы және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының 2 (екі) айлық мерзімге ұстау жайлы...

Толық оқу »

Өзге де бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат / қорғаушының тергеу сотына өтініші

Өзге де бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат / қорғаушының тергеу сотына өтініші Назар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі е...

Толық оқу »

Өтініш тергеу сотына қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға келіспеу туралы

Өтініш тергеу сотына қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға келіспеу туралыТүркістан облысы Мақтаарал аудандық сотынаМактаарал ауданы, Мырзакент елді мекені, Мад...

Толық оқу »

Апелляциялық шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 (екі) айлық мерзімге ұстау жайлы сырттай санкциялау түріндегі сот қаулысына

Апелляциялық шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 (екі) айлық мерзімге ұстау жайлы сырттай санкциялау түріндегі сот қаулысынаЖамбыл облыстық сотының қылмыстық і...

Толық оқу »

Тергеу сотына өтінішхат қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы прокурордың өтінішіне қоса берілген барлық материалдармен танысуға

Тергеу сотына өтінішхат қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы прокурордың өтінішіне қоса берілген барлық материалдармен танысуғаТүркістан облысы Мақт...

Толық оқу »

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау бойынша сот қаулысын күшін жою туралы

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау бойынша сот қаулысын күшін жою туралыТүркістан облыстық сотының қылмыстық і...

Толық оқу »

Күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау туралы тергеу судьясы бұлтартпау шарасына үйқамақ түріндегі санкция беруге Не кепіл қолдануға құқылы

Күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау туралы тергеу судьясы бұлтартпау шарасына үйқамақ түріндегі санкция беруге Не кепі...

Толық оқу »

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысын күшін жоюды

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысын күшін жоюдыТүркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөнін...

Толық оқу »

Тергеу судьясы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулы шығарған кезде Алматыда адвокат кепіл мынадай жағдайларда белгіленбейді

Тергеу судьясы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулы шығарған кезде Алматыда адвокат кепіл мынадай жағдайларда белгіленбейдіТергеу судьясы күз...

Толық оқу »

Тергеушінің қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішінен бас тарту

Тергеушінің қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішінен бас тартуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың...

Толық оқу »

Тергеу судьясы санкция беру туралы мәселені қарау кезінде бұлтартпау шараларын Заңның ережелерін назарға алуға тиіс

Тергеу судьясы санкция беру туралы мәселені қарау кезінде бұлтартпау шараларын Заңның ережелерін назарға алуға тиісСотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның осы ш...

Толық оқу »

Тергеу судьясы санкция беру туралы мәселені қарау кезінде бұлтартпау шараларын Заңның ережелерін назарға алуға тиіс ҚР

Тергеу судьясы санкция беру туралы мәселені қарау кезінде бұлтартпау шараларын Заңның ережелерін назарға алуға тиісСотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның осы ш...

Толық оқу »

Бұлтартпау шараларын бұзуға байланысты қамауда ұстауға өзгерту туралы өтініш қамау үйі

Бұлтартпау шараларын бұзуға байланысты қамауда ұстауға өзгерту туралы өтініш қамау үйіНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжаттың негі...

Толық оқу »

Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз түрде тарту, заңсыз соттау, заңсыз тұтқынға алу кезіндегі моральдық зиянды өтеу

Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз түрде тарту, заңсыз соттау, заңсыз тұтқынға алу кезіндегі моральдық зиянды өтеуМоральдық зиян мазмұнының түсінігіне қылмыстық қудалау тұлғасым...

Толық оқу »

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқаға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы сот қаулысына жеке шағым

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқаға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы сот қаулысына жеке шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокат...

Толық оқу »

Тергеушінің күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатының материалдарына қолхат көшірмесін қоса тіркеу туралы ӨТІНІШХАТ

Тергеушінің күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатының материалдарына қолхат көшірмесін қоса тіркеу туралы ӨТІНІШХАТАлматы қаласының маманд...

Толық оқу »

Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданудан бас тартты және үй қамауында болуды ұйғарды

Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданудан бас тартты және үй қамауында болуды ұйғарды2023 жылғы 15 мамырда Алматы қаласы ПД Алмалы ауданы ПББ аға тергеушісі бі...

Толық оқу »

Қамауда ұстау түріндегі таңдалған бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулыға шағым

Қамауда ұстау түріндегі таңдалған бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулыға шағымНұр-сұлтан қаласы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасына010000,...

Толық оқу »

Тергеуші бұлтартпау шарасын санкциялауға сотқа берген қылмыстық іс материалдарын сұрату

Тергеуші бұлтартпау шарасын санкциялауға сотқа берген қылмыстық іс материалдарын сұратуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі е...

Толық оқу »