Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялау туралы

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялау туралы

 

07 наурыз 2025 жылы Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының тергеу судьясы Е.Сламбеков, Мақтаарал ауданы прокуратурасының  прокуроры Е.Саржан, күдікті АЕК, қорғаушы - адвокат Г.Саржановтың қатысуларымен, ашық сот отырысында дыбыс-бейне жазбасын қолдану арқылы қаулы етті:

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Д.Жақсылықтың  күдікті Е К Ақа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылсын.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған деп күдіктелген Ес  К  Ақа бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды 2025 жылы 28 сәуір 23 сағат 05 минутқа дейін 2 (екі) ай мерзімге  санкция  берілсін.

Күзетпен ұстау мерзімі Е К  Атың нақты ұсталған  уақыты  2025 жылдың 28 ақпан 23 сағат 05 минуттан бастап есептелсін.

 Құрметті сот, аталған сот қаулысымен келіспейміз, себебі күдікті АЕКті қамауға алуға негіз жоқ. күдікті АЕ.К., бұрын сотталмаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, тұрақты тұрғылықты жері бар, жеке басы анықталған.

Күдікті АЕ.К., қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға немесе істі объективті тергеуге немесе оның сотта қаралуына кедергі келтіруге ниетті емес.

Сонымен қатар, күдікті АЕ.К., өз от басысының жалғыз асыраушысы, диханшы, үйленген, заңды некедегі жұбайы: Оспанова Динара Нұржанқызы, (үйде бала тірбиесімен айналысуда) ортақ некеден 5 (бес) кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар:

1.     Аа Асия Е на 15.12.2013 ж.т.

2.     Аа Айша Е на 26.05.2015 ж.т.

3.     Қ Али Е ы 10.10.2017 ж.т.

4.     Қ Омар Е ы 24.11.2020 ж.т.

5.     Қ Абдуллах Е ы 23.08.2022 ж.т.

 

Сондай-ақ, күдікті Е.К Атың әрекеттері дұрыс сараланбаған деп есептейміз және оның әрекетерінде ҚР ҚК 174-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ.

Қылмыстық іс матреиалдарын мұқият зерттесек  Е.К Атың Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы  дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау әрекеттері анықталмаған.

Е.К Атың іс-әрекеттерінде жария түрде немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдаланбаған, сол сияқты дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолында ешқандай іс әреттер жасамаған және тергеумен ондай іс әрекеттер анықталмаған.

Сот өз қаулысының анықтау бөлігінде тергеу берген келесі ақпаратты: “Күдікті Е.А01.07.2024 – 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. Б Е М  бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын бірнеше рет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру қылмысын қасақана жасаған». - деген мәліметті басшылыққа алған.

Алайда тергеу соты, теріс бағыттағы дін қанадай және қай ағымдағы дін  екендігіне, күдікті өзінің қандай іс әрекеттерімен діни алауыздықты тудырды, «Дильмурат Абу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздары қандай ҚР НҚА немесе сот актілерімен тиым салынғандығын анықтамай, қорғаушының уәждеріне өкінішке орай назар аударуды жөн көрмеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабына және ҚР ҚПК 19-бабына сай, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.

Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс.

Сот актілері болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс.

 Қаралып отырған қылмыстың объектісі болып халықаралық бейбітшілікті және діни топтарының қауіпсіз өмір сүруі азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиеті, олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары жағдайларын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Бұл қылмыстың объективті жағы діни алауыздықты қоздыру, азаматтардың діни сезімдерін қорғау, азаматтардың дінге көзқарасы айрықшалығын, артықшылығын немесе кемдігін насихаттау.

Белгілі бір нәсілдің, ұлттың, этникалық немесе діни топтың өкілдеріне дұшпандық, жеккөрушілік немесе өшпенділік сезімін қалыптастыру нәтижесінде пайда болатын әртүрлі әрекеттер: бір адам тобының басқалардан ерекшелігін немесе артықшылығын насихаттау, белгілі бір нәсілдің өкілдерін кемсіту болған жағдайда қылмыс құрамын құрайды.

Діни сезімдерді қорлау дегеніміз – азамат мойындайтын діни догмалар мен канондарды немесе оның діни көзқарасымен байланысты азаматтың жеке қасиеттерін құрметтемеушілік, өрескел мазақ ету, құрметті заттарды, дүниетанымдық рәміздерді белгілері мен эмблемаларын келеке ету (жала жабу, кемсіту, масқаралау, мазақ ету).

Субъективтік жағы тікелей қасақаналық ниетпен сипатталады: кінәлі адам діни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлауға бағытталған іс-әрекеттер жасайтынын түсінеді, сондай-ақ көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, сол сияқты аталған ақпаратты әдебиеттер немесе өзге де жеткізгіштерді дайындау немесе тарату арқылы айрықшалықты, артықшылықты не кемшілікті насихаттайды.

Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыруды, егер оны жасауға екі немесе одан да көп орындаушы алдын ала сөз байласқан бірлестік қатысса, адамдар тобы жасаған деп танылады. Аталған іс-әрекеттерді, егер оларды бірлесе жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, адамдар тобы алдын ала сөз байласқан деп танылады.

– Алайда қылмыстық іс материалдырында күдікті Атың дамдар тобымен алдын ала сөз байласқаны, бейне роликтерді сақтап оны таратқаны, діни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлауға бағытталған іс-әрекеттер жайлы ешқандай дәлел және ақпарат жоқ.

Аталғанға сүйене алдын ала тергеу органы 02 қазан 2024 жылғы Қаулысымен №255143031000006 қылмыстық іс бойынша Кешенді сот психологиялық-филологиялық және сот дінтанушылық сараптамасын тағайындаған.

07.02.2025 жыл №7 Сарапшының қорытындысын зерделей келе қылмыстық іс бойынша төменде көрсетілген күмәндарды анықтауға болады:

Сарапшы филологқа тергеушінің сұрағы:

– Зерттеуге ұсынылған материалдарда Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзу, билікті күшпен басып алуды немесе билікті күшпен ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге үндеулер бар ма?

Жауап: Конституциясын бұзу, билікті күшпен басып алуды немесе билікті күшпен ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге үндеулер жоқ.

 

Сарапшы дінтанушыға тергеушінің сұрағы:

– Зерттелетін материалдардың мәтіндеріндегі идеялар қандай діни ағымға жатады?

Жауап: Исламның сунниттік ағымының салафиттік бағытына жатады.

– Зерттеуге ұсынылған материалдар мәтіндерінде бір діни топтың басқасына қарсы діни араздықтың идеялары бар ма?

Жауап: Күдікті Атың ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен сілтемесін көшіріп Ватсап желісіндегі группаға жіберген бейне ролигінде Сарапшының қорытындысы бойынша Діни топтың  басқасына қарсы діни араздықтың идеялары жоқ деп қорытындыға келген.

– Ұсынылған мәтіндерінде діни жүккер бойынша жихад жасау, өзін-өзі құрбан ету, соғыс және зорлық-зомбылық идеялары бар ма?

Жауап: Осылайша зерттеуге ұсынылған объект мәтіндерінде діни уәждер бойынша жихад жасау, өзін-өзі құрбан ету, соғыс және зорлық-зомбылық идеялары жоқ.

– Зерттелетін мәтіндерде ҚР аумағында теократиялық құрылғыны орнатуды насихаттайтын идеялар бар ма?

Жауап: Зерттеуге берілген объект мәтіндерінде ҚР аумағында теократикалық құрылысты орнатуды насихаттайтын идеялар жоқ.

Сарапшы саясаттанушыға тергеушінің сұрағы:

– Зерттеуге ұсынылған материалдарда әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлау белгілері, сондай-ақ азаматтардың діни көзқарасы, тектік-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша оларды айрықшыландыру, артықшылықты немесе кемітуді насихаттау белгілері бар ма?

Жауап: Күдікті Атың ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен сілтемесін көшіріп Ватсап желісіндегі группаға жіберген бейне ролигінде Сарапшының қорытындысы бойынша тектік-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша оларды айрықшыландыру, артықшылықты немесе кемітуді насихаттау белгілері  жоқ деп қорытындыға келген.

– Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға шақыру белгілері бар ма?

Жауап: Терроризімді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға шақыру белгілері жоқ.

– Зерттеуге ұсынылған материалдарда қандай да бір ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу белгілері бар ма?

Жауап: Мәтінде қандайда бір ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу белгілері жоқ.

 

- Террористік немесе экстремистік ұйымды ұйымдастыру мақсатында тұлғаларды жасақтау, дайындау немесе қаруландыруға сілтейтін белгілер, мәліметтер бар ма?

Жауап: Террористік немесе экстремистік ұйымды ұйымдастыру мақсатында тұлғаларды жасақтау, дайындау немесе қаруландыруға сілтейтін белгілер бойынша мәліметтер жоқ.

- Террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау белгілері бар ма?

Жауап: Террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау белгілері жоқ.

          Күдікті АЕ, жоғарыда аталған роликті жеке өзі жазып сақтаған емес, ол роликті ашық жарыяланған Ютуб әлеуметтік желісінен сілтемесін көшіріп Ватсап желісіндегі группаға жіберген Е Атың сілтемемен бөліскен ролигінде сарапшының қорытындысы боыйынша ешқандай құқық бұзушылықтың құрамы анықталмаған.

 

Жоғарыда аталған уәждерді ескерсек тергеу соты тарапынан аманатқа қиянат жасау болды, тергеу сотына ұсынған дәлелдемелер бойынша Күдікті Е.К Аты босатуға негіздер бар, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік расталмаған, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіздер жоқ.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 138-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулерді белгілеу кезінде ескерілетін мән-жайлар) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 136-бабында көрсетілген негіздер бойынша Күдікті қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға, істі объективті тергеуге, оны сотта қарауға кедергі келтіруге ниеті жоқ, сонымен қатар жасалған қылмыстың ауырлығы қылмыстық жауапкершілікке тартуды таңдау үшін жалғыз негіз бола алмайды қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану кезінде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Қылмыстық-процестік  кодексінің 136-бабының 1-1-бөлігі бойынша. Күдіктіге бұлтартпау шарасын таңдаған кезде, егер мүмкіншілік болса жоғарыда аталған мән жайларды ескере отырып, қоғамнан оқшаулаумен қатысты емес бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.

Күдікті, қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырыну не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер жоқ.

ҚР ҚПК-ның 107 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам тергеу судьясының  күдіктіні күзетпен ұстау және өзге де тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы қаулысына, санкциясына шағым жасауға құқылы.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде ҚР ҚПК 107 бабына сәйкес,

 

СОТТАН СҰРАЙМЫН:

·        07 наурыз 2025 жылғы Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының тергеу судьясы Е.Сламбековтың, күдікті Е.К Ақа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысын күшін жоюды;

·        Күдікті Е.К Аты тергеу изоляторынан босатып, оған қатысты қамаумен байланысты емес бұлтартпау шарасын қолдануды.

 

2025 жылғы 14 наурыз №1ам/188  ҚАУЛЫ Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Н.Ешпановтың төрағалық етуімен, хатшылықта М.Сейілхановтың отыруында, прокурор М.Смаиловтың, адвокат Г.Саржановтың қатысуларымен өзінің жабық сот отырысында, Мақтаарал аудандық сотының 2025 жылғы 7 наурыздағы күдікті Есен Канатбаевич Абиловқа қатысты қаулысына адвокат Г.Саржановтың жекеше шағымы бойынша келіп түскен іс-құжаттарын қарап, 

Мақтаарал аудандық сотының 2025 жылғы 7 наурыздағы қаулысымен Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Д.Жақсылықтың күдікті Е К А  қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай ҚК) 174-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған деп күдіктелген Е К А бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды 2025 жылы 28 сәуір 23 сағат 05 минутқа дейін 2 (екі) ай мерзімге санкция берілген. 

Қаулыға адвокат Г.Саржанов жекеше шағым келтіріп, онда күдікті Е К А қылмысы бойынша дәлелдер сотқа ұсынылмағанын, күдіктінің отбасылы, тұрғылықты мекенжайы барын, бұрын сотты болмағанын көрсетіп, қаулының күшін жойып, күдікті Е.А  қамаумен байланысты емес бұлтартпау шарасын қолдануды сұраған. 

Сот алқасы, адвокат Г.Саржановтың жекеше шағымды қуаттап, оны қанағаттандыруды сұраған сөзін, прокурор М.Смаиловтың жекеше шағымды қанағаттандырусыз, қаулыны өзгеріссіз қалдыру туралы қорытындысын тыңдап, материал құжаттары мен жекеше шағым уәждерін талқылап, төмендегі тұжырымға келеді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен күдікті Е.А. 01.07.2024 - 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. 

Б.Е.М. бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «ДильмуратАбу-Мухаммад» және «Назратуллах Абу-Мариям» дардың уағыздарын бірнешерет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру қылмысын қасақана жасаған деп күдіктелген.

Соңғының іс-әрекеті ҚК-нің 174-бабының 2-бөлігімен сараланған. ҚПК-нің 147-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау тек судьяның санкциясымен және басқа, қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шараларын қолдану мүмкін болмаған кезде заңмен бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деген күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты ғана қолданылады. 

ҚПК-нің 148-бабы 9-бөлігінің 3) тармағына сәйкес, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулы шығарған кезде күдікті, айыпталушы сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, кепіл белгіленбейді. 

Тергеу судьясы, күдікті Е.Абиловқа күдік келтірген баптың ауырлығын, оған тағылған айыптаудың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, күдіктінің жеке бас деректерін, бостандықта жүріп тергеу мен соттан жасырынуы және басқа да қылмыстық әрекеттерді жалғастыруы, сондай-ақ тергеуге кедергі жасауы мүмкін екендігін ескеріп, тергеушінің өтінішхатын дұрыс қанағаттандырған. Қорғау тарапының жекеше шағымында көрсетілген уәждері күдіктіге үйқамақ немесе бас бостандығынан айырмайтын бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болып табылмайды. 

Зерттелген мән-жайлардың жиынтығында сот алқасы, заңмен белгіленген әділеттілік пен ізгілік қағидаттарына сүйене отырып, бірінші саты сотының қаулысы заңды және негізді шығарылған – деп санап, оны өзгеріссіз, жекеше шағымды қанағаттандырусыз қалдырғанды жөн – деп табады. ҚПК-нің 107-бабы 7-бөлігінің 1) тармағын және 416-бабының 1 бөлігін басшылыққа алып, сот алқасы, 

ҚАУЛЫ ЕТТІ: Мақтаарал аудандық сотының 2025 жылғы 7 наурыздағы күдікті Е К А қатысты қаулысы өзгеріссіз, адвокат Г.Саржановтың жекеше шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы жарияланған кезден бастап заңды күшіне енеді және түпкілікті болып саналады, шағымдануға немесе наразылық келтіруге жатпайды.

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу

414-бап. Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

414-бап. Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Көрiнеу заңсыз ұстап алу – белгiлi бiр лауазы...

Толық оқу »

50-бап. Күзетпен ұсталып отырған адамдарға сот сараптамасын психиатриялық стационарларда жүргізу шарттары Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

50-бап. Күзетпен ұсталып отырған адамдарға сот сараптамасын психиатриялық стационарларда жүргізу шарттарыCот-сараптама қызметі туралы Заңы      1. Күзетпен ұсталып отырған ада...

Толық оқу »

7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары, оларды есепке алуды жүргізу Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары, оларды есепке алуды жүргізу Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы ме...

Толық оқу »

149-бап. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

149-бап. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпе...

Толық оқу »

Қамауда ұстау түріндегі таңдалған бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулыға шағым

Қамауда ұстау түріндегі таңдалған бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулыға шағымНұр-сұлтан қаласы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасына010000,...

Толық оқу »

233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу Неке (ерлі-зайыпты...

Толық оқу »

585-бап. Транзит және уақытша ұстап беру (экстрадициялау)кезінде күзетпен ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

585-бап. Транзит және уақытша ұстап беру (экстрадициялау)кезінде күзетпен ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Шет мемлекеттің құзыретті органыны...

Толық оқу »

148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1...

Толық оқу »

403-бапқа түсініктеме. Сотталушыны Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің қамауынан босату

403-бапқа түсініктеме. Сотталушыны Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің қамауынан босатуСотталушы ақталған не айыптау үкімі жаза тағайындамай немесе жазасы...

Толық оқу »

101-бап. Ұстап алынған немесе күзетпен ұсталатын адамдардың шағым жолдау тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

101-бап. Ұстап алынған немесе күзетпен ұсталатын адамдардың шағым жолдау тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Алдын ала қамауға алу орындары...

Толық оқу »

150-бап. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстап алынғандар ұсталатын орындарда ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

150-бап. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстап алынғандар ұсталатын орындарда ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Рес...

Толық оқу »

147-бап. Күзетпен ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

147-бап. Күзетпен ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау тек судьяның санкциясымен және басқа, қатаңдығ...

Толық оқу »

Күдіктіні және қорғаушыны қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде оны күзетпен ұстауға тергеу судьясы санкция береді және ұзартады күдіктінің айыпталушының және оның қорғаушысының күзетпен ұсталатын қылмыстық іс материалдарымен танысу уақыты күзетпен ұстау мерзіміне кірмейді бірақ жаза тағайындалған кезде жалпы мерзімге есептеледі

Күдіктіні және қорғаушыны қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде оны күзетпен ұстауға тергеу судьясы санкция береді және ұзартады күдіктінің айыпталушының және оның қор...

Толық оқу »

10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау үшін пайдалану  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды кү...

Толық оқу »

Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданудан бас тартты және үй қамауында болуды ұйғарды

Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданудан бас тартты және үй қамауында болуды ұйғарды2023 жылғы 15 мамырда Алматы қаласы ПД Алмалы ауданы ПББ аға тергеушісі бі...

Толық оқу »

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын кепілмен ұстауға санкцияны өзгерту

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын кепілмен ұстауға санкцияны өзгерту2022 жыл 21 қаңтар айында Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бейне-конфе...

Толық оқу »

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқаға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы сот қаулысына жеке шағым

Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқаға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы сот қаулысына жеке шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокат...

Толық оқу »

Бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үй қамауына өзгерту тәжірибесі

Бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үй қамауына өзгерту тәжірибесіАлматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Ж. Б. Ақынов ЖА күдікті прокурордың қаты...

Толық оқу »

Күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау туралы тергеу судьясы бұлтартпау шарасына үйқамақ түріндегі санкция беруге Не кепіл қолдануға құқылы

Күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау туралы тергеу судьясы бұлтартпау шарасына үйқамақ түріндегі санкция беруге Не кепі...

Толық оқу »

11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары тур...

Толық оқу »

49-бап. Күзетпен ұсталмаған адамдарға сот сараптамасын психиатриялық стационарларда жүргізу шарттары Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

49-бап. Күзетпен ұсталмаған адамдарға сот сараптамасын психиатриялық стационарларда жүргізу шарттарыCот-сараптама қызметі туралы Заңы      1. Күзетпен ұсталмаған адамдарға сот...

Толық оқу »

48-бап. Сезіктілермен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату тәртібі  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

48-бап. Сезіктілермен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату тәртібі Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тә...

Толық оқу »

403-бап. Сотталушыны күзетілуден босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

403-бап. Сотталушыны күзетілуден босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Сотталушы ақталған кезде не жаза тағайындамай немесе жазаны өтеуден босата...

Толық оқу »

152-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы және мерзімдерді есептеуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

152-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы және мерзімдерді есептеуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. К...

Толық оқу »

Тергеу судьясының үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мазмұнын айқындауға санкция беруі жүзеге асырылады үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны қамауда ұстамай, бірақ судья белгілеген шектеулерді қолдана отырып, қоғамнан оқшаулаудан тұрады

Тергеу судьясының үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мазмұнын айқындауға санкция беруі жүзеге асырылады үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны қамауда ұстамай, бірақ судья белгіл...

Толық оқу »

600-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) алынғанға дейін адамды күзетпен ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

600-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) алынғанға дейін адамды күзетпен ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік ко...

Толық оқу »

46-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдайлар режимі Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

46-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдайлар режимі Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен...

Толық оқу »

588-бап. Адамды уақытша күзетпен ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

588-бап. Адамды уақытша күзетпен ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Ұсынылған материалдар зерделенгеннен кейін және ұстап алынған адам іздес...

Толық оқу »

151-бап. Күзетпен ұстау мерзiмдерi және оларды ұзарту тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

151-бап. Күзетпен ұстау мерзiмдерi және оларды ұзарту тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Осы Кодексте көзделген ерекше жағдайлардан басқа,...

Толық оқу »

346-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін көрінеу заңсыз ұстау, күзетпен ұстау немесе ҚР ҚК күзетпен ұстау

346-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін көрінеу заңсыз ұстау, күзетпен ұстау немесе ҚР ҚК күзетпен ұстау 1. Көрінеу заңсыз ұстау — үш жылға дейін...

Толық оқу »

13-бап. Күзетте ұстау мерзімі  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

13-бап. Күзетте ұстау мерзімі Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң      Сезік...

Толық оқу »

426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жазасын өтеп жүрген немесе алдын ала қамауға ал...

Толық оқу »

47-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатудың негіздемелері  4-тарау. Қорытынды ережелер Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

47-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатудың негіздемелері4-тарау. Қорытынды ережелер Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы меке...

Толық оқу »

21-2-бап. Күзетпен ұсталынатын немесе жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

21-2-бап. Күзетпен ұсталынатын немесе жазасын өтеу орнындағы қорғалатын адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы За...

Толық оқу »

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысын күшін жоюды

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысын күшін жоюдыТүркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөнін...

Толық оқу »

358-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе қамаудан қашу

358-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе қамаудан қашу 1. Жазасын өтеп жатқан немесе алды...

Толық оқу »

Тергеу судьясы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулы шығарған кезде Алматыда адвокат кепіл мынадай жағдайларда белгіленбейді

Тергеу судьясы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулы шығарған кезде Алматыда адвокат кепіл мынадай жағдайларда белгіленбейдіТергеу судьясы күз...

Толық оқу »

34-бап. Күзетте ұстау орындарына жапсарлас жатқан аумақтарда режимдік талаптарды қамтамасыз ету Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

34-бап. Күзетте ұстау орындарына жапсарлас жатқан аумақтарда режимдік талаптарды қамтамасыз ету Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, ар...

Толық оқу »

Тергеушінің қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішінен бас тарту

Тергеушінің қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішінен бас тартуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың...

Толық оқу »

44-бап. Күзетте ұстау орындарында арнаулы құралдар мен газ қаруын қолдану Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

44-бап. Күзетте ұстау орындарында арнаулы құралдар мен газ қаруын қолдану Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұста...

Толық оқу »

22-бап. Күзетпен қамауға алу, бас бостандығынан айыру, психиатриялық мекемелерге жатқызу Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы

22-бап. Күзетпен қамауға алу, бас бостандығынан айыру, психиатриялық мекемелерге жатқызу, арнайы қоныс аударуға жiберу түрiнде негiзсiз қуғын-сүргiндерге ұшыраған немесе шекте...

Толық оқу »

Өтініш тергеу сотына қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға келіспеу туралы

Өтініш тергеу сотына қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға келіспеу туралыТүркістан облысы Мақтаарал аудандық сотынаМактаарал ауданы, Мырзакент елді мекені, Мад...

Толық оқу »

45-бап. Күзетте ұстау орындарында оқ ататын қаруды қолдану Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

45-бап. Күзетте ұстау орындарында оқ ататын қаруды қолдану Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен ш...

Толық оқу »

134-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандарды күзетпен ұстау тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

134-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандарды күзетпен ұстау тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Қылмысты...

Толық оқу »

30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі м...

Толық оқу »

15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары тур...

Толық оқу »

42-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін, арнаулы құралдарды, газбен және оқпен атылатын қаруларды қолданудың жалпы негіздері  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

42-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін, арнаулы құралдарды, газбен және оқпен атылатын қаруларды қолданудың жалпы негіздері Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтама...

Толық оқу »

101-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде ұсталған немесе күзетпен ұсталған адамдардың шағымдарын жіберу тәртібі

101-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде ұсталған немесе күзетпен ұсталған адамдардың шағымдарын жіберу тәртібі1 алдын ала қамау орында...

Толық оқу »

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау бойынша сот қаулысын күшін жою туралы

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Шағым күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау бойынша сот қаулысын күшін жою туралыТүркістан облыстық сотының қылмыстық і...

Толық оқу »

29-бап. Әйелдерді күзетте ұстаудың ерекшеліктері Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

29-бап. Әйелдерді күзетте ұстаудың ерекшеліктері Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары ту...

Толық оқу »

Тергеушінің күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатының материалдарына қолхат көшірмесін қоса тіркеу туралы ӨТІНІШХАТ

Тергеушінің күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатының материалдарына қолхат көшірмесін қоса тіркеу туралы ӨТІНІШХАТАлматы қаласының маманд...

Толық оқу »

43-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін қолдану Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

43-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін қолдану Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттар...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 414-бабына түсініктеме. Көрінеу заңсыз ұстап алу, күзетпен ұстау немесе күзетпен ұстауда болу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 414-бабына түсініктеме. Көрінеу заңсыз ұстап алу, күзетпен ұстау немесе күзетпен ұстауда болу1. Көрінеу заңсыз ұстап алу —бес мың а...

Толық оқу »