Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды

Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотының 2018 жылғы 24 мамырдағы үкімімен: К. бұрын 2010 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 178-бабы екінші бөлігінің «а, г» тармақтарымен 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, сот қаулысымен 2012 жылы 3 сәуірде жазасын өтеуден 1 жыл 4 ай 30 күнге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, - ҚК-нің 192-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағымен 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге сотталған. ҚК-нің 14-бабының бірінші бөлігі негізінде К.-нің әрекетінде қылмыстардың қайталануы танылған. К., С. және Ш. ортақ түрде жәбірленушілер Б.-ның пайдасына 2 200 000 теңге, Т.-ның пайдасына 32 500 теңге материалдық залал, мемлекет кірісіне 22 325 теңге мемлекеттік баж салығы, Ж., К., С. және Ш.-дан ортақ түрде жәбірленуші Қ.-нің пайдасына 900 000 теңге материалдық залал, мемлекет кірісіне 9 000 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілген. Сотта анықталғандай, К., С. және Ш., тергеумен анықталмаған өздерінің «Нурик» және «Нұрлан» есімді сыбайластарымен, 2017 жылғы 10 желтоқсан түнгі сағат 03:30-дар шамасында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Қайыңды ауылының маңында орналасқан «Түйе баз» мал жайылымындағы шаруа қожалығына барып, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай тудыру үшін, түнгі уақытта беттеріне бетперде киіп, жәбірленуші Т. тұрып жатқан үйге заңсыз баса көктеп кіріп, қару ретінде, салмағы 2 кг. 905 гр. болған кірпіш тәріздес, қатты зат - малдардың жалағымен қаруланып, соңғының өмірлік маңызды дене мүшесі - басынан соққы жасап, жеңіл дәрежеде жарақаттап, мысын басып, қарсыласпау үшін аяқ-қолдарын жіппен байлап, қарсыласқан жағдайда өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданатындықтары жөнінде қатер тудырып, жәбірленушілер Б.-ның 81 бас қойын және малшы Т.-ға тиесілі 10 000 теңге тұратын «Самсунг» ұялы телефонын, телефон ішінде болған 500 теңгелік сим картасын, 5 000 теңге тұратын, қара түсті джинсы шалбарын, 10 000 теңге тұратын құндыз бөркін, 7 000 теңге тұратын жасыл түсті әскери курткасы мен шалбарын заңсыз иемденіп, Б.-ға жалпы сомасы 2 200 000 теңгеге, Т.-ға 32 500 теңгеге материалдық залал келтірген.

Сот іс бойынша заңның талаптарын сақтай отырып, сот тергеуін жан-жақты жүргізіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жинақтаған және сот мәжілісінде тікелей зерттеліп сараланған, дәйектілігі жағынан ешбір күмән келтірмейтін нанымды дәлелдемелер жиынтығын негізге алып, К.-нің жоғарыда аталған қылмыстық әрекетті жасағаны үшін кінәлі деген тұжырымға дұрыс келген. К.-нің бұл қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кінәсі, оның кінәсін мойындап берген жауаптарымен қатар, осы іс бойынша басқа сотталғандардың, жәбірленуші Т.-ның жауаптарымен, оқиға орнына қарау жүргізу, заттарды алу мен қарау жүргізу хаттамаларымен, басқа да іс құжаттарымен толығымен дәлелденген. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жәбірленуші Т.-ның денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Мұндай жағдайда, сот К.-нің қылмыстық құқық бұзушылық әрекетіне құқықтық тұрғыдан негізді баға беріп, оны ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен дұрыс саралаған. «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 4-тармағына сәйкес сот талқылауының шегі айыптау актісін жасау кезінде тұжырымдалып тағылған айыппен шектеледі. Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән - жайлар айыптың мазмұнына енгізіледі. Сондықтан, сот айыптау актісінде көрсетілмеген, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың бар болуын үкімде белгілеп көрсетсе, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 340-бабының талаптарына сәйкес сотталушының жағдайын ауырлатады және сот талқылуының шегін бұзу болып табылады. Сондықтан үкімде көрсетілген Қ.-нің жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде танылған қылмыстардың қайталануы айыптау актісінде көрсетілмегендіктен алып тастауға жатады. ҚК-нің 55-бабының екінші бөлігіне сәйкес жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын ауыр қылмыс жасаған кезде жазаның негізгі түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің үштен екiсiнен аспауы қажет. Сондықтан тағайындалған жаза төмендетілуге жатады. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысының 1-тармағына сәйкес соттар қылмыстық істерді қарау кезінде қойылған азаматтық талаптарды материалдық және процестік заңдардың талаптарын сақтай отырып дұрыс шешуді қамтамасыз етулері тиіс. Алайда сот іс бойынша азаматтық талап қоюға қатысты шешім қабылдағанда заң бұзушылықтарға жол берген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған жәбірленуші Қ. қылмыстық құқық бұзушылықтың нәтижесінде өзіне келтірілген 2 300 000 теңге материалдық залалды өндіру туралы талап арыз берген. Іс бойынша жәбірленуші Қ. тиесілі ірі қара малдарын сотталғандар Ш., С. және Ж.-ның қарақшылық жолмен жымқырғандары анықталып, олар сот үкімімен ҚК-нің 192-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында К.-нің бұл қылмыс оқиғасына қатысы анықталмаған, ол бойынша айып мүлдем тағылмаған. Бұған қарамай, сот жәбірленуші Қ.-ге келтірілген материалдық залалдың орнын толтыру үшін 900 000 теңге және құны 250 000 теңге тұратын 2 бас сиырдың қайтарылғанын ескере отырып, оның пайдасына материалдық залалдың қалған бөлігі 900 000 теңгені ортақ түрде сотталғандар Ж., С. және Ш.-мен қатар К.-ден заңсыз өндірген. Сондықтан, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесі бойынша жәбірленуші Қ.-нің пайдасына өндірілген 900 000 теңге материалдық залал және мемлекет кірісіне өндірілген 9 000 теңге мемлекеттік баж ортақ түрде тек қана сотталғандар Ж., С. және Ш.-дан ғана өндірілуге жатады деп есептейді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған К.-ге қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, бірінші сатыдағы сот үкімінен К.-нің жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде танылған қылмыстардың қайталануын алып тастады. К.-ге ҚК-нің 192-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағына, ҚК-нің 55-бабы екінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленуші Қ.-нің пайдасына сотталған К.-ден ортақ түрде 900 000 теңге материалдық залал және мемлекет кірісіне 9 000 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілген бөлігінің күші жойылып, сот актілерінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Сотталған К.-нің өтінішхаты ішінара қанағаттандырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңМыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайл...

Толық оқу »

Сот шартты жаза тағайындағанда, сотталғандардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлармен ғана шектеліп, қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ жәбірленушінің жаза тағайындау жөніндегі пікірін толық ескермеген

Сот шартты жаза тағайындағанда, сотталғандардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлармен ғана шектеліп, қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілік дәр...

Толық оқу »

54-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар

54-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар 1. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-...

Толық оқу »

Жаза тағайындағанда, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Жаза тағайындағанда, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларАлматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2017 жылғы 26 шілдедегі үкімімен А. бұрын сотталмаған,...

Толық оқу »

Жаза тағайындау Сот жаза тағайындағанда айыптау актісінде көрсетілмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескеріп, сотталғанның жағдайын нашарлатқан

Жаза тағайындау Сот жаза тағайындағанда айыптау актісінде көрсетілмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды ескеріп, сотталғанның жағдайын нашарлатқанМаңғ...

Толық оқу »

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңМыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар...

Толық оқу »

Жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар

Жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларМаңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016...

Толық оқу »

Жасалған қылмыстың белгісі ретінде көзделмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде ауыр қылмыс жасаған кезде жазаның мерзімі мен мөлшері жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің үштен екісінен аспауға тиіс

Жасалған қылмыстың белгісі ретінде көзделмеген қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде ауыр қылмыс жасаған кезде...

Толық оқу »

Жаза тағайындау қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың тізбесі

Жаза тағайындау қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың тізбесіБатыс Қазақстан облысы Теректі аудандық сотының 2016 жылғы 23 мамырдағы үкімімен бұрын соттал...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескерілмеген

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескерілмегенМаңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы үкімімен: Б. бұрын сотталма...